Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


[…] жоғары оқу орынынан келген зерттеушілер өздерін басқалармен



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет58/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

[…] жоғары оқу орынынан келген зерттеушілер өздерін басқалармен 
теңдей «практик мамандар» деп көрулері керек. Іс-әрекет негізінде 
туындаған білім академиялық және бәріне бірдей жалпыланатын білім 
ретінде, ал практикаға негізделген теория концептуалды теориямен 
бір дәрежеде қабылдануы керек (McNiff, 2016, 32 бет).
МакНифф пен Уайтхед (McNiff & Whitehead, 2002, 15 бет) 
іс-әрекетті зерттеу нақты қадамдардың жиынтығы емес «тәжіри-
беден үйрену процесі» деген ойды алдыға тартады. Алайда, Элли-
оттың (Elliott, 1991, 53 бет) пікірінше, іс-әрекетті зерттеу практик 
маманның өз тәжірибесін өзгертуге деген «құлшынысынан» бастау 
алу керек.
Үшіншіден, іс-әрекетті зерттеу үздіксіз рефлексияны 
талап етеді.
Өз әрекетіне ұдайы рефлексия жасау, ой жүгірту, 
іс-әрекетті зерттеудің маңызды бөлігі болып табылады, өйткені ол 
зерттеудің негізділігі мен әдебіне әсер етеді (Kemmis, 1985; Herr 
& Anderson, 2005). Рефлексия дегеніміз - өзінің іс-әрекетін, ой-
лары мен құндылықтарын талдау арқылы қорытынды жасау про-
цесі (Kemmis, 1985; Mezirow, 1990), сол арқылы зерттеуші өзінің 
әрекетінен білім жасай алады (Schon, 1983). Нәтижесінде іс-әре-
кетті зерттеулер ескі мен жаңа тәжірибелердің және ойлаудың 
қақтығысына себеп болуы мүмкін (Elliott, 1991; Kemmis, 1985; 
Whyte et al., 1991). Бұл дегеніміз зерттеушілерден өздерінің ой-
лары мен әрекеттерін ұдайы талдап отыруды қажет етеді, өйткені 
олар бір-біріне сәйкес болуы керек (Kemmis, 1985; Elliott, 1991; 
Greenwood & Levin, 2006). Бұл сонымен қатар зерттеу үдерісінің 
іске асуы мен нәтижесіне жүйелі түрде рефлексия жасауды та-
лап ететін әдеп мәселесі болып саналады (Elliott, 1991). Дәлірек 
айтсақ, зерттеуші институционалды теорияларды зерттеуге қа-
тысушыларға (мысалы, мектеп ұстаздарына) таңудан сақ болуы 
керек (Carr & Kemmis, 1986; Elliott, 1991), өйткені бұл қоғамды 
өзін-өзі сынға алу арқылы өзгертуге тырысатын зерттеулердің, со-
ның ішінде сыни қатысушылық сипатына кедергі келтіруі мүмкін 
(Carr & Kemmis, 1986).


98
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау