Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Іс-әрекетті зерттеудің басқа зерттеу



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет57/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

4.1 Іс-әрекетті зерттеудің басқа зерттеу 
әдіснамаларынан ерекшелігі қандай?
Біріншіден, іс-әрекетті зерттеу тәжірибені жетілдіруге 
бағытталған білімді қалыптастырады.
Іс-әрекетті зерттеудің 
басты мақсаты - әлемді өзгертудің жолдары туралы түсінік қалып-
тастыру (Carr & Kemmis, 1986; Schon, 1983). Дәстүрлі зерттеулер-
ден айырмашылығы, іс-әрекетті зерттеулер күнделікті тәжірибені 
сынға алу арқылы күнделікті өмірлік мәселелерді шешуге бағыт-
талған (McNiff & Whitehead, 2002, 20 бет). МакНиффтің (McNiff, 
2016) пікірінше, білім берудің аясы кең және біздің ақыл-ойымыз-
ды кеңейтетін кез-келген өзара әрекетті білім көзі деп қарастыруға 
болады. Сондықтан, білім қалыптастыруда, ең алдымен, белгілі бір 
контекстің тарихи және саяси факторлары, сондай-ақ күнделікті 
өзара әлеуметтік әрекеттестігі негізге алынады.
Екіншіден, іс-әрекетті зерттеу зерттеушінің өзіндік 
тәжірибесін бақылауға және бағалауға мүмкіндік береді.
Атал-
мыш зерттеу әдіснамасының тағы бір ерекшелігі – ол зерттеушіге 
өз тәжірибесін бақылауға және бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай 
зерттеуді әдісін тек практик мамандар ғана (мысалы, мектеп ұстаз-
дары) іске асыруға құқылы деген түсінік қалыптасқан (Wilson, 2009; 
Kemmis et al., 2014). Жоғары оқу орындарындағы зерттеушілерге 
мектепке барып іс-әрекетті зерттеу әдіснамасын қолдануға бел-
гілі бір кедергілер тудыруы мүмкін, өйткені олар сыртқы ұйымнан 
келген зерттеушілер ретінде қарастырылады. Алайда, зерттеулерге 
сүйенсек, бұл мәселені шешу үшін «практик маман» деген түсінікті 
нақтылауымыз қажет. Іс-әрекетті зерттеудегі практик маман – өзінің 
тәжірибесін зерттейтін адам ретінде қарастырыла алады. Демек, сы-
ртқы зерттеушілер мектептегі ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақ-
сатында өзіндік стратегияларын әзірлейтін және бағалайтын мағы-
надағы практик ретінде қарастырыла алады деген сөз (Elliott, 1993; 
Losito et al., 1998; McTaggart, 2002 in Bolat, 2013). МакНифф (McNiff, 
2016) оны «практиктер жетекшілік ететін зерттеу» деп атайды: 


97
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау