Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет148/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Айша

 хазірет Айша
446
ретінде анамыз мұндай кесір мінезден ада болған. 
Оның нақты мысалдары да бар. мәселен, аяттар 
түсіп, күнәдан таза екені белгілі болғанда анамыз 
мұнафықтардың сөзіне еріп, жалаға қосылғаны үшін 
жазаға тартылған Хассан ибн сабитпен кейіннен 
жауласпаған. Тіпті, жауласу былай тұрсын, Хассан 
ибн сабитті қорғаған. Хазірет Хассанды жамандаған 
біреудің сөзін естігенде, өткір өлеңдерімен алла ра-
сулын қорғаған бұл сахабаны жамандамауды ескерт-
кен
808

анамыздың осындай қасиетін көрсететін мы-
салдар әрине мұнымен шектелмейді. Өз бауырын
809
шейіт еткендерге көрсеткен мінезі де айрықша назар 
аударады. Өзіне келген абдуррахман ибн шумасаға 
сұрақтар қойды. Халифа ретінде хазірет мұғауияға 
риза екендігін көргенде, «Бауырым мұхаммед ибн 
Әбу Бәкірге жасаған жамандығына бола естіген 
хадисімді саған айтпай қоймаймын» деп, өзіне 
қарасты жұрт ризалық танытқан басшылар үшін ра-
сулалладан естіген қуанышты хабарды жеткізді
810

Бауырын шейіт етіп, ауыр азап шектірген 
адамдарға кек сақтамаған анамыздың алла елшісі 
жақсы көрген хазірет Әлиге кектенуі мүмкін емес. 
Жәмәл оқиғасынан кейінгі жиындарда хазірет 
Әлиге жақындығына бола жеті жолдасымен бірге 
808
Бұхари, мағази 32 (3914), Әдәб 91 (5798), мәнәқиб 14 (3338), 
мүслим, фадаилус сахаба 156 (2487, 2488), Хаким, мүстадрак 3\555 
(6063)
809
анамыздың бауыры мұхаммед ибн Әби Бәкір Жәмәл және сыф-
фында хазірет Әлиді жақтаған. 
810
мүслим, Имара 19 (1828), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\93 (24666), 
нәсәи, әс-сунәнул Кубра 5\275 (8873), Ибн Хиббан, сахих 2\313 (533)


Хазірет Әли және Айша анамыз
447
шейіт етілген Хужр ибн адый туралы хазірет 
мұғауияға хат жазып, бұндай қылмыстарды тоқтату 
үшін бар мүмкіндігін қолданған да анамыз болып 
табылады. Тіпті, ол мұнымен де шектелмей, ашуын 
білдіріп: «Хужр мен жолдастарын шімірікпей 
өлтіргенде алладан қорықпадың ба? Хужрға неге 
жаның ашымады? Одан мейіріміңді неге аяп қалдың?» 
деп, қателігін хазірет мұғауияның бетіне басып айту-
дан да тартынбаған
811

Ең қиын сәттерде анамыздың хазірет Әлиді 
қолдағанына куә боламыз
812
. Хазірет Османнан кейін 
халифалық міндетті мойнына сол ала алатынын 
айтып, жұртты осыған бағыттаған
813
. Өзіне сұрақ қоя 
келгендерге Әлидің көп білетінін айтып, соның үйіне 
жіберетін
814

Жәмәл шайқасы күні жаны сыздап тұрып 
айналасындағыларға былай деген:
– Балаларым! Өкінішке орай, біріміз бірімізді 
қинадық, қайғылы оқиғаларды бастан өткердік және 
біраз шаршадық. Осы болған жағдайларға байланы-
сты және бұдан кейін де жалған сөздері үшін ешкім 
811
Әртүрлі риуаяттар біріктіріліп берілген. Бұған қоса, бұл оқиғаның 
айша анамыз бен хазірет Әли арасында болған айтылатын 
салқындықты жоққа шығаратын мәнге ие екенін тағы бір рет 
ескерткен жөн. Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснад 4\92 (16878). 
Қараңыз: Табари, Тарих 3\220, 232, Ибн абдулбәрр, Истиғаб 1\332
812
Тирмизи, мәнәқиб 61 (3874), нәсәи, Хасаис 35 (8496), Хаким, 
мүстадрак 3\167 (4731)
813
Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 7\545 (37831), Ибн Хажар, фәтхул Бари 
13\57, Тахмаз, әс-сәйидәту айша 121
814
мүслим, Тахара 85 (276), нәсәи, Тахара 99 (129), Ибн мажә, Та-
хара 6 (552), ахмад ибн Ханбал, мүснад 1\96 (748), абдурраззақ 
мұсаннаф 3\128 (5029), Тахмаз, әс-сәйидәту айша 120


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
448
бір-біріне жаман көзбен қарамасын, зұлымдық жаса-
масын. Кешеден бүгінге дейін Әли мен менің арамда 
бір әйел мен қайнысы арасындағы мәселеден басқа 
мәселе болмағаны күмәнсіз. Біраз қиындық шексем 
де мен оған жақсылық тілеймін!
Бұл сөздер анамыздың ұлылығын білдіреді. 
Пайғамбарымыздың Әлиді қаншалықты жақсы 
көретінін білетін айша мәселені шиеленістіргісі 
келетіндердің аузын осылай жапқан
815

ал Әли өзі де ере жүріп сол күні анамыз-
ды мәдинаға қарай шығарып салып, балаларына 
анамызға жолда серік болуды тапсырды
816

Олар барлық жағымен ұлы адамдар еді. Өткен 
оқиғаға қарамастан бір-бірінің құқығын қорғап, 
бір-біріне шаң қондырмайтын. Бір күні анамыздың 
жанына бір кісі келіп, хазірет Әли мен аммардың 
үстінен шағым айта бастады. Хазірет айша болса, 
әлгі кісінің жамандауына жол бермей, қайта хазірет 
Әли мен аммардың бірқатар ізгі қасиеттерін айтып 
берді
817
. Өйткені, алла елшісінің хазірет аммар 
туралы айтқандарын және оның хазірет Әлидің 
сапында соғысқанын да білетін. Өзін азғын бір 
қауымның мерт ететінін білетін хазірет аммар 
Әлидің әскері арасында шейіт болды. ал қарсы тарап-
та Зус судайя секілді кісілер де қаза тапты. анамыз 
оқиғалардың хазірет Әлиді ақтағанын да білді және 
815
Тақырыпқа қатысты «адамның бауыры арқылы сыналуы: Жәмәл» 
деген тақырыпты және № 496 сілтемеге қарауға болады.
816
Табари, Тарих, 3\61
817
Зәркәши, әл-Ижәбә 863-864


Хазірет Әли және Айша анамыз
449
шеккен қиындықтарын көріп хазірет Әли туралы 
жақсы сөздер айтып, ол жоқ кезде дұға ететін. 
Ол хазірет Османнан кейін хазірет Әлиді де 
ұнатпаған Харижилерге қарсы шығып, халифаны 
тілдегендерді естігенде «оларға пайғамбарымыздың 
жолдастары үшін кешірім тілеу бұйырылды, бірақ 
бәрібір адам аузы бармайтын сөздерін боратуда» 
деген
818

Хазірет Әлидің де шейіт етілгеніне қатты 
қайғырған анамыз өзіне келген абдулла ибн 
шәддадтан халифаның соңғы күндері туралы сұрап, 
Ислам жолында жасаған істерін тыңдағаннан кейін 
хазірет Әлиге дұға етіп, оны шейіт еткендердің 
шектен шыққанын ашық түрде айтқан
819
. Тіпті, олар 
жиналған Харура деген жерді жамандықтың ошағы 
деп атап, әлдекімнен жағымсыз қылық байқаса, «Әлде 
сен де харуралысың ба?» дейтін
820
.
Хазірет Әли де айша анамызға шаң жуытпай-
тын. Жәмәл оқиғасында бетпе-бет келгеннің өзінде 
айналасындағыларға айша анамызбен сыналғаны 
үшін қайғыратынын айтқан
821
. Ибн сәбә және 
адамдарының ойынымен екі әскер қарсы келген-
де жүрегі аузына тығылып, бүлікшілердің қолынан 
анамызды құтқарған да хазірет Әли болған. 
Күймесін көздеп оқ жаудырғандарды көргенде, 
818
мүслим, Тәфсир 15 (3022), Исхақ ибн рахуия, мүснад 2\321 (847)
819
ахмад ибн Ханбал, мүснад 1\86, 87 (656), Хаким, мүстадрак 2\165 
(2657), Бәйхақи, сүнән 8\180, Әбу яғлә, мүснад 1\367 (474), мак-
диси, әл-Әхадисул мұхтара 2\223 (605)
820
Бұхари, Хайз 20 (315), мүслим, Хайз 67 (335), Әбу Дәуіт, Тахара 105 
(262), 120 (312), Тирмизи, Тахара 97 (130), нәсәи, Хайз 17 (382)
821
фәтхул Бари 13\55, Табари, Тарих 3\61, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\246


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
450
басын қатерге тіге отырып дереу жүгіріп, анамыз-
ды сенімді жерге апарып орналастырған
822
. сол күні 
өз әскерінде болған анамыздың бауыры мұхаммед 
ибн Әби Бәкірді шақырып алып, оған көп ескерту 
жасаған хазірет Әли анамыздың қасына әскерлер 
мен Басраның беделді қырық әйелін қосып беріп 
мәдинаға жіберген. Өз әскерлеріне де ескерту жасап, 
айша анамызбен кеткендердің ешқайсысына зиян 
тигізбеуді тапсырады
823
. сондай-ақ, «Бүгін алла 
бәрін жұмаққа кіргізетініне үміт етемін» деп, сол күні 
шейіт болғандардың намазын да өзі оқытқан
824

Бұл ерекшелік тек хазірет Әли мен анамызға тән 
нәрсе емес, бұған дейін де айтылғандай, сол күні 
хазірет Әлидің әскері де осындай ойда болған
825

Бұдан шығатын қорытынды, хазірет Әли мен 
айша анамыздың арасында ешқандай реніштің 
болмаған. сондықтан Жәмәл секілді қайғылы 
оқиғалардың астарындағы себептер арасынан мұндай 
дәлелді көрсету мүмкін емес. 
822
Табари, Тарих 3\29, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\238
823
Бәйхақи, сүнән, 8\181
824
Табари, Тарих 4\534, Ибн Халдун, Тарих 2\606. Тахмаз, әс-сәйидәту 
айша 137, 138
825
нәдәуи, сиратус сәйидә айша 180


451

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау