Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет52/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

3.1-суретІріктеу түрлері (Creswell бойынша бейімделіп алынды, 2012)
Іріктеу түрлері
Ықтималдықсыз
Ең репрезентативті іріктеулерге қарапайым кездейсоқ іріктеу 
(онда зерттеуші қатысушыларды мақсатты топтардың арасынан 
кездейсоқ таңдайды) және жүйелі іріктеу (онда әрбір n-ші қаты-
сушы мақсатты топтан іріктеліп алынады) жатады. Мұндай ірікте-
уде зерттеушінің бейтараптығы (researcher’s bias) барынша азай-
тылады. Іріктеудің аталған екі түрін әзірлеу үшін респонденттерді 
таңдауда зерттеушінің қолында мақсатты топ мүшелерінің толық 
тізімі болуы керек.
Іріктеу жұмысын жетілдірудің келесі әдісі – стратификация-
ланған іріктеу, оның ерекшелігі мақсатты топты алдын-ала дең-
гейлерге немесе топтарға бөлу болып табылады. Мысалы, егер 
зерттеуші физика-математика мектебінің оқушыларынан сауална-
ма алғысы келсе, оқушылардың екі категориясын іріктеп, таңдау 
үшін мақсатты топты физиканы таңдағандар мен математиканы 
таңдағандар деп бөлуге де болады, содан кейін респонденттер осы 
екі топтан таңдалып алынады.


87
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Респонденттердің жынысы бойынша стратификацияланған 
іріктеу, мұнда мақсатты топтағы ерлер мен әйелдердің үлесі бар-
лық мақсатты топтағы сияқты респонденттердің 25%-ын әйелдер 
құрайтын іріктеуде сақталады.
Ықтималдық іріктеудің соңғы үлгісі көп сатылы кластерлі 
іріктеу болып табылады. Ондай іріктеу көбінесе ірі мақсатты топ-
тар үшін пайдаланылады. Мысалы, дарынды балаларға арналған 
мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің барлығын кездейсоқ 
таңдап алу мүмкін емес. Бұл жағдайда зерттеуші кездейсоқ ірік-
теу әдісі арқылы дарынды балаларға арналған мектебі бар бірнеше 
қаланы таңдайды да (бірінші кезең), әр қаладан бір-бір мектепті 
іріктеп алады, содан соң ғана сол мектептердегі респонденттерге 
сауалнама жүргізеді. 
3.2-сурет. Стратификацияланған іріктеу үлгісі
320 еркек
80 әйел
2 000 Техникалық 
ЖОО-ның студенті
олардың 1600-ы ер адамдар
400-і әйелдер

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау