Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет18/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

Проблемалық
 
жағдаят
 
тудыру
.
Оқушыларды оқу үдерісіне тарту және олардың 
шығармашылық ойлау деңгейін жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі – сабақта 
проблемалық жағдаят тудыру, оның мүмкін шешімдерін іздеу және оңтайлы жауабын табу 
болып табылады. Оқушылар салыстыру, талдау, сәйкестендіру, жинақтау, бағалау, 
жалпылама жасау сияқты жоғары деңгейде ойлау сатыларынан өтіп, білімді жаттанды 
немесе қайталау арқылы емес, шығармашылық жолмен игеруге мүмкіндік алады. 
Мұғалім оқушылармен пікір алмасу арқылы талқылау ұйымдастырып, мәселенің 
шешімін табуға бағыттайды. Бұл – оқушылардың шығармашылық ойлау дағдысын 
дамытатын тиімді тәсілдердің бірі. Сабақта қарама-қайшы келетін пікірлер арқылы 
шиеленіс тудырып, оны кішкене бөліктерге жіктеп шешу арқылы нәтижеге қол жеткізу оқу 
үдерісінің тиімді болуына әсерін тигізеді. Себебі оқушының дұрыс жауапты білмеуінің өзі 
оны белсенділік танытуға итермелеп, жаңа білімге ұмтылысын арттырады, танымдық 
үдерісті күшейтеді.
Проблемалық жағдаят оқушыны белсенді танымдық ізденіске тартады. Оқушыны 
проблемалық жағдаятқа жолықтыру оны қарама-қайшылыққа итермелеуден басталады. 
Физика сабақтарында проблемалық жағдаят тудыру үшін қарама-қайшылықтың келесі 
түрлерін қолдануға болады: 
-
Оқушының өз тәжірибесі мен ғылыми білімнің арасындағы қайшылық; 
-
Танымдық үдеріс қайшылығы, яғни бұрынғы білім жүйесі мен жаңа білімдердің 
арасындағы қайшылық; 
-
Объективті шындықтың өзіндік қайшылықтары. 
Жоба
 
әдісі
.
Физика сабағында тиімді оқуды ұйымдастыру жолдарының бірі – жоба 
әдісін қолдану. Бұл әдіс оқушылардың қандай да бір мәселені өздігінен зерделеп, зерттеу 
нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу-танымдық іс-әрекеттерінің 
жиынтығын қамтиды. Жоба жұмысын орындау барысында оқушылардың ақпараттық, 
коммуникативтік құзыреттіліктері, күрделі мәселелерді шешу жолындаға ізденушілік 
дағдылар және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дами түседі. Сонымен қатар 
бұл тәсіл пәнаралық байланысты нығайтып, екі немесе одан да көп пәндер бойынша 
кіріктірілген сабақ ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба әдісін қолдану сабақта 
мұғалімнің қызметінің өзгеруіне де әкеледі: мұғалім дайын білімді берушіден өз 
оқушыларының ізденістік, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы 
танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға айналады. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс 
орындалатын жоба жұмысын орындау барысында оқушылардың зерттеушілік дағдылары 
жетіліп, ішкі уәжі арта түседі. Оқушылар білімді өздігінен ізденіп, оларды талдап, дамыту 
арқылы қорытынды жасап, жаңа нәтиже алуды және оны жариялауды жүзеге асырады. 
Жоба жұмысы әдісі оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағытталған; жоба жұмысын 
оқушылар белгіленген уақыт аралығында жеке, жұппен немесе топпен орындауы мүмкін, 
сондықтан ол бірлескен оқу тәсілімен толық үндестік табады.
Физика пәнінде жоба әдісін қолдану оқушылардың ғылыми танымдық белсенділігін 
күшейтіп, пәнаралық байланыс орнату арқылы физиканы оқытудың табыстылығын 
арттырады.
Физика сабағында жоба жұмысын орындау физикалық заңдар мен заңдылықтарды 
зерттеуге және тексеруге, негізгі ұғымдар мен түсініктерді нақтылауға және дамытуға, 
физикалық шамаларды өлшеу дағдыларын қалыптастыруға, физикалық құбылыстармен 
процестерді басқару мүмкіндігін көруге, зерттелетін шынайы құбылыстар мен процесстерді 
бейнелейтін физикалық аспаптар, құралдар мен құрылғыларды қолдана білуге, табиғи 
құбылыстарды танып білу үшін физикалық тәжірибенің мәнін түсінуге, теориялық және 
тәжірибелік білімдердің үндестігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Жоба тақырыптарын анықтауда мұғалім мен оқушылардың біліктілігі және 
шығармашылығы көрініс табады. Мұғалім жоба жұмыстарына оқу бағдарламасы ұсынатын 


23 
тақырыптармен қатар өз қалауы бойынша өткен тараулар бойынша тақырыптарды алуы да 
мүмкін. 
Жоба жұмыстардың түрлері: зерттеушілік жоба, ақпараттық жоба, шығармашылық 
жоба, рөлдік ойын жабасы, т.с.с. Ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді
шағын
(
бір сабақ, 
бір немесе бірнеше апта көлемінде), 
орта
 
мерзімді
(бір немесе бірнеше ай көлемінде), 
ұзақ
 
мерзімді
жоба (жыл бойы) болуы мүмкін.
Жоба әдісін қолдануға қатысты негізгі талаптар: 
-
әртүрлі пәндік салалар бойынша кіріктірілген білімдерді және зерттеушілік 
ізденісті қажет ететін проблемалық мәселенің болуы;
-
күтілетін нәтиженің тәжірибелік және танымдық маңызды болуы;
-
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерделеу әрекеттерінің жүйелі болуы;
-
жоба жұмысының мазмұндық құрылымының анық болуы; 
-
зерттеу әдістерінің қолданылуы. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау