Хазірет айша


«Ол кезде сендер жаланы ауыздан-ауызға тара-



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет62/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   152
Айша

«Ол кезде сендер жаланы ауыздан-ауызға тара-
тып, істің ақиқатына кереғар пікір айттыңдар әрі 
бұны тым елеусіз көрдіңдер. Алайда, ол Алланың 
құзырында өте үлкен обал іс болатын. Неге оны 
естігенде-ақ бұл нағыз жала!» демедіңдер. Егер 
мүмин болсаңдар, Алла мұндай нәрсені қайталауға 
қатаң тыйым салады. Алла тағала аяттарды сен-
дерге ашық түрде көрсетеді. Алла ′алим (барлық 
нәрсені біледі) һәм Хаким (толық даналық иесі)».
Бұл сақтыққа шақыру еді әрі мүмин айнала-
сында болып жатқан жағымсыз жайттарға бей-жай 
қарамауы тиіс. Өйткені, сол аяттың жалғасында ұлы 
Жаратушы былай дейді:
«Мүминдер 
арасында 
жамандықтардың 
таралуын қалаған адамдар үшін дүние мен 
ақыретте ауыр азап бар. Алла біледі, сендер біле 
алмайсыңдар».


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
195
аяттар жалғаса берді. Барлығы да әрбір мүминге 
әр сәтін есеппен өткізу керектігін ұқтырды. Өйткені, 
есебі қиямет күніне қалған адамның ісі бітті деген 
сөз. мұны түсіндіргенде ұлы алла Жәбірейіл періште 
арқылы елшісіне мына сөздерді түсірді:
«абыройлы мүмин әйелдерге зинақорлық туралы 
жала жапқандар дүниеде де, ақыретте де лағынетке 
ұшырайды. Олар үшін ауыр азап бар. Тілдері, қолдары 
мен аяқтары жасаған барлық жамандықтарын айтып, 
біртіндеп өздеріне қарсы куәлік ететін күн туады. сол 
күні алла өз ақыларын толығымен береді және олар 
алланың шындықты түсіндіретін хақтың нағыз өзі 
екенін түсінеді
319
.
міне, осы аяттар жала бойынша түсті. аяттар 
қияметке дейінгі барша мұсылманның назарын ау-
дарып, бұдан былай өте мұқият болу керектігін 
ескертті. Өйткені, осы кезден кейін болмашы 
сенімсіздіктің өзі Құран мен хадисті терістегендей, 
адамды діннен шығарып, кәпір ететін еді
320
. Тіпті, Ибн 
аббастың ойынша, бұл іске араласып, кейіннен тәубе 
еткендердің тәубелері қабыл болмайды. Ол қияметке 
дейін өздеріне дақ болып қалады
321

аяттар түсіп, қай топқа қалай қарау керектігін 
белгілегеннен кейін алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) мұнафықтардың өсегіне ерген үш сахаба-
319
Қараңыз: нұр, 24\11
320
Ғалымдарымыз өзі туралы иләһи ақтау түссе де айша анамыз ту-
ралы кейінгі күмәнданушылардың кәпір болатынын бірауыздан 
құптауда. 
321
Қараңыз: алуси, рухул мағани, нұр сүресі 20-аяттың тәпсірі, Әбу 
Хайян, Бахрул мухит, нұр сүресі 20-аяттың тәпсірі; сонымен қатар, 
қараңыз: шәләби, Хаяту айша 124


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
196
ны жазаға тартты
322
. Өйткені, олар дәлелсіз, куәгерсіз 
бүлік шығармақ болғандардың алдауына түскен еді. 
анығында, қандай жағдайда да мүмин абыройлы 
жандарға тіл тигізбеуі керек. Қоғамның есендігі үшін 
бұл міндетті қағида болатын және «хуқуқуллаһ» деп 
аталған құқықтың шетке ысырылуы мағынасына 
келетін. Жоғарыдағы аяттарда осы жағдай баса ай-
тылып, жалақорлардың жазаға тартылуы керектігі 
көрсетілген, пайғамбарымыз осы бұйрықты орында-
ды. Әйтпесе нақақтан нақақ жала жауып күйдіру белең 
алып кетсе, коғамның быт-шытын шығарары сөзсіз. 
Бұл өзі Құран қарастырған тақырып болғандықтан, 
ешқашан назардан тыс қалмауы тиіс. 
Бүліктің нақ ортасында тұрған және жағдайы 
ақыретке қалдырылған абдулла ибн Убәй ибн сәлул 
сияқты адамдар болса, бәрібір қитұрқылықтарын 
қоймады. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бүлік шығарғандарды жақсы біле тұра, сол күні 
оларды жазаға тартпады. Өйткені, олар қоғамда улы 
ісік кейпінде еді. ажалы жетіп өздері құрымаса
бұндайлардың қитұрқылықтарын қолмен тоқтату 
қиын. Керек десеңіз, олардың жазаны түсінетін 
санасы да, жазаға тартатындай қадірі де жоқ еді. 
сондықтан алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 
322
сексен дүремен жазаланған сахабалар мистах ибн Үсаса, Хассан ибн 
сабит және әйелдерден Зейнеп анамыздың сіңлісі Хамна бинт Жахш 
болатын. ақиқат анықталғаннан кейін олар өсекке ергеніне қатты 
өкінген. Тіпті, Хассан ибн сәбит өкінгенін, кешірім сұрайтынын өлең 
жолдарына сыйғызып, сәті түскенде бұл өлеңін оқып жүрді. Қараңыз: 
Ибн Һишам, сира 4\273. Тіпті, бұл өлеңдерінің бірінде өзін жерден 
алып жерге салған сөздер айтқанын естіген анамыз ренжіп, «сен он-
дай емессің» деп оны жұбатқан. Қараңыз: Бұхари, мағази 32 (3915), 
мүслим, фадаилус сахаба 155 (2488)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
197
сәлләм) оларды әділетті Жаратушыға тапсырды да 
қойды. неде болса үлкен күнәлардың есебі тек үлкен 
соттарда қаралмақ. Олай болса абдулла ибн Убәй ибн 
сәлул сияқтылардың есебі үлкен сотқа қалдырылды. 
Өйткені түскен аятта алла тағала ол істің Өзіне 
қалдырылуы керектігін білдірген еді
323


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау