94
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Іс-әрекетті зерттеу әдіснамасының мағынасы ауқымды және
зерттеудің рөліне, табиғатына және мақсатына қарай әртүрлі
түсінікке ие бола алады (Somekh, 1995; Reason & Bradbury, 2006;
Wilson, 2009). Дегенмен, ортақ қалыптасқан түсініктемесі, іс-әре-
кетті зерттеу – ол, тәжірибені жетілдіру мақсатында зерттеушінің
өз әрекетін жүйелі түрде зерттеуі деп анықталады (Elliott, 1991;
McNiff, 2016). Іс-әрекетті зерттеу жөнінде алғашқы жазбалар, 1926
жылы баспаға шыққан, Бурдетт Рос Букингемнің «Ұстаздарға ар-
налған зерттеу» («Research for teachers») атты кітабында сөз етіледі
(Wilson & Abibullayeva, 2017). XX ғасырдың орта шенінде, амери-
кандық ғалымдар іс-әрекетті зерттеу
жөніндегі жазбалар бизне-
стегі, соның ішінде мекемелердің ішкі жағдайы мен үдерістерін
жетілдіру мен өзгертудегі маңызын алға тартады (мысалы, Lewin,
1946; Argyris & Schön, 1978). Аталмыш зерттеушілердің ішінде
Курт Левиннің (Lewin, 1946) іс-әрекетті зерттеуді дамытуға қосқан
үлесін атап өту керек. Левин, дәстүрлі зерттеуді сынға ала отырып,
қоғамды дамыту мен алға бастыруға бағытталған зерттеу әдісна-
маларын, соның ішінде, іс-әрекетті зерттеуге назар аударуға шақы-
рады: «Іс-әрекетті зерттеуді қоғамдық әрекетке қажетті қоғамдық
менеджмент немесе қоғамдық инженерияға бағытталған зерттеу
деп сипаттауға болады. Іс-әрекетті зерттеу […] қоғамдық әрекет-
тің түрлі формалары мен ықпалын салыстырмалы түрде түсінуге
және қоғамды әрекетке итермелеуге бағытталған.
Кітап басып
шығарудан басқа ештеңеге қол жеткізе алмайтын зерттеу – шала
зерттеу болып табылады» (Lewin, 1946, 35 бет).
Іс-әрекетті зерттеу білім беру саласында да үлкен қолданысқа
ие. Көптеген халықаралық зерттеулерде, іс-әрекетті зерттеу, мек-
тептердегі ұстаздардың өз практикасын зерттеуі арқылы үздіксіз
кәсіби даму мен білім беруді жетілдіру құралы ретінде қарастыры-
лады (мысалы, Stenhouse, 1975; Elliott, 1991; Somekh, 1995). Атап
айтқанда, британдық ойшыл, Лоренс Стенхаус,
ұстаздардың өз
тәжірибесін зерттеуін аса жоғары бағалаған. Оның ойынша: «[…]
оқу бағдарламаларын зерттеу мен оларды дамыту ұстаздардың құ-
зыретінде болу керек […] және мектепке
енгізілетін әрбір жаңа
саясат немесе ұсыныс ұстаздардың бағалауынан, қолдауынан және
бейімдеуінен кейін ғана тәжірибеге енгізілу керек» (Stenhouse,
1975, 142-143 беттер).
95
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Білім беру саласындағы іс-әрекетті зерттеудің дамуына үлкен
ықпал еткен, профессор Джон Эллиоттың пайымдауынша, іс-әре-
кетті зерттеу «әлеуметтік жағдайды зерттеу арқылы оның ішінде
орын алып жатқан іс-әрекеттің сапасын арттыру» мақсатында жүр-
гізіледі (Elliott, 1991, 69 бет). Білім беру саласына өзгеріс енгізуде-
гі бағалау мен жазалау мәдениетіне негізделген технократияның
артуы, қоғамда дәстүрлі түсініктерге қарама – қайшы кәсіби мә-
дениеттің, яғни іс-әрекетті зерттеудің пайда болуына алып келді.
Іс-әрекетті зерттеу дәстүрлі көзқарасқа қарсылық білдіріп қана қою
үшін емес, ұстаздар мен басқа да практик мамандарға өз тәжіри-
бесін трансформациялауға мүмкіндік берді (Elliott, 1991, 49 бет).
Дегенмен, қоғамда іс-әрекетті зерттеуге күмәнмен қарайтын топ-
тар да аз емес және оған бірнеше себептер болуы мүмкін. Бірінші-
ден, көп жағдайда аталмыш зерттеу әдіснамасы тәжірибені жетіл-
діру мақсатымен іске асады, яғни оның негізінде пайда болатын
білімді жалпылауға немесе одан туындаған теорияларды тестілеу
қиынға соғуы мүмкін (Cohen et al., 2011).
Екіншіден, зерттеуші
ұдайы өзінің әрекетіне рефлексия жүргізуі
қажет болғандықтан,
оның назары зерттеудің басты мәселесінен ауытқып кетуі мүмкін
(Somekh, 1995). Рефлексия - әрекетті зерттеудің ажырамас бөлі-
гі болып табылады (Heinikken et al., 2012). Зерттеуші объективті
шындықтың елесін жасауға тырыспай, керісінше өз зерттеулерінің
рефлексивтік сипатта екенін үнемі мойындап, оны құру үдерісін
түсіндіруі керек (Winter, 2002). Рефлексия
процесі зерттеушінің
өзінің ішкі эмоционалдық тартысына, сырттағы жағдаятқа, олар-
дың уақытша екендігіне және қазіргі уақытта болып жатқан оқиға-
ларды олардың өткені мен болашағымен байланыстыру арқылы ой
толғаудан тұрады (Polkinghorne, 1995; Clandinin & Connely, 2000;
Gill, 2014). Үшіншіден, тәжірибеге негізделген білім болғандықтан,
ол көп жағдайда зерттеушінің айналадағы жағдайды жүйелі түрде
түсіндіре білу қабілетіне тәуелді болу мүмкін, яғни тәжірибеге не-
гізделген білім қағаз бетіне түспей тұрып бірнеше рет өзгеріске
ұшырауы мүмкін (Waterman, 1998). Төртіншіден, іс-әрекетті зерт-
теу тәжірибе мен қалыптасқан жағдайға өзгеріс енгізу мақсатымен
жүргізілетіндіктен, жекелеген тұлғалардың немесе топтардың мі-
нез-құлқы, автономды ойлану мен әрекет етуге зауқының болма-
уы немесе тұлғаның қоғамда қалыптасқан нормалар мен жүйені
96
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
өзгертуге қауқарының жетпеуіне байланысты кедергілермен бет-
пе-бет келуі мүмкін (Fay, 1987; Cohen et al., 2011).
Достарыңызбен бөлісу: