№51 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (ҚТК)
банк секторын контрциклдық реттеу бойынша нақты қадамдарды айқындады
2015 жылғы 9 қазан Алматы қ.
ҚР Ұлттық Банкі ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Қаржылық тұрақтылық жөніндегі
кеңестің отырысында екінші деңгейдегі банктерді контрциклдық реттеу бойынша негізгі
тәсілдер мақұлданғанын хабарлайды. Бұл шаралар топтамасы реттеуші талаптардың
кешені бойынша ұзақмерзімді жол картасын білдіреді және ҚР Ұлттық Банкі бұдан бұрын
қабылдаған «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРГЕ ҚАРАЙ 10 ҚАДАМ» бағдарламасының
қисынды жалғасы мен толықтыруы болып табылады.
Құрамына реттеушінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және екінші
деңгейдегі банктердің өкілдері кіретін ҚР Ұлттық Банкі жанындағы «Банктік реттеу
мәселелері жөніндегі» тұрақты жұмыс істейтін арнайы жұмыс тобы контрциклдық реттеу
қағидаттарына өту бойынша нақты қадамдарды алдын ала тұжырымдады.
Контрциклдық реттеуге өту жөніндегі жол картасы Қазақстан экономикасының
ағымдағы
сын-қатерлеріне
жауап
болып
табылады.
Контрциклдық
реттеу
тұжырымдамасында мына:
банк қызметтерін үздіксіз көрсетуді қамтамасыз ету;
қаржы нарықтарында экономика күйзелістерін және құбылмалылықты
бәсеңдету;
экономиканы долларсыздандыру, теңгемен ішкі кредиттеуді ұлғайту;
экономика субъектілерінің және халықтың борыштық жүктемесін төмендету
міндеттерін шешу мақсатында (1) Банктік қадағалау жөніндегі Базель
комитетінің халықаралық стандарттарына (Базель III) 2021 жылға қарай
басты бағытты сақтау және (2) өтпелі кезеңде экономикалық циклды ескере
отырып реттеуші ықпал етуді оңтайландыру көзделген.
Осы тұжырымдаманың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1. 2015 жылдың деңгейіндегі меншікті капиталдың буферлерін қоса алғанда,
меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын ең төменгі талаптардың барлығын 2016
жылы сақтай отырып Базель III өту бағдарламасын түзету. 2021 жылға дейін Базель III
стандарттарына өту кезеңін ұлғайту және меншікті капитал жеткіліктілігінің таргеттелетін
мәнін 12%-дан 10,5%-ға дейін төмендету мәселесі қаралды.
2017 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі Еуропалық одақтың тәжірибесі мен
қағидалары негізінде меншікті капитал жеткіліктілігінің мәніне қосымша қадағалау
үстемесін (capital add-on) енгізетін болады.
Қауіпсіз аймақта банк секторындағы ағымдағы өтімділік деңгейін сақтау және
барынша тұрақты көздерден қаржыландыруды тарту бойынша екінші деңгейдегі банктер
үшін қосымша ынталандыру шараларын құру үшін 2017 жылдан бастап өтімділік бойынша
Базель III жаңа стандарттары (NSFR және LCR) кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
2. Пруденциялық нормативтерді сақтаудың қолданыстағы талаптарын түзету
көзделеді, оның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді бұзу теңгенің нарықтық
айырбастау бағамын 10%-дан асатын мөлшерге ұлғайтуға әкеп соғатын болса, оларды
сәйкес келтіру үшін 6 айлық мерзімді енгізу мақұлданды.
3. 2017 жылдан бастап «жұмыс істемейтін кредит» деген ұйымның халықаралық
стандарты түсінігі енгізілетін болады. «Жұмыс істемейтін кредит» деген анықтама оған
қайта құрылымдалған кредиттерді қосу арқылы кеңейтілетін болады. Бұл ретте, кейінгі екі
жыл ішінде жұмыс істемейтін кредиттердің көрсеткіші ертерек ден қою индикаторы
функциясын, ал 2018 жылдан бастап пруденциялық норматив рөлін атқаруды
жалғастырады.
Жалпы алғанда, ҚТК жұмыс істемейтін кредиттер үлесін 2018 жылға таман 10%-дан
аз деңгейге дейін төмендету мерзімін ауыстыру жөніндегі ұсынысты мақұлдады.
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (727) 2704 585
+7 (727) 3302 497
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz