Хазірет айша


Жабық киінудегі ұқыптылығы



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет52/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   152
Айша

Жабық киінудегі ұқыптылығы
айша анамыз қыз-келіншектерге үнемі жабық 
киініп жүруді ескертетін. Өзі де бұған аса мән 
беретін. Дін өлшемдері тұрғысынан алғанда өзге 
мұсылмандарға ана болып саналса да, мұқият қарап, 
туыстығы жоқ, бөтен адамдармен міндетті түрде ара 
қашықтық сақтайтын. 
274
Ибн сағд, Табақат 8\67; Зәһәби, сиәр 2\187, Әбу нуайм, Хилия-
тул әулия 2\47, Ханнад, Зүһд 1\337 (619). Осыған ұқсас хадис үшін 
қараңыз: Хаким, мүстадрак 4\15 (6745), Әбу нуайм, Хилиятул 
әулия 2\47 
275
Тирмизи, Қияма 33


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
160
Кейбір көзі көрмейтіндердің алдында да әдебін 
сақтап жабық киінуге тырысатын. Бір күні жанына 
табиғиннің алдыңғы қатарлы адамдарынан хазірет 
Исхақ келгені сол еді, анамыз тағы да перденің арғы 
жағына өтті. алайда, хазірет Исхақтың көзі көрмейтін, 
анамыздың бұл әрекетін жатырқап:
– менен де сақтанып жатырсыз ба? мен сізді 
көрмеймін ғой, – дегенде, оған:
– сен мені көрмеуің мүмкін, бірақ мен сені 
көремін ғой
276
– деген еді.
Туысы болса да жанына көкесі келгенде 
қысылатын. Бұл әрекетіне тосырқай қарағандарға:
– мені емізген оның әйелі болатын, өзі емес, – 
дейтін. Өзінше пайым жасап үкімі осындай болар 
деп түйген. сұраған кезінде расулалла (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) оған:
– Туыс болғандықтан көкеңнің жаныңа келуіне 
рұқсат ет
277
, – деп түсірді. 
Ибн аббастың (р.а.) айтуынша, расулалланың 
екі немересі Хасан мен Хусейін қасына келгенде де 
басына жаулық салатын. сондықтан хазірет Хасан 
мен Хусейін пайғамбарымыздың әйелдеріне жиі 
бармағанды жөн көретін, өйткені, аналарымыздың 
қысылатынын білетін
278

– Хазірет айша ғибадат үшін де көпшіліктің ара-
сына қосылмай адам аз кезде тауап жасауды дұрыс 
көретін. Қағбаны тауап етіп жүргенде әйелдердің бірі:
276
Қараңыз: Ибн сағд, Табақат, 8\69
277
Бұхари, шахадат 7 (2501); мүслим, рада 3 (1445)
278
Ибн сағд, Табақат 8\58


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
161
– Әй, мүминдердің анасы! Кел, сәлем берейік, 
– деп қара тасқа бірге баруды ұсынғанда, оған 
«Осыншама адамның арасында ма?» дегендей кейіп 
танытқан
279

Осындай ұяттылығын білетіндер анамыздың 
мәтафқа келетінін ести сала ол жерден ер кісілерді 
шығарып, еркін тауап етуіне жағдай жасайтын
280

Тіпті, осы үшін арнайы кісілер тағайындалып, 
мәтафты айша анамыз тауап ете алатындай етіп 
әзірлейтін. 
шейіт етілген хазірет Омар өз бөлмесіне жерлен-
ген соң сүйікті жары мен әкесінің қатар жатқан қабірін 
бұрынғыдай зиярат етпейтін болды. Ендігі жерде 
хазірет Омардан ұялып, зиярат кезіндегі киіміне 
мұқияттылығын арттырды
281

Дәріс берген кездерінде де әдебін сақтаған. Өзінен 
сұрақ сұрап келетіндер көп еді. Тіпті табалдырық 
тоздырып келушілер жас талғамайтын. арасын-
да жиенінен бастап алыс-жақын туыстарына дейін 
келетін. Туыстарымен жолығысу қиындық тудыр-
майтын. ал басқа адамдармен анамыздың арасында 
әрдайым бір перде болып, дәріс кезінде осы перденің 
арғы жағынан өтетін. Бір айырмашылық туындағанда 
қолымен ымдап көрсететін. Табиғин имамы мәсруқ 
бұл жағдай туралы былай дейді:
279
Бұхари, Хажж 63 (1539), абдурраззақ, мұсаннаф 5\66 (9018), 
Байһақи, сүнән 5\78 (9030) 
280
Қараңыз: Бұхари, Хажж 63 (1539)
281
Хаким, мүстадрак 4\8 (6721), ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\202 
(25701) 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
162
«Перденің артынан мен оның қол соққанын 
еститінмін»
282
.
мұқияттылық сақтай отырып, сабақты пайдалы 
етіп өткізуге тырысатын. Кейде сабақ алу үшін өзіне 
жиі келуге мәжбүр болғандардың ең жақындарының 
бірінен сүт алып, ғылым үшін олармен көбірек кез-
десуге мүмкіндік табатын
283
. Өйткені, алла елшісінің 
хазірет Әбу Хузайфаның әйелі сәһлә бинти сүхәйл 
үшін осындай рұқсат бергенін және оның жасы ер 
жетсе де хазірет сәлимге сүт беріп, өз араларында 
туыстық қатынас құрғанын білетін
284

Қажет кездерде туыс шәкірттеріне өз білгендерін 
іс жүзінде көрсететін. мысалы, жақын туыстарының 
бірінің сәлим деген құлы бар еді. сол бір күні келіп 
анамыздан дәрет алу туралы үйренгісі келеді. Оған 
анамыз алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қалай дәрет алатынын көрсетеді. Бұл жерде ешқандай 
айып жоқ болатын. Өйткені, сәлим анамыздың 
туысының құлы болатын, осы жағынан оған жақын 
саналатын. 
арадан біраз уақыт өткенде сол кісі тағы келіп:
– Әй, мүминдердің анасы! маған дұға ет! – деді. 
– не үшін?
сонда қуанышын анамызбен бөліскісі келген 
сәлим:
– алла маған азаттықты бұйыртты, – дейді.
282
Бұхари, Әдахи 15 (5246), мүслим, Хажж 370 (1321), ахмад ибн Хан-
бал, мүснәд 6\30
283
Қараңыз: муатта, рада 2 (1265); Әбу Дәуіт, никах 10 (2061); ахмад 
ибн Ханбал, мүснәд 6\272 
284
Қараңыз: муатта, рада 2 (1265); Әбу Дәуіт, никах 10 (2061); ахмад 
ибн Ханбал, мүснәд 6\272


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
163
сонда анамыз оған:
– Әп, бәрекелді! Құтты болсын! – деді де дереу 
пердені түсірді. Өйткені, енді ол бөтен адам еді, 
сол күннен бастап сәлиммен тек перденің артынан 
сөйлескенде жөн санаған
285


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау