Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет51/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   152
Айша

Жомарттығы
Дәл бір басқалар үшін өмір сүретіндей еді. Кедей-
кембағалдарды көргенде, өзін ұмытып, қолындағы 
барын соларға беретін. Өйткені, 
«Жарты құрмамен 
болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар»
266
деген хадисті ең жақсы білетіндердің бірі еді. Әрі өзі 
хазірет Әбу Бәкір секілді жомарттығымен танылған 
кісінің қызы емес пе?! сондықтан көз ашқалы 
жомарттықты көріп өсті. Жиені абдулла ибн Зубәйр 
(р.а.) анасы Әсма анамыз және нағашы әпкесі хазірет 
айшаның (р.а.) осы қасиеті туралы айтқанда олардың 
жомарттықта жарысатынын айтқан
267

Өзінде беретін ештеңе болмаса қарыз алып 
беретін. Бұл әрекетін жақамай:
– Қарыз алып беру қайдан шықты? – дегендерге, 
«Қарызын өтеймін деген ниеті мен әрекеті бар құлға 
Алла міндетті түрде көмектеседі»
268
деген хадисті 
алға тартатын. 
Тағы бір жиені хазірет Уруә (р.а.) оның осы қасиеті 
жайында мынадай дерек береді:
– мен оның жамау киім киіп жүріп жетпіс мың 
садақа бергенін көрдім!
269
Бірде жүз сексен мың немесе екі жүз мың дирхамға 
үйін хазірет мұғауияға сатып, сол жерде-ақ ақшаның 
барлығын мұқтаждарға таратып жіберді
270

266
Бұхари, Зекет 8, 9 (1347, 1351); мүслим, Зекет 68 (1016) 
267
Қараңыз: Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\106 (280); Зәһәби, сиәр 2\292
268
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\99 (24723); 6\131 (25037), 6\234 (26019), 
Хаким, мүстадрак 2\26 (2202); Хәйсәми, мәжмауз зәуәид 4\132; 
Байһақи, сүнән 5\354 (10739, 10740), Таялиси, мүснәд 1\214 (1524) 
269
Ибн сағд, Табақат 8\67; Зәһәби, сиәр 2\187, Ханнад, Зүһд 1\337 (617) 
270
Қараңыз: Ибн сағд, Табақат 8\165; Әбу нуайм, Хилиятул әулия 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
157
Бір күні әлдебір пақыр жейтін нәрсе сұрады. 
Бұл кезде анамыздың алдында жүзім бар болатын, 
қасындағыға жүзімді келген кісіге беруді сұрады. 
алайда, жанындағы кісі беруге тартынып, өзіміз 
жемейміз бе дегендей ым жасады. сондай оған жаса-
латын жақсылықтың сауабын есіне түсіріп:
– неге тартынасынң? Бұл жүзімнің әр түйірінде 
қанша жақсылық бар екенін білесің бе?
271
– деді.
Тағы бір күні оған екі қызы бар жарлы бір әйел 
келіп жейтін нәрсе сұрады. Ештеңе жоқ болғандықтан, 
іздеп жүріп бір құрма тауып әкеліп берді. Әйел 
құрманы екіге бөліп екі қызына берді. Бұдан бұрын 
да осындай оқиға болып, үш құрма алған әйел өзінің 
үлесін де екі қызына бөліп бергеніне куә болғаны бар. 
Демек, аналық мейірім деген осы болса керек. Бұдан 
қатты әсерленді. Әйел кетсе де айша анамыз осы 
әсерден арыла алмады. сүйікті жары келген кезде осы 
оқиғаны әңгімелеп айтты. сонда мынандай жауап 
естіді:
– Бұндай қыздар өздеріне жақсы қараған ата-ана-
ларын тозақтан қалқалайтын перде болады!
272
Бір күні жанына тағы бір пақыр келді. Үйден бар 
тапқаны азғантай нан болды. ауыз бекіткендіктен, 
кешкісін сол нанмен ораза ашпақ еді. Бірақ, еш 
кідірместен нанды әйелге ұстата салды. мұны 
байқаған қызметшісі:
2\47, 48. Бұл үй сәуда анамыздың өзіне сыйлаған үйі.
271
мәлік, муатта 2\997 (1811); Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 2\352 
(9820), Бұл сөздермен анамыз «Кім кішкентай жақсылық жасаса, 
қайтарымын көреді» (Зілзала 99\7) деген мағынадағы аятты еcке 
түсірді.
272
Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\59 (132); Ибн Хиббан, сахих 7\201 (2939)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
158
– Өзіңізге ауыз ашарға ештеңе қалмады ғой, – де-
генде, бәрібір селт етпеді. 
Кешкісін әлдекімнен тағы да сыйлық келді. Бұл 
жолы олардың арасында қойдың еті мен нан да бар 
екен. сауап үшін берген адамға алла тағала да еселеп 
бермей ме?! ауыз ашатын уақыт келгенде қызметшіні 
жанына шақырған анамыз оған әзілдеп:
– ал, мынадан же. не де болса бұл сенің кепкен 
наныңнан жақсырақ
273
, – деді.
Тағы бір осындай оқиға жиенімен екеуінің ара-
сында орын алды. Өзіне жүз мың дирхам бағасында 
зат әкелген Ибн Зубәйр анамыздың табақпен оларды 
бөлістіріп жүргенін көрді. Өзі сол күні де ауыз 
бекіткен екен. Қолындағының бәрін таратып, өзіне 
бір дирхам да қалдырмады. 
Кеш түскен соң қасындағы қызметшісі Үммү 
Зәрраға:
– Әй, күң. Қане, не бар әкел, ауыз ашайық, – деді. 
Осы кезде Үммү Зәрра азғантай зәйтүн майы мен 
нан әкелді. сосын анамызға қарап:
– Әй, мүминдердің анасы! сол таратқандарыңнан 
кішкене алып қалғаныңда, бір дирхамға өзімізге ет 
алғанда болатын еді ғой, – деді.
Қызметшінің сөздерінде анамызға ауызашар да-
старханын жасай алмағандығына өкіну, қолында 
сонша мүмкіндігі бола тұра өз жайын ойға алмағанына 
таңданыс бар еді. айша анамыз мұны байқап:
273
Қараңыз: мәлік, муатта 2\997 (1810), Байһақи, шуабул Иман 
3\260 (3482)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
159
– мені енді айыптай берме, сол кезде айтсаң 
бәлкім жасар едім
274
, – деді.
Хазірет айша (р.а.) таратқан нәрселерінің өзіне 
сауап әкелетінін білетін, сондықтан ақырет есебін 
артық көретін. мұны сүйікті жарынан үйренді. 
Бір күні құрбан шалып, анамыз бұл құрбан етінің 
барлығын елге таратып, өзінде тек жауырын сүйек 
қана қалды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) келген соң:
– Құрбандыққа шалынған малдың етін тараттың 
ба? – деп сұрады.
– Бәрін тараттым, өзімізге тек жауырын ғана 
бұйырды, – деді анамыз. сонда алланың разылығын 
көздеп таратылған еттің кісіге сауап болып жазыла-
тынын ұқтырғысы келген пайғамбарымыз:
– айша, қайта сол жауырыннан басқа еттері бізге 
сауап болып бұйырады, – деп ойлантты
275


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау