Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет133/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152
Айша

Медицина
айша анамыздың көзі ашық болған тағы бір сала 
медицина болып табылады. Әрине, ол кездегі меди-
цина ғылымы қазіргімен салыстыруға келмейді. Ол 
кезде жұрт көбіне табиғи өсімдіктер және жануарлар-
дан алынған әртүрлі қоспаларды қолданып ем жасай-
тын. Бұл ғылымның кейінгі ұрпаққа жеткізілуінде 
ұстаз-шәкірт қатынасы маңызды орын алған. Бұл 
салада білікті жандар өздерінің жинақтаған білімін 
кейінгі ұрпаққа қалдырып, кейінгілер оны өз 
тәжірибелерімен байытуға тырысатын. 
алайда, анамыз медициналық білім алмаған. 
Ол өмір сүрген кезеңде бұл саланың ең бір білгірі 
«арабтардың дәрігері» деп аталған Харис ибни Кәлдә
689
болатын. Қоғамда кішкентай балаларды емдеумен ай-
налысатын әйелдер де бар еді. Ол кездері соғыс бола 
қалған жағдайда еркектер майданда соғысса, әйелдер 
жараланғандарды емдеумен айналысқан боламыз. 
айша анамыздың да осындай соғыстарда жүргенін 
689
Харис ибн Кәлдә алла расулынан бастап бірнеше сахабаны емде-
ген. мысалы, Уәда қажылығы кезінде ауырып қалған сағд ибн Әби 
Уаққастың көңілін сұрауға келген пайғамбарымызға хазірет сағд 
«Уа, расулалла! мына аурудан айығуым қиын секілді» деген. сонда 
пайғамбарымыз оған былай дейді: «алла саған шипа береді және сен 
арқылы бір қауымды қуанышқа бөлеп, бір қауымды қайғыға салаты-
нына сенемін». Хазірет сағдқа осыны айтқан пайғамбарымыз сол 
күні қасында болған дәрігер Харис ибн Кәлдәға қарап «Қолыңдағы 
бар мүмкіндігіңмен сағдты емде!» дейді. Пайғамбарымыздың 
нұсқауын алған хазірет Харис «Уаллаһи, осы жолы мен де оның 
жазылатынына сенемін» деп, расулалладан мәдина құрмасын 
сұрайды. Құрманы сүтке араластырып науқасқа ішкізгенде, ол тез-
ақ есін жиып, орнынан түрегеледі. Қараңыз: Бұхари, Уасая 2, фараиз 
6, мүслим, Уасия 5, сондай-ақ, қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 
1\633, 634, Ибн сағд, Табақат 5\507, Ибн Хажар, Исаба 1\594, 595


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
401
назарға алатын болсақ, ондай зерек жанның мұндай 
жағдайлардан үлкен тәжірибе жинақтағанын шама-
лау қиынға соқпайды. 
айша анамыз ұшқыр ойлы, парасатты адам 
болған. Көрген-естігенін ұмытпайтын, қызығушылық 
танытқан нәрсесін сұрап білмей жаны тыныш тап-
пайтын. айналасында болып жатқан барлық нәрсені 
зерттеп сұрастырып, мағынасын түсіне алмағандарын 
білетіндерден сұрап, міндетті түрде істің ақиқатын 
біліп алатын. Пайғамбарымыздың шаңырағына көп 
сапалы мектеп ретінде қарайтын. Емдеу тәсілдерін де 
бір кісідей меңгерген. Хазірет айшаның ғалымдығын 
сөз еткен жиені Уруа ем жасай алатын қабілетіне 
назар аудартып:
– Одан асқан білімпаз адамды көрмедім
690
,– 
деген. 
айшаның бұл қабілетін білетіндер келіп білмеген 
нәрселерін сұрап жататын. 
Ол кезде бұған тосырқай қарағандар да кездесті. 
Емдеу тәсілдерін қайдан үйренгенін сұрайтын. Бұлай 
сұрағандардың арасында ет жақындары да болды. 
Әпкесі Әсма анамыздың баласы Уруа ибн Зүбәйр (р.а.) 
да солардың бірі еді. Бір күні айша анамызға келіп:
– Өз басым сіздің ғылымдағы тереңдігіңізге, зор 
есте сақтау қабілетіңізге аса таңданбаймын. себебі 
іштей «расулалланың жары, Әбу Бәкірдің қызы тегін 
бола ма» деп мұны қалыпты қабылдаймын. Өлең мен 
тарихқа жүйріктігіңізден де хабардармын. «Жұрттан 
білімі озған құрайыш ғалымы Әбу Бәкірдің қызы ғой» 
деп қоямын. алайда, мына емдік тәсілдерді қалай 
690
Зәһәби, Тәзкиратул хуффаз 1\28, Ибнул Жәузи, сыфатус сафуа 2\32


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
402
меңгеріп алғаныңызды түсіне алар емеспін. Осыны 
түсіндіріңізші? – дейді.
сонда анамыз жиенінің арқасынан қағып:
– Уруәшім
691
, соңғы күндеріне қарай расулалла 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көп ауырды. сонда 
жан-жақтан емші арабтар келіп білген ем-домдарын 
жасап жатты. сол кезде көріп үйреніп алғандарым 
ғой
692
, – деді.
Өз сөзінен де байқалғанындай, айша анамыз 
сол кезде жасауға болатын ем әдістерін білетін және 
қолданатын. Бұл тәжірибесін өзгелер де пайдаланғысы 
келетін. алайда, Ислам діні қанат жайып келе жатқан 
уақыттар болғандықтан, анамыздың дінге қатысты 
біліміне көбірек қажеттілік туындап, бұл қыры аса 
еленбеген. Хазірет Уруа (р.а.) жұрттың діни білімге 
қызығушылығы және осы білім жоғалып кетеді деп 
алаңдағанына байланысты айша анамызға діни 
сұрақтар жиі қойылғаны, ал медицина ғылымы 
туралы мұндай уайым болмағандықтан, бұл саладағы 
бірқатар мәліметтің айша анамыздың қайтыс болуы-
мен жоғалып кеткенін қынжыла жеткізген
693


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау