Айша - ғылымның қайнар бұлағы
373
жеткізеді. мұны естігенде айша анамыз таңырқайды.
Өйткені,
«Сен қабірдегілерге хабарлаушы емессің»
(фатыр 35\22) және
«Сен кереңге даусыңды естірте
алмайсың, соқырды да тура жолға сала алмайсың!»
(нәмл, 27\80; рум, 30\52) деген аяттарға бұл хадистің
қайшы келетінін ойлады. Өзі Бәдірге қатыспады. аб-
дулла ибн Омар да ол майданға қатыспағаны белгілі.
сондықтан, ол да бұл хадисті басқа біреуден естіген
болуы керек. ал, анамыз бұл хадисті:
«Қазір олар менің айтқандарымның қаншалықты
дұрыс екенін өте жақсы біліп жатыр»,
– деп естіген
еді
620
.
Иә, алла қаласа, барлық іс жүзеге асады. Тіпті
қабірдегілерге де естірте алатыны анық. Өйткені са-
хабалар:
– Уа, расулалла,
денелері саси бастаған бұл
өліктерге сөйлеп тұрсың, олар естиді ма? – деп
сұрағанда:
– Олар менің айтқандарымды сендерден де
жақсы естиді
621
, – деген жауап естіген. Бұл сірә айша
анамыздың кейін келетін ұрпақ бұл хадисті қате
ұқпасын деп жасаған сақтық шарасы болар.
Тіл, әдебиет, шешендік
Хазірет айша тілге шешен болған. сөзіне
жұртты ұйыта білген. Әр нәрсені дәл бейнелеп,
аса сыпайы сөйлейтін. мәселен, алғашқы уаһидің
келуін баяндағанда
«Оның көрген барлық түсі рау-
620
Зәркәши, әл-Ижәбә 34
621
Бұхари, мәғази 8 (3760), Жәнәиз 87 (1304), мүслим, Жәнәиз 26 (932)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
374
андап атқан таңдай өте анық болатын»
622
деп, көп
қиындықтардан кейін жеткен сүйінші
хабарды су-
реттегенде «сөйтіп уаһидің таяп қалғандығының
белгілері байқалып, уаһи түсе бастады. Уахидың
ауырлығынан қара терге түсіп,
қыс мезгілінің
суықтығына қарамастан маңдайынан маржан-
дай тер моншақтады» деп уаһидің түсу барысын-
да алла расулының шеккен қиындығын шебер
тілмен суреттейді.
Бұған қоса, өзі мұнафықтардың
жаласына ұшырып, әртүрлі өсек-аяңдарды естіп
қиналғандығын: «сол күні көзімің жасы суалғанша
жыладым. Тіпті кірпіктерім айқасып, ұйқыға бас қоя
алмадым»
623
деген секілді басынан өткен жағдайларды
баяндағанда жарасымды теңеу сөздерге жүгінгенін
көреміз.
Әкесі Әбу Бәкірден шежіре мен тарих, шешендік
және көркем өнер
сынды әдебиет саласындағы
ғылымдарды үйренді
624
. Ол кезде хазірет Әбу Бәкір
(р.а.) айтулы шешендердің өзі санасатын ділмар еді
625
.
Тіпті, шежіре мен өлең мәселесі қозғалған жерде елді
аузына қаратып отыратын Хассан ибн сабит секілді
үлкен ақын сахабаға алла елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм): «Әбу Бәкірге бар, өйткені ол әртүрлі
қауымдардың шежіресін сенен жақсы біледі», – деп
оған бағыт сілтеген. Әбу Бәкірден шежіре ілімімен
622
Бұхари, Бәдул Уахи 1 (3), Тәфсирул Құран (96) 1 (4672), Табир 1
(6982), мүслим, Иман 252 (160)
623
Бұхари, шәхадат 15 (2661), мәғази 34 (4141)
624
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\67 (24425), Хаким, мүстадрак 4\12 (6733)
625
Қараңыз: мүслим, фадаилус сахаба 157 (2490), Бәйхақи, сүнән
1\238, Хаким, мүстадрак 4\12 (6733, 6737), Табарани, әл-муғжәмул
кәбир 4\38 (3582)