Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
442
анамыз не істеуші еді? Енді осы сұрақтарға жауап
іздеп көрейік:
Ең әуелі осы оқиғадан басқа хазірет Әли
мен анамыздың арасында реніш орын алғанын
көрсететіндей өзге дәнеңе жоқ.
Жала жабу оқиғасы кезінде хазірет Әли айтты
деп берілген сөздердің растығы да күмәнді. Өйткені,
ол сөздер
дұрыстығы жағынан әлсіз
799
және мұндай
маңызды мәселе, әсіресе басқа дәлелдер бола тұра
бұндай әлсіз риуаятқа негізделуі мүмкін емес.
аталмыш оқиғада «басқа бір кісі» хазірет Әли
болуы мүмкін. Дегенмен хадис ғалымдары «басқа
бір кісінің» хазірет Усамә немесе фадл ибн аббас та
болуы мүмкін екенін айтады
800
. Тіпті,
кейбіреулер
бұған Бүрәйрә және нуба деген екі адамды да қосса,
тағы бір деректерде ол есімі белгісіз бір құл екені де
айтылады
801
.
Ендеше, бұл жерде екі жағдай бар, біріншісі атал-
мыш оқиға бірнеше рет қайталанған, ал екіншісі бой-
ынша алла расулын ауырған кезінде сүйегендердің
өзгеріп отырғаны. Бұл жерде өзгермеген адам
пайғамбарымыздың көкесі хазірет аббас. Ол туыс
болғандықтан, әрдайым пайғамбарымыздың жанында
болған. сондықтан алла расулының бір қолтығынан
әрдайым сол сүйеген. ал екінші қолтығынан
сүйегендер хазірет Үсама, Әли, фадл, Бурәйрә, нуба
және аты аталмаған әлдебір құл болған
802
.
799
Ибн Хиббан, сахих 10\13, 16\13,
Әбу яғлә, мүснад 8\322, 339
800
айни, Умдәтул Қари3\92, 5\188, Ибн Хажар, фәтхул бари 1\263, 8\141
801
Ибн Хажар, фәтхул бари 8\141, айни, Умдатул қари92, 5\188
802
айни, Умдатул қари 3\92, 5\188, нәуәуи, шарху мүслим 4\137, 138,
Ибн Хажар, фәтхул бари 8\141
Хазірет Әли және Айша анамыз
443
сол себепті бір оқиғаның ішінде әрдайым
ауысып отырған бес кісінің атын айтудың орнына
анамыз бәрін бірден меңзеп, алла расулының екінші
қолтығынан сүйегендердің барлығын «тағы бір кісі»
деп сипаттаған. мұнда аты айтылмаған тек хазірет
Әли емес,
сонымен қатар, хазірет Усама, фадл,
Бурәйра, нуба және аты белгісіз бір құл. анамыздың
бұл бес кісі және хазірет Әли жайында ешқандай
жаман ойы болмаған.
Жала жабу оқиғасы кезінде хазірет Әли «Уа,
расулалла! Бұлай қатты ренжіп, теріс айналма!
алла сені бұдан да ауыр азаптан сақтасын! Одан
басқа да қаншама әйел бар. мына қызметші қыздан
сұрап көр, міндетті түрде ол да сені растайды» деген
сөзін пайғамбарымызды жұбатқан «уа, расулал-
ла сенің басыңа түскен қиындық маған да түскені»
деген мағынаға саяды.
Бұған қоса, сол күні хазірет
Әлидің мәселені хазірет Бәрираға бұруы да анамызды
жақыннан танитын адам арқылы ақтағысы келгенін
білдіреді.
сонымен қатар, хазірет Әли исламды ең жақсы
білетін жан болатын және шамамен бір айдан кейін
түскен аятта «Әй, мүминдер! Өсекті естігенде-
ақ мүмин ер кісілер мен
әйелдер ретінде бір-бірің
туралы жақсы ойлап, «Құдай сақтасын, бұл нағыз
жала» деулерің керек емес пе еді?» делінеді. Бұл
сөздер мүминнің негізсіз жала жабылғанда қалай
әрекет жасауы керектігін
айқын көрсетеді және
сол күні мыңдаған сахабалар осылай жасағанын
уақыт көрсетті. Хазірет Әли басқа ойда болды деуге
ешқандай дәлел жоқ.