Ә0Ж 005. 21; Инновациялық дамудағы стратегиялық менеджмент



жүктеу 41,16 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі41,16 Kb.
#8403

Ә 005. 21;

Инновациялық дамудағы стратегиялық менеджмент

Тауасарова А.Қ. - э.ғ.к., доцент м.а.

Еуразия Технологиялық Университеті

e-mail: reakma79@mail.ru, akman1979@mail.ru

Стратегиялық менеджменттің басты ерекшелігі - кәсіпорынның бәсекелік артықшылықтарын құру болып табылады. Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтары төменгі және жоғарғы деңгейлі болып қарастырсақ болады. Төменгі деңгейлі артықшылықтарды кәсіпорын арзан еңбек күшін жалдау арқылы, ресурстар мен технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етеді. Бұл олардың ұзақ мерзімге жетпейтіндігін айқын көрсетеді. Айтатын мәселе, нарық құрылымының өзгеруі болған жағдайда төмен деңгейлі артықшылықтардың жоғалып кетуі мүмкін.

Жоғары деңгейлі артықшылықтар туралы айтатын болсақ, оларды ұйымдастыру әлдеқайда қиын. Кәсіпорын инновациялық іс әрекетпен шұғылдануы белсенді түрде жүруі керек. Кәсіпорынға жаңа тауарды құруға алдыңғы қатарлы ойларды ендіре алатын жоғары мамандырылған кадрлар керек. Профессионалды менеджерлер командасы арқасында контрагенттермен тұрақты байланыстар орнатылуы тиіс, тауар маркасы ерекше бренд ретінде қалыптасуы керек, сондай ақ сату және клиенттерге қызмет көрсету жаңа әдістері енгізілуі керек. Сонымен қатар, біркелкі, тұрақты және жүйелі түрдегі кәсіпорынның инновациялық іс әрекеті ұзақ мерзімге кәсіпорынға жетістік әкеледі. Кәсіпорын өзгеру ниетіне, талпынысына ие болу керек, жаңа даму жолдарын табу керек, әрқашан өз өзін жетілдіру қажет.

Қазіргі кезде кәсіпорындар өз бәсекеге қабілеттіліктерін ұлғайтуға тырысады.

Бәсекелік артықшылықтар кәсіпорынға өте маңызды және де олар келесі факторларға тәуелді[1]:



  • Өндірісті ұйымдастыру және оны тиімді басқару;

  • Орналасуын таңдау;

  • Ұсынылып отырған тауарлар;

  • Іс әрекет аясы;

  • Жұмысшылары;

  • Техникалық қамтылуы және қондырғылары;

  • Жаңа заттарды енгіздіру және инновация.

Заманауи нарықта инновациялар кәсіпорынның бәсекелік артықшылықтарының келешегі бар факторы ретінде қабылданады. Өйткені жаңадан енгізілген тауарлар, жаңа тұтынушыны тартуға мүмкіншілік береді. Осыдан табыстың жоғарылауына әкеледі. Айтар жайт, жаңадан енгізілулер бұл ұйымдық құрылымның, жаңалықтар мен ізденістердің нәтижесі.

Нарықтағы инновациялық стратегияның мінез құлқын кәсіпорынның ресурстары анықтайды, олар жаңалықтар мен сыртқы экономикалық аяның шарттарын қамтамасыз етеді.

Инновациялық үрдістің негізінде бәсекелестікті келесідей түрлерге бөлуге болады (кесте №1)[2]

Кесте №1 Инновациялық үрдістегі бәсекелестіктің түрлері



Түрі

Мінездемесі

Функционалды

Бір қажеттілікті әр түрлі тауар мен қызмет арқылы қанағаттандыруға болады және де әр кәсіпорын қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа тәсілдерін жасауға ұмтылады.

Түрлілігіне байланысты

болып бөлінуі қажеттіліктерді қанағаттандыратын сан алуан тауарлардың болуы, бірақ олардың техникалық эксплуатациялық параметрлердің әр түрлі болуы.

Пәндік

Бұл бәсекелестік нарықта бірдей тауарлар арасында, сапасы бірдей және ерекшелінетін тауарлар арасында пайда болады

Инновациялық стратегияларды негізгі келесі түрлерге бөлуге болады: басымдылық, қорғаушылық, аралық және лицензиялық.

Стратегиялық партнерсіз ешқандай идея жүзеге асырыла алмайды. Сонымен қатар, бұл стратегиялық партнермен ертеңгі күні табысыңмен бөлісу мәселесі алдан шығады. Кез келген инновациялық тауарды нарыққа шығару үлкен шығындарды, ұзақ уақытты талап етеді.

Инновациялық стратегияны жасау барысында технологиялық аудитке көп көңіл аудару керек. Технологиялық аудит ретінде коммерциялық технологияларды жасауға қабілеті бар шешімдерді іздеу деп түсінуге болады. Технологиялық аудитті жүзеге асыру барысында тәуекелге, сондай-ақ идеяларға, инновациялық тауарды өндіріске шығара алатын кәсіпорындарға көп көңіл бөлу қажет.

Әрине, инновациялық стратегия құру қиын мәселе. Бұл еңбексыйымдылығы кең жұмыс, технологиялық білім мен құқық, маркетинг және менеджментті білу қабілеттерін талап етеді. Инновациялық іс әрекетті басқару әрқашан тәуекелділікпен байланысты. Сондықтан кәсіпорын заманға сай технологиялар мен жоғары мамандырылған кадрларды тартып, қаржы жағын оңтайландырып, өзгеріп тұруы қажет.



ӘДЕБИЕТ

  1. Тауасарова А.К. Роль маркетинговых исследований в контексте глобализации мировой экономики ̸ Россия и Европа: связь культуры и экономики: Материалы VII Международной научно-практической конференции.- Прага, 2013.- 478 с.

  2. Викторова Т.С. Разработка ииновационной стратегии для формирования конкурентных преимуществ предприятия̸ Россия и Европа: связь культуры и экономики: Материалы VII Международной научно-практической конференции - Прага.- 2013.- 372 с.

жүктеу 41,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау