Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


Пойыздардың қозғалыс кестелерін жасаудың



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет39/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
АСУ қаз

3.1.5 Пойыздардың қозғалыс кестелерін жасаудың 
автоматтандырылған технологиялары 
Біздің елде темір жолдарда пойыздар қозғалысының кес-
телерін (ПҚК) автоматты түрде құрастырумен қырық жылдан 
астам көптеген ұйымдар айналысқан. Осы міндетті шешуге 
ең ірі үлес қосқандар ВНИИЖТ, МИИТ, ХабИИЖТ, ГВЦ МПС 
ұжымдары. Алғашқы рет практикалық мақсаттар үшін ЭЕМ-да 
құрастырылған жүк пойыздары қозғалысының кестелері авто-
блоктаумен жабдықталған Оңтүстік-Батыс жолдың учаскелерінде 
пайдаланылды. ЭЕМ-да жасалған кестелерде пойыздар қозғалысы 
көлемдерінің артуы 2-6 % құрады, учаскелік жылдамдық - 1-3 %,
көршілес жолдармен жүк пойыздарымен алмасу инженер-гра-
фистер жасаған кестелермен салыстырғанда – 3-10 % құрады. 
ПҚК-ін есептеуге арналған ақпарат тақ жəне жұп бағыттар 
үшін жеке жасалған макеттер бойынша дайындалған. 
ПҚК-сі ЭЕМ-да учаскелер мен бекеттер бойынша жүріс 
желілерін салу кезіндегі барлық технологиялық талаптарды, со-
нымен қатар, сөзсіз қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді 
ескере отырып есептелген. Алгоритм интервалы 1 мин жүк по-
йыздарының барлық ықтимал мəндерін есептеуді жəне есептел-
ген максималды мəндер жиынтығынан ең тиімдісін, қозғалыс-
тың анықталған көлемдеріне ПҚК нұсқасын таңдауды қарас-
тырды. 
Таңдалып отырған нұсқаның негізгі критерийлері келесілер: 
максималды учаскелік жылдамдық, тəуліктер кезеңдері бойынша 
қозғалыстың біркелкілігі, пойыздар техникалық бекет тер де бос 
тұрған жағдайда минималды уақыт шығындары жəне т.б. 
Есептеулер нəтижесінде пойыздардың əртүрлі категория-
лары үшін пойыз-учаскелері мен бекеттер бойынша жолау-


124
шылар жəне жүк пойыздарының кестелері басуға жіберілген 
(қозғалыс бағыттары бойынша бөлу немесе бөлусіз). Магниттік 
лентаға түпнұсқа мен кесте калькаларын сызуға арналған кесте 
құрастырғышты басқару кодтары жазылады. 
Кестенің бір парағын сызу уақыты қозғалыстың жалпы өл-
шемдеріне тəуелді 3-5 с құрайды. 
ПҚК сызуды автоматтандыру инженер-графистердің еңбек 
шы ғындарын қысқартуға, қолмен калькалауды қолданбауға, со-
нымен қатар, кестелерді жасау мерзімдерін қысқартуға мүм-
кіндік берді. 
Экономикалық бағалау бойынша, XX ғ. 70 жылдарында 
машиналық кестені енгізу тиімділігі тек қана Оңтүстік-Батыс 
жол да өткізу қабілетін жақсы пайдалану, нақты жүзеге асырыла-
тын жылдамдықты арттыру, пойыздардың жөнелтуді күтуін қыс-
қарту есебінен шамамен жылына 200 мың рубльді құрады. 
Кейін МЕО жəне Оңтүстік-Батыс темір жолының АЕО 
екі жолды ПҚК-нің жаппай машиналық есептеулері игерілді 
жəне бір жолды кестелер есептеулері басталды; графисттің ав-
томаттандырылған жұмыс орны жасалды жəне іске қосылды, 
оның көмегімен диалог режимінде кесте тұрғызушының кө-
мегімен стандартты парақтарда кестені есептеу, түзету жəне сызу 
бойынша ЭЕМ тапсырмаларын беруге болады. 
Бағдарламаларды пайдалану тəжірибесі көрсеткендей, кес-
те жасау үрдісін толық автоматтандыруға қол жеткізу мүмкін 
емес. Бұл тапсырмалардың өте жоғары нұсқалылығымен қатар, 
инженер-графистер жұмыс үрдісінде пайдаланатын бірқатар 
бейресми амалдардың болуымен байланысты. Нəтижесінде жа-
саушылар сызу жəне тираждау үшін машиналық мұрағатқа өз-
гертулер енгізе отырып, кестені қолмен жетілдіру жолымен жү-
руге мəжбүр болды.
Кейінгі жылдары МЕО қазіргі компьютерлік техника мен 
графикалық құрылғылар негізінде бірқатар жаңа технология-
лар жасады – елдің темір жол желісінде қозғалыс кестелерін 
құрастырудың орталықтандырылған жүйесі (ПҚК ОЖ). ПҚК 
автоматтандырылған есептеулерінің бөлімдері темір жолдармен 
тығыз əрекет ете отырып келесілерді қамтамасыз етеді:


125
- бөлінген полигондар шегінде ПҚК жасау үшін қажетті 
нормативті деректер базасын жүргізу; 
- жолдардан алынатын бастапқы ақпараттың форматты 
мен логикалық бақылауы жəне оны аймақтық деректер қорына 
жүктеу; 
- учаскелер бойынша ПҚК есептеу, шығыс ақпаратты дайын-
дау жəне рəсімдеу. 
ПҚК АЖ аймақтық бөлімдері қажетті ақпаратпен алмасып, 
оны МЕО бөліміне жіберуі тиіс. 
МЕО бөлімі, сонымен қоса, деректердің желілік қорын жүр-
гізіп, ПҚК автоматтандырылған есептеу технологияларын жетіл-
діру бойынша ғылыми-əдістемелік жұмыс өткізіп отыруы тиіс. 
ПҚК АЖ жүйесінің барлық бөлімдері жолдар өтінімдері бой-
ынша жылдың кез-келген кезеңінде кестелерді түзетуді орындауға 
міндетті. 
ПҚК автоматты түрде құрастыру үшін МЕО-да MS DOS 3.3 
немесе басқа операциялық жүйенің басқаруымен қызмет ететін 
IBM PC/AT (жəне онымен үйлесетін) типті дербес ЭЕМ арналған 
бағдарламалар кешені жасалған (дербес компьютерде графистінің 
АЖО жасау). 
Графист АЖО бағдарламалар кешені келесі қызметтерді 
орын дауға мүмкіндік береді: 
- ПҚК жасауға бастапқы ақпаратты талдау жəне түзету; 
- қозғалыстың анықталған өлшемдеріне екі жолды жəне көп 
жолды учаскелер үшін ПҚК есептеулерін жүргізу; 
- ағынды орналастыру режимінде кестені жасау мен түзетуді 
жүзеге асыру; 
- анықталған формалы кестелер парақтарын, диспетчерлік 
парақтар, калькаларды құрастыру, түзету жəне сызу; 
- кесте көрсеткіштерін есептеу; 
- шығыс құжаттарды құрастыру жəне басу жəне еркін учаске-
лер бойынша көрсеткіштерді есептеу. 
ПҚК жасауға арналған бастапқы ақпарат пойыз-ағындары ның 
техникалық жағдайын, құрылымын сипаттайтын форма-ведом-
стволар жиынтығынан жəне сəйкестендіру үшін кодтар берілетін 
учаскелер бойынша пойыздарды орналастыруға қойылатын та-


126
лаптардан тұрады. Учаскелер бойынша ақпарат жиынтығы ПҚК 
деректер қорын құрастырады. 
Графисттің АЖО деректер қорымен жұмыс жасай отырып, 
технологтың келесідей мүмкіндіктері болады: 
- ақпаратты енгізу, қарау, түзету, жою; 
- учаскелерді түрлендіруді жүзеге асыру: бірнеше учаскелер ді 
тұтас біріктіру, бір учаскені бірнешеге бөлу, жеке пунктіні енгізу 
немесе жою; 
- ведомстволар түрінде бастапқы ақпарат формаларын басу; 
- учаскелер бойынша ақпарат алу, ақпаратты көшіру, сұрыптау. 
ПҚК есептеу екі жолды, сонымен қатар, бір жолды желілерде 
де орындалады. 3.4 суретте бір жолды аралық бойынша пойыз-
дарды өткізудің төрт принципті сұлбалары ұсынылған.

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау