Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет54/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   152
Айша

Соғыстарға қатысуы
айша анамыз бара алған соғыстарға өзі қатысатын, 
бара алмаған жеріне басқаларды жіберуге тырыса-
тын. Өйткені, шегініс берген жерде де алға шығудан 
тартынбайтын өжет еді. Осы батылдығымен өзінің 
әйел екеніне қарамастан алла елшісімен (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) бірге бірнеше соғысқа қатысқанын 
287
Тирмизи, Таһара 15 (19); нәсәи, Таһара 41 (46)
288
Әбу Дәуіт, Хатәм 6 (4231); Тирмизи, Жиһад 25 (1703); ахмад ибн 
Ханбал, мүснәд 6\242 (26094) 
289
муатта, Таһара 35, мүслим, Таһара 25 (240), Тирмизи, Таһара 31 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
165
көреміз. соғыс әбден қызған кезде де майданға бару-
дан тартынбайтын. 
Ухуд, Хәндәк, Бәни Құрайза, Бәни мұсталық, 
Худайбия және меккенің жеңісі секілді маңызды 
оқиғаларда алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) жанында хазірет айшаның да жүргенін 
көреміз
290
. соғыс кезінде қолынан келгенше мұсылман 
сарбаздарға көмектесетін. Бұл туралы Әнәс ибн мәлік 
(р.а.) былай деуде:
– мен Ухуд күні айша мен Үммү сүләймнің 
асығыс кейіпте иықтарына көтеріп су тасып жүргенін 
көрдім. суды қайта-қайта мәдинаға барып алып 
келетін
291

Хәндәк күні де соғыс алаңында жүрді. 
Пайғамбарымыздың әйелдерінен Үммү сәләма және 
Зейнеппен бірге ор қазылған жерге барып, сахабаларға 
кезектесе су тасып қызмет етті. Бұл кезде біраз 
өзге әйелдер де көмекке келді. Әсіресе, сол күндері 
мәдинаның түні ерекше суытты. Жылыну үшін 
шатырына кірген Пайғамбарымызға, айша анамыз 
жәрдемдесті. расулаллаһ бұл кезде де орға алаңдады. 
Әлсіз тұстарға көңіл бөлуге, өзі болмаған кездерде 
соғыс алаңында кемшілік орын алмауы үшін сахаба-
ларына ескерту жасады. мәдина жақын болғандықтан 
ор мен мәдина арасында жүрді. сахабаларға керек 
нәрселерді анықтап, ертеңгі күнге даярлықтарын 
пысықтады
292

290
Имам нәдәуи оның Бәдірге қатысқанын айтады. Қараңыз: нәдәуи, 
сиратус сәйидәти айша 170
291
Бұхари, фадаилус сахаба 48 (3600), мағази 15 (3837), мүслим, 
Жиһад 181
292
Хәндәк күні анамыздың сағд ибн муаз және жиені Харис ибн Әус 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
166
Хазірет айшаның (р.а.) бір артықшылығы, ең 
бір сұрапыл соғыс кездерінде де пайғамбарымыздың 
өзгеге құпия тылсым жағдайларына куә болды. 
мысалы, шамамен бір айдай қиындық тудырған 
ұзақ уақыттан кейін ахзаб әскері Хәндәктан кетті. 
мұсылмандар мәдинаға қайтты. алла елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айша анамыздың 
бөлмесінде қарусыз жайбарақат тынығып отырған 
бір сәтінде есіктің қимылы анамызды селт еткізді. 
Тесіктен сығалап қарағанда сауыт киген, атты бір кісі 
келіп тұр екен. Үстіндегі шаң-топырағын қағып алла 
елшісін шақырып тұр. 
Дауысын Дыхиятул Кәлбиге ұқсатты ма, 
пайғамбарымыз орнынан ұшып тұрып әлгінің қасына 
барды. сыртқа шыққанда, сәл абдырап қалды. 
Өйткені, Жәбірейіл әмин келген екен. Көрген бойда: 
– Уа, расулалла! Қаруларыңды тастауға неге 
асықтыңдар? Дұшпан келгеннен бері періштелер 
болып біз қаруымызды тастаған жоқпыз. Қазір Хам-
раул Әсәдқа дейін оларды қуып барып кері оралдық. 
алла ешбірін оңдырмады! Біз істің соңында жүргенде 
сендер неге шетке ысырылдыңдар? Қане, кеттік, алла 
саған Бәни Құрайзамен соғысуды бұйырды. мен 
қасымдағы періштелермен бірге олардың бекіністерін 
қиратуды көздеп тұрмын, сахабаларыңды ерт те жүр! 
– деді.
туралы хазірет сағдтың анасы Үммү сағдпен (р.а.) сөйлескені 
және сауыттан көрген кемшілігі туралы оларға ескерту жасағаны 
байқалады. Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\141 (25140); 
Ибн Хиббан, сахих 15\497 (7028), Зәһәби, сиәр 1\284, Хәйсәми, 
мәжмауз зәуәид 6\136, Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 7\373 (36796)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
167
Бұл жайтқа анамыз қатты таңданды. Таңданыспен 
пайғамбарымыздың не дейтінін тағатсыздана күтті. 
сол кезде жары: 
– сахабаларым қатты шаршады, демалу үшін ең 
болмаса бірнеше күн рұқсат болса, – деп өтінді. Бірақ, 
есік алдындағы періште:
– Еш күтпе, дұшпанға дереу шабуыл жаса. 
аллаға ант етемін, мен оларды жерлерімен қосып 
қиратамын! – деп көнбеді. 
Осыны айтты да, кері бұрылып, қасындағылармен 
бірге кетіп қалды. 
Осының бәрін есіктен байқап тұрған айша 
анамыз үйге кірген жарынан:
– Келген кісі кім? – деп сұрады. 
– сен оны көрдің бе? 
Иә. 
– Оны кімге ұқсаттың?
– Дыйхия ибн Хәлифа әл-Кәлбиге. 
– Келген кісі Жәбірейіл періште болатын, уақыт 
ұттырмай тез Бәни Құрайзаға шабуылдау керектігін 
ескертті, – деп түсіндірді пайғамбарымыз
293

Бірақ бұған анамыз аса таңғалмады, себебі, өзі куә 
болған тылсым жайттар тек мұнымен шектелмейді. 
Өзіне тосын көрінген бір оқиғаны былай әңгімелегені 
бар. сол күні тұтқындар арасынан Бәни Құрайзалық 
нүбатә деген әйел еріксіз өзіне назар аудартады. 
Өйткені, өзі тұтқында жүргеніне қарамастан тым 
көңілді еді. Бірақ бұл әйел өзін іздеп шақырған дауы-
сты естігенде:
293
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 3\350 (14815), 6\141 (25140); Хаким, 
мүстадрак 3\37 (4332)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
168
– «мені шақырып жатыр», – деп селт ете қалды. 
сірә, бір қылмысы үшін ізделгені белгілі еді. Әлгі әйел 
«нүбатә! нүбатә!» деп атын атап тағы да шақырғанда:
– мені күйеуім өлтірді, – дегенді айтты. 
Таңданысы арта түскен айша анамыз одан:
– сені күйеуің қалай өлтірді? – деп сұрады. 
сонда нүбатә:
– Зәбир ибн Батаның қамалында болған кезімізде 
күйеуім маған мұхаммедтің сахабаларының үстіне 
диірмен тасын тастауды бұйырды, мен солай жаса-
дым, ол тас барып біреуінің басына түсіп, өлтірді. 
Енді мен сол адамға қысас ретінде өлтірілемін, – деп 
түсіндірді.
мәселе енді түсінікті болған еді, қоршау барысын-
да қамалдан бір тас құлап Халлад ибн суәйдті шейіт 
еткен еді. нәтижеде Бәни Құрайза арасында сол күні 
жазаға тартылған жалғыз әйел сол болды. 
айша анамыз өлімге қуана барған сол әйелді еш 
ұмытпады, сол күндер есіне түскенде нүбатә туралы 
қасындағыларға айтып отыратын
294

меккенің жеңісі сүйіншіленген күні алла елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): 
– айша, Хузааларда маңызды бір оқиға болды, – 
деді. 
Дереу түсінгені, сірә, құрайыштар Хұдайбия 
келсімін бұзған болар деп топшылады. Бірақ 
меккеліктерде мұны жасайтындай күш қалмағанын 
білетін. сондықтан:
294
Уақиди, мағази 1\517; Ибн Кәсир, әл-Бидая 4\144


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
169
– сонда сізбен жасаған келісімшартты бұзуға 
құрайыштардың батылы жетеді деп ойлайсыз ба? – 
деді. 
Өкінішке қарай, болжамы рас шықты. меккеліктер 
тағы бір ессіздік жасапты. мұсылмандармен одақтас 
Хуза тайпасына шабуыл жасап, бір түнде бала-
шаға деместен жиырма үш адамды өлтіріпті. Бұл 
ашық түрде Хұдайбия келісімін бұзуды білдіретін. 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай 
деді:
– алланың жазуымен құрайыштықтар келісім-
шартты бұзды!
Бір істі алла қаласа, соңы қайырлы болатынын 
білетін, бірақ сонда да:
– Әйтеуір соңы жақсы бола ма? – деп сұрады. 
– Иә, жақсы болады!
Біраз уақыт өткеннен кейін пайғамбарымыз 
айшаға қарап:
– Жолға дайындық жаса, бірақ ешкімге тіс жарма, 
– деді. Бұл сапар тым өзгеше еді. Балалық шағы өткен 
өз еліне бармақ. 
Жолға дайындала бастады. Дәл осы кезде үйге бас 
сұққан әкесі Әбу Бәкір бір жаңалық барын дереу сезді. 
Қызынан сыр тартып, бұл дайындықтың себебін 
сұрады. Бірақ қызы тіс жармады. 
анамыз тек соғысқа қатысумен ғана шек-
телмей, керек кезінде сарбаздарға материалдық 
көмек жинауға да атсалысатын. мысалы, Тәбүк 
жорығының алдында әскерге көмек ретінде сахаба-
лар бар тапқанын ортаға салған. Тіпті әйел сахабалар 
да сырға, білезік сияқты алтындарын аянып қалмады. 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
170
міне, осы кездерде айша анамыз әйел сахабалар-
ды жомарттыққа шақырды. Үйіндегі бір төсенішті 
жайып, барша әйелдер қолдағы бағалы заттарын 
соған әкеліп үйді
295

анамыз өзі қатыса алмаған жорықтарға адам 
жіберетін. Ол мына оқиғадан анық көрінеді. Бір құлы 
бар еді. Басына азаттық алу үшін төлемін бөліп төлеп 
жүр еді. Жаңа жорыққа дайындық кезінде, бір төлемін 
алып келген екен. анамыз оған ойланбастан:
– Енді маған қарыз төлеймін деп келме! Одан да 
дін жолындағы мына соғысқа барып қатыс! Өйткені, 
бірде 
«Хақ тағала дін жолында жиһад деп соққан 
жүректі күйдіруді тозаққа харам еткен»
деген 
хадисті естідім, – деді
296
.

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау