Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет16/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

Физикалық
 
есеп
физика заңдарының негізінде логикалық тұжырым, математикалық 
амалдар және эксперимент жасау арқылы шешілетін қандай да бір мәселе болып табылады. 
Есеп шығару оқушылардың физикалық ойлауын дамытып, теориялық білімін тәжірибе 
жүзінде қолдану дағдыларын дамытады. Есеп шығару барысында оқушылардың білімге 
қызығушылығы артып, өз бетінше талдау, жалпылау дағдылары дамиды, меңгерген 
білімдері жүйеленіп, тереңдей түседі. Есеп шығару физиканы оқып-үйренудің тиімді 
жолдарының бірі болып саналады. Физикалық есептер сабақта проблемалық жағдаяттар 
туындатуға, жаңа білімді жеткізуге, практикалық білік, дағдыларды қалыптастыруға, 
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Есептер сабақтың 
құрамдас бөлігі және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ыңғайлы құралы болып 
табылады. 
Оқыту мен оқу өзара тығыз байланысты үдеріс. Мұғалімдер оқушылардың қалай 
оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, 
олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғұрлым арта түспек. Ауқымды зерттеу 
жүргізу арқылы оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдіс-тәсіл ретінде төмендегі әдіс-
тәсілдер анықталды: 


21 
-
белсенді оқу; 
-
кері байланыс; 
-
сенімін нығайту (мысалы, оқушының өзіне деген, өз мүмкіндігіне деген сенімін 
нығайту үшін мадақтауды пайдалану, қолдау көрсету); 
-
оқыту сапасы (мысалы, көптеген саралау жаттығуларын жоспарлау және іске асыру). 
Физика сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық әрекетін күшейту олардың 
шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушылар жоғары жетістіктерге жетуі 
үшін мұғалімдер сабақта белсенді оқуды қолдайтын оқыту тәсілдерін қолданады. Оқу 
үдерісінде оқушының белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдану 
оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту құралы болып табылады.
Диалог
.
Қазіргі сабақта қолданылатын белсенді оқыту – бұл, ең алдымен, диалог 
арқылы оқыту (сұхбаттасу), мұнда мұғалім мен оқушылардың өзара бірігіп әрекет етуі 
жүзеге асырылады.
Бұл әрекеттестіктің ерекшелігі: 
-
оқу үдерісіне қатысты тұлғалардың (мұғалім, оқушы) бір мағыналық кеңістікте 
болуы; 
-
күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни 
бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылуы; 
-
тапсырмаларды орындауға қажетті әдіс-тәсілдерді таңдауда өзара келісімнің 
болуы. 
Танымдық үдерісте оқушылардың біріккен іс-әрекеттері әрбір оқушының өз үлесін 
қосу арқылы бірігіп жаңа білімді игеруін білдіреді. Мұнда олар бір-біріне қолдау көрсету 
арқылы өзінің білгенімен, жаңа идеяларымен, тәжірибелерімен бөліседі, осылайша өзінің 
танымдық әрекетін де дамытады. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау