Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


3.1.6 Жүктер тасымалдарын жоспарлаудың



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет41/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
АСУ қаз

131
3.1.6 Жүктер тасымалдарын жоспарлаудың 
автоматтандырылған технологиясы 
Жүк тасымалдары саласындағы компьютерлік технология-
ларды жүзеге асыру кезеңдерінің бірі 1998 ж. фирмалық көліктік 
қызметтің автоматтандырылған кешенді жүйесінің (ФКҚАКЖ) 
қолданысқа енгізілуі болды. 
ФКҚАКЖ-нің мақсаты бүгінгі күнгі есептеуіш техника-
ны, жобалаудың тиімді əдістерін пайдалану жəне саланы ақпа-
раттандырудың бірыңғай саясатымен сəйкес ақпараттық-басқару 
жүйелерді енгізу негізінде теміржол көлігі клиенттерінің талап-
тарының орындалуының ақпараттық-технологиялық қамтама-
сыз дығы болып табылады. 
Ақпараттандыру нысандары фирмалық көліктік қызмет көр-
сету жүйесінің (ФКҚЖ) қызмет етуін қамтамасыз ететін бөлім-
шелер мен құрылымдар болып табылады. 
ФКҚАКЖ келесілер үшін деректерді дайындау, енгізу жəне 
жіберу құралдары кіреді: 
- автоматтандырылған режимде жүк тасымалына сұраныстар 
құрастыру
- электронды тасымалдау құжаты жəне оған ілесетін хабар-
ларды құрастыру; 
- электронды алмасуды пайдалану арқылы ФКҚЖ құжат-
тары мен хабарларының қолданыстағы автоматтандырылған жү-
йелерге қатынауы; 
- машиналық тасымалдағышта тіркей отырып жəне құрыл-
ғыға көрсету мен басуды беру мүмкіндігімен барлық жіберілетін 
хабарларды есепке алу, мұрағаттау мен бақылау. 
ФКҚАКЖ-де жүзеге асырылған негізгі принциптер келесілер: 
- фирмалық көліктік қызмет көрсету қызметтерін орындауға 
бейімдеу; 

тасымалдау құжаттарын қағазсыз рəсімдеу жəне орнын 
ауыс тыру технологиясын пайдалану; 
- жүк иелерінің электронды жүйелерімен автоматтан ды рыл-
ған əрекет ету; 
- заңды жəне құқықтық мəселелерді шешу, оның ішінде, элек-
тронды құжаттарға заңды мəртебе беру; 


132
- бірыңғай технологиялық шешімдер жəне стандартты бағ-
дар ламалық құралдар негізінде технологияларды бірыңғайлау; 

ФКҚЖ ақпаратын желілік деңгейдегі деректер банкіне 
шоғырландыру;

басқарудың жол деңгейі үшін «желілік» банк фрагменті 
ақпаратын нақтылау; 
- сақтау мерзімдерін ескере отырып, электронды мұрағаттар 
жасау; 
- ақпаратты заңсыз қатынаудан қорғауды қамтамасыз ету; 
- бар құралдар мен сызықтық жол жəне желілік деңгейлерде 
деректерді жіберу жүйелерін максималды пайдалану; 
- бар ақпараттық-технологиялық шешімдер мен бағдарлама-
лық құралдарды пайдалану. 
ФКҚАКЖ-не келесі ақпараттық ішкі жүйелер кіреді: 
- нормативті-анықтамалықтық,
- маркетингтік,
- тасымалдардың келісілген талаптары бойынша шарттар жа-
сау, 
- өтінімдер жинау жəне жүктер тасымалдарын жоспарлау, 
- тасымалдау құжаттары мен кассалық-қаржылық операция-
ларды рəсімдеу, 
- тасымалдау талаптарының сақталуын бақылау. 
Нормативті-анықтамалық ішкі жүйе ФКҚЖ қызметінің 
барлық аспектілерін қамтамасыз етуге арналған нормативті-
анық
тамалық құжаттар деректерінің банкі болып табылады 
(теміржол көлігінің субъектілері, қызметтер пайдаланушыла-
ры, ҚР əкімшіліктік-аумақтық бөлінуі, жүктер мен жылжымалы 
құрам түрлерінің номенклатурасы жəне т.б.) жəне классифика-
торлар, тізімдер мен сөздіктерден тұрады. 
Маркетингтік ішкі жүйе ФКҚЖ-нің барлық құрылымдық 
бөлімшелерінің ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді жəне 
мін деттердің үш кешенін шешеді: 
- көлік қызметтерін өткізу нарығы, оның даму болжамы, со-
нымен қатар, клиентура қажеттіліктерін зерттеу бойынша дерек-
тер қорларының жинау жəне автоматтандыру жүйесін жасау; 


133
- жүк тасымалымен байланысты жəне барлық ішкі жүйелер 
пайдаланатын нормативті-техникалық құжаттаманың деректер 
қорын қолдау; 
- жасалған шарттардың орындалуын талдау. 
Шарттарды жасаудың ішкі жүйесі келесілерді қамтамасыз 
етеді: 
- клиент тапсырыс берген қызметтердің шарттық талаптарын 
құжаттық рəсімдеу, оның орындалуы жүйемен кепілдендіріледі; 
- клиент тапсырыс берген қызметтердің клиент анықтаған 
мерзімдерде кепілді орындалу мүмкіндіктерін ФКҚЖ-нің барлық 
қатысушыларымен келісу. 
Өтінімдерді жинау жəне жүктер тасымалдарын жоспар 
-
лаудың ішкі жүйесі келесі қызметтерді жүзеге асыруға арнал-
ған: 
- клиентке ыңғайлы кез-келген орында өтінішті қабылдау 
жəне рəсімдеу; 
- ФКҚЖ-нің барлық деңгейлерінде тапсырыстар деректерінің 
базасын құрастыру; 
- ФКҚЖ субъектілері арасында əрбір өтінімді орындау талап-
тарын жедел келісу; 
- клиент алдындағы міндеттемелердің кепілді орындалуын 
ескере отырып, тасымалдар жоспарларын құрастыру. 
Тасымалдау құжаттары мен кассалық-қаржылық операция-
ларды рəсімдеудің ішкі жүйесі қамтамасыз етеді: 
- тасымалға электронды жүкқұжат құрастыру жəне оны басып 
шығару; 
- тасымалдар жоспарының, тыйымдар, клиентпен қаржылық 
есеп-айырысудың болуын тексеруді қосқанда, станцияға жүкқұ-
жатты (электронды жүкқұжат) визалау жəне жіберу; 
- өткізу төлемін, қосымша қызметтерді бағалау, клиентке 
анық тама мен төлем құжаттарын құрастыру; 
- орталықтандырылмаған клиентпен есеп-айырысулар дерек-
терінің базасын жүргізу, төлемнің түсуін бақылау; 
- есепке алу жəне есептік деректер базаларында тиеу нəти-
желерін тіркеу жəне ақпаратты жол деңгейі жүйелеріне жіберу 
жəне т.б.
Тасымал талаптарының сақталуын бақылаудың ішкі жүйесі 
келесілер үшін арналған: 


134
- Қазақстан жəне ТМД елдері жолдарында жылжымалы құрам 
иесі мен оның жағдайын (бос/жүк тиелген) көрсете отырып, жүк-
терді, контейнерлерді, вагондар мен пойыздарды дислокациялау 
туралы ақпарат ұсыну; 
- Қазақстан мен ТМД елдері жолдарынан жүктер, контей-
нерлер, вагондар мен пойыздардың өту тарихы туралы деректер 
құрастыру; 
- тасымалға қатысушыларға жүктер, контейнерлер, вагондар 
мен пойыздардың болашақтағы жүрісі немесе тасымалдың аяқ-
талғандығы туралы болжамдар беру жəне хабарлау; 
- диспетчерлік аппаратқа жүру жолындағы кідірістерді жою 
бойынша ұсыныстар жасау. 
ФКҚАКЖ клиенттердің əрқайсысына электронды төлқұжат 
құрастыруға жəне маңызды күйде сақтауға мүмкіндік береді, 
онда күллі қажетті аналитикалық ақпарат бар: тапсырушы көлік 
қызметтерінің қай түрлерін пайдаланған (немесе пайдалану-
ды қалайды), жүк операцияларын орындауға арналған өзіндік 
материалдық базаның құрамы, оның бəсекеге қабілеттілік деңгейі 
жəне басқа да мəліметтер.
ФКҚАКЖ қызметтік дамытудың қол жеткізілген деңгейі жүк 
жөнелтілгенге дейін теміржол көлігінің нақты пайдаланушысы-
мен төмендегілерді қосқанда, өзара қатынасудың барлық талап-
тарын бақылауға мүмкіндік береді: 
- клиенттің төлеу қабілеттілігі
- тасымалға шарт жасау; 
- тасымалдың қаржылық талаптары; 
- жүктің аталмыш түрін тасымалдауға белгілі бір шектеулер 
немесе тыйымдардың болуы жəне т.б. 
Əртүрлі аналитикалық анықтамалар алу үшін, сонымен қатар, 
ФКҚЖ-де маркетингтік зерттеулер өткізу үшін экономикалық 
ақпараты бар МЕО жəне сыртқы жүйелердің ақпараттық қой ма-
ларының мəліметтері пайдаланылады. 
ФКҚАКЖ теміржол көлігіне бұрын енгізілген автоматтан-
дырылған жұмыс орындары мен ішкі жүйелерді пайдалану-
мен қатар, ФКҚЖ пайдаланушылары мен сыртқы электронды 
ақпараттық базаларға бейімделген жаңа бағдарламалық ке шен-
дерді пайдалану негізінде тұрғызылған. 


135
ФКҚЖ мамандарының жұмысын тиімді қолдау мақсатымен 
жасалған автоматтандырылған жұмыс орындарының санына 
жүктер тасымалын жоспарлау бойынша ЖТЖ АЖО автомат-
тандырылған жұмыс орны жатады. 
ЖТЖ АЖО жоспарлау бөлімі жұмысшыларының еңбегін 
автоматтандыруға арналған, олардың міндеттеріне жүктерді 
тасымалдаудың айлық жоспарларын құрастыру кіреді. ЖТЖ 
АЖО қабылданған өтінімдер жəне алдыңғы кезеңдердегі жүктер 
тасымалдарының көлемдері туралы есептік деректер негізінде, 
жол болжамы мен жүктер тасымалына орталықтың қосылуын 
ескере отырып, жүк тасымалдарының жоспарланып отырған 
көлемі туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етеді. ЖТЖ 
АЖО тағайындалуы: 
- жоспарлау бөлімдері жұмысшыларын жүк жібе 
рушінің 
жүк тасымалына берген өтінімдері негізінде жоспарланып отыр-
ған жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен қамта 
ма- 
сыз ету; 
- жоспарланып отырған айға тағайындалу жолдары мен жыл-
жымалы құрам түрлері бойынша жиынтық жоспарды құрастыру 
мүмкіндігін ұсыну; 
- орталықпен деректер алмасуды ұйымдастыру; 
- орталыққа қосылуды ескере отырып, жиынтық жоспар мен 
та ғайындалу жолдары мен жылжымалы құрам түрлері бойынша 
жоспармен жұмыс жасау мүмкіндігін ұсыну; 
- жоспарланып отырған айдағы жүктер тасымалының көлемі 
бойынша анықтамалардың кең тізімін дайындау
- жоспарлар жобалары мен бекітілген жоспарлардың экранды 
жəне баспа формаларын құрастыру; 
- ГУ-12 формалары макеттерін құрастыру жəне айлық жос-
парлау тапсырмасына mainframe-ге жіберу. 
ЖТЖ АЖО негізгі қызметтері келесілер: 
- айлық жоспарлау; 
- есептерді құрастыру; 
- анықтамалар алу; 
- жедел жоспарлау,
- бекітілген жоспар негізінде макеттер құрастыру жəне ма-
кеттерді ДИСКОР-ға жіберу. 


136
Бір айға жүктер тасымалдарын жоспарлау үрдісінде тасы-
малдар жоспарының жобасымен жəне бекітілген жоспармен не-
гізгі жұмыс орындалады (3.6 сурет). 

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау