Айша анамыздың некелескендегі жасы
435
туылмаған болып қалады. Бұл мүмкін емес. Әбу Бәкір
мен мутғим ибн адый арасындағы келісім айша 7-8
жаста болған кезінде бұзылған. Демек ол 605 жылда-
ры туылғанын көрсетеді
777
.
5. айша анамыз бен басқа бауырларының
арасындағы жас айырмашылығы да назар аудартады.
Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) алты баласы болған. Хазірет
Әсма мен хазірет абдулла Кутайла бинт сағдтан
778
,
хазірет айша анамыз бен хазірет абдуррахман Үммү
руманнан, мұхаммед Әсма бинти Үмәйстен
779
, ал
Үммү гүлсім Хабиба бинти Харижадан
780
туылған.
Әбу Бәкірдің балаларының жас айырмашылығы да
бізге көп нәрсені аңғартады:
а) Хазірет Әбу Бәкірдің тұңғыш қызы Әсма
анамыз һижреттен жиырма жеті жыл бұрын 595
жылы дүниеге келген
781
. алла расулының һижреті
кезінде Зүбәйр ибн аууаммен отау құрып алты айлық
жүкті болған. яғни, ол кезде жиырма жеті жаста
болған
782
. Үш айдан кейін мәдинаға һижрет жасаған
кезде Қубада баласы абдулланы босанады. һижреттің
777
Бәрки, Әли Хикмет, Осман Ескиоғлу, Хатемул әнбия хазреті
мұхаммед уә хаяты 210
778
Кутәйла бинти сағд хазірет Әбу Бәкірдің алғашқы әйелі. Бірі ұл, екі
баласы болған. Әлі мұсылман болмай тұрғанда ажырасқан. Хиж-
реттен кейін қызы Әсма анамызды көргісі келіп, мәселені айшаға
жеткізеді және осыған байланысты «мүмтахина» сүресінің (60)
8-аяты түседі. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 6\242
779
Хазірет Әсма – мутәде шәйіт болған хазірет Жағфар ибн Әбу
Тәліптің әйелі.
780
Кенже баласы Үммү гүлсім хазірет Әбу Бәкір қайтыс болғаннан
кейін дүниеге келген. Қараңыз: муатта, Буйу 30 (806), Ибнул Әсир,
Усудул ғаба 1\640-641
781
нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\597
782
нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\597
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
436
жетпіс үшінші жылы жүз жасында тістері түспеген
қалпында қайтыс болған.
айша анамыз бен әпкесі Әсма анамыздың
арасындағы жас айырмашылығы он жыл
783
.
Осыған орай, айша анамыздың туылған жылының
(595+10=605) 605, һижрет бойынша жасының (27-
10=17) 17 екені байқалады. Үйлену һижреттен жеті
айдан кейін
784
жүзеге асқанына қарағанда, ол кездерде
айша анамыз он сегіз жаста болған
785
.
ә) Осыған ұқсас жағдай айша анамыздың бір ше-
шеден туған бауыры хазірет абдуррахман екеуінің
арасында да бар. Хазірет абдуррахман хазірет Әбу
Бәкірдің үлкен ұлы және ол тек Худайбиядан кейін
мұсылман болған. Бәдірде әкесімен кездеспеуге
тырысқан абдуррахман ол кезде 20 жаста болған
786
.
соған қарағанда 604 жылы туылса керек. абдурах-
ман 604 жылы туылса, айша одан бір-екі жыл ғана
кіші болуы керек. Болмаса ол кезде екі ағайындының
жас айырмашылығының алшақ болуы өте сирек
кездесетін құбылыс еді. Демек, айша пайғамбарлыққа
дейін дүиеге келген.
783
Бәйхақи, сүнән 6\204, Ибн мәнда, марифатус сахаба, Көпрүлі
күтубханеси, № 242, (Варак 195), Ибн асакир, Тариху Димашқ (Те-
ражимун ниса), 9, 10, 28-c. мәсуди, муружуз зәхәб 2, 39, Ибн сағд,
Табақат 8\58
784
Бұл үйленудің хижреттен алты ай немесе сегіз айдан кейін неме-
се шамамен бір жарым жыл кейін, Бәдірден кейін жүзеге асқанын
айтатын риуаяттар да бар. Қараңыз: Ибн сағд, Табақат 8\58, Ибн
абдилбәр, Истиғаб 4\1881, нәдәуи, сиратус сәйидәти айша, Тахқиқ:
мұхаммед рахматуллах Хафыз ән- нәдәуи, 40, 49
785
Бәдірден кейінгі шәууәл айында үйленгені туралы мәліметті
негізге алатын болсақ, оның үйленген кезде он тоғызда екенін
қабылдауымыз керек.
786
Ибн Әсир, Усудул ғаба 3\467
|