1. Әлеуметтендіру жүйесіндегі жеке адам туралы түсінік
«Әлеуметтендірудің міндеті - қоғамда жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу» деген Э. Дюркгейм мен Т. Парсонстың теориялары көптеген зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп, педагогикалық терминдер сөздігінде «әлеуметтендіру - бұл отбасымен және қоғаммен қарым-қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипаттама берiледi.
Бүгінде әлеуметтену процесінің әрбір кезеңіндегі үш топтың міндеттері төмендегідей анықталған:
1.Мәдени-жаратылыстану міндеті - бұл дене және жыныстық дамудың белгілі бір деңгейге жетуiмен сипатталады;
2.Әлеуметтік-мәдени міндеті - танымдық, адамгершілік-моральдық, құндылық қасиеттердiң әртүрлі жастағы адамдарға тән болуымен сипатталады.
Адамның әлеуметтік-мәдени міндеті:
а) институттар мен басқа да жоғары оқу орнындағы тәрбиелік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;
ә) ол адамның өз практикасынан, өмірдегі көрген-білгенінен тұрады.
3.Әлеуметтік-психологиялық міндеті- жеке адамның өзін-өзі танып білуi немес өз идеяларын болашақта жүзеге асыруға қабілетті бола білуi арқылы анықталады.
Жеке адам туралы ой-пiкiрлер ерте кездегi шығыс ғұламалары, атап айтқанда М. Қашғари, Қайқаус, Қ. Иассауи және т.б. еңбектерiнде кеңiнен орын алған. Мәселен, Қайқаус өзiнiң «Қабуснама» атты еңбегiнде: «Адамдықты бiлдiретiн үш қасиет бар, соның бiрi - жәуанмәртлiк. Жәуәнмәрт болам десең көзiңдi жаман қараудан, тiлiңдi жаман сөзден, қолыңды жаман iстен сақта» деп көрсетедi.
Баланың дамуы күрделi қайшылықтары бар процесс болып табылады. Бұған негiзгi педагогикалық үш фактор әсер етедi.
1.Тұқымқуалаушылық
2. Орта
3. Тәрбие.
1. Ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы: балаға ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсi, көздерiнiң, терiлерiнiң түсi ауыса алады. Осының бәрi туа бiткен дене ерекшелiктерi деп аталады. И.П.Павловтың iлiмiне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа бiткен қасиеттермен туылады. Олар: тамақтану, қорғану, бағдарлау, тiлдiң дамуы, тiк жүру және т.б. Бұл қасиеттер адамдармен араласу барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым-қатынаста болмаса, ол жүре де, сөйлей де алмайды.
1.Адамның дамуына орта ықпал етедi. Олар: географиялық орта, үй-iшi ортасы, әлеуметтiк орта және ұжымдық орта болып бөлiнедi. Мысалы солтүстiк аймақта өмiр сүретiн адамдар мен оңтүстiкте өмiр сүретiн адамдардың мiнез-құлқы мен әрекетiнде өзгешелiктер кездеседi. Өйткенi олар өмiр сүретiн ортаның температурасы мен табиғаты олардың болмысына өз ықпалын тигiзедi.
Отбасының өзi ондағы баланың қалыптасуына әртүрлi әсер етедi. Тiптi бiрдей ортадағы әртүрлi отбасыларында тәрбие алған балалар әртүрлi болады. Оған отбасының мынадай белгiлерi әсерiн тигiзедi:
- отбасының құрамы;
- отбасындағы адамдардың жас мөлшерi мен баланың отбасындағы туылу реті (тұңғышы, кенжесі секілді);
- отбасындағы әлеуметтiк-материалдық жағдай;
- отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қатынас;
- отбасында қолданылатын салт-дәстүрлер.
Достарыңызбен бөлісу: |