Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
382
кезеңде ең
құнды нәрсе өлең болғандықтан, тарих-
ты да өлеңдетіп жазатын, мәжілістерін де өлеңмен
көркемдейтін. айша анамыз да бұл жерде өзіндік
орынды иеленді.
Ол өлең екі түрлі деп қарады:
жақсысы әрі
жаманы. Бірақ өзі
«Жаманын таста, жақсысын ал»
деген ұстанымда болды
651
. Өйткені, бұны расулалла-
дан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) естіген
652
.
Бір күні өзінен:
– расулалла өлең оқитын ба еді? – деп сұраған
хазірет шурайхаға:
– Иә, – деп жауап берген. нақты мысал ретінде
абдулла ибн рауаханың бір өлеңін оқығанын айтты.
мұны айтқанда сол өлеңнен мысалдар беруді де
ұмытпады
653
.
Есте сақтау қабілеті күшті болатын, естігендерін
ұмытпайтын, реті келгенде естеліктерін айтып
беретін. Бәдірден
кейінгі оқиғаларды өлеңмен
жеткізген меккеліктерден естігендерін бірнеше
жылдан кейін айтып, исламға деген өшпенділіктер
жайлы мүминдерді де хабардар еткен
654
.
Бірнеше
жылдан кейін бұл дүниенің қараңғылығынан
құтылып, өзін мешіт нәбәуиге аманат еткен қарт
651
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\299 (866)
652
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\299 (865), Дарақұтни, сүнән 4\156,
шафи, мүснад 1\366, сәмәни, Әдәбул имла уәл истимла 1\71
653
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\300 (867), ахмад ибн Ханбал, мүснад
6\138 (25115, 6\156 (25270), 6\222 (25904) Тирмизи, Әдәб 70 (2848),
нәсәи, әс-сүнәнул кубра 6\248 (10835), Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид
8\128, Тахауи, шәрху мәғанил әсәр 4\297. аталмыш өлеңнің Тарафа
ибн абдқа қатыстырылғаны туралы айтылады. Қараңыз: нәсәи, әс-
сүнәнул кубра 6\247 (10833, 10834), Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 5\278
654
Қараңыз: Бұхари, мәнәқибул ансар 45 (3921)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
383
әйелдің
ішкі сезімін жеткізіп
655
, тіпті бұлардың
біразын расулаллаға да айтқан. Хижреттен кейін
зиярат етіп барған хазірет Әбу Бәкір, Біләл және
фүхәйраның сағынышқа толы өлеңдерін естіп, бізге
жеткізген де
сол
656
.
Бір күні расулалланың қасында жахилия дәуірінің
ақыны Әбу Кәбир әл-Хүзәлидің өлеңінен екі жол
оқып, артынан:
– Егер Әбу Кәбир әл-Хүзәли көрсе, өлең
арнауға міндетті түрде сізді лайық көрер еді, –
деген. Өйткені, бұл өлеңінде Әбу Кәбир әл-Хүзәли
ұлының батырлығын жырлаған. мұны естігенде
пайғамбарымыз орнынан тұрып, сүйікті жарының
маңдайынан сүйіп, былай деген:
–
алда жарылқағыр, айша! мені қалай қуантсаң,
алла да сені солай қуантсын!
657
Хазірет айша Хандак күні сағд ибн
муаздың айтқан өлеңін жеткізді
658
, мүшріктердің
мұсылмандарға тіл тигізгенде, алла расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әуелі абдулла ибн
рәуаха, одан кейін Қағыб ибн мәлик және Хассан
ибн сабитке мұсылмандарды қорғап өлеңдетуді
тапсырғаны бар. сондағы олардың айтқан өлеңдерін
655
Бұхари, салат, мәнәқибул ансар 26 (3835)
656
Бұхари, фәдаилул мәдина 12 (1884), мәнәқибул ансар 46 (3926),
мәрда 8, 22 (5654, 5677), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\65 (24405),
6\221 (25898), 6\239 (26072), Ибн Хиббан, сахих 12\413 (5600)
657
Бәйхақи, сүнән 7\422 (15204), Әбу нуайм, Хиллиятул әулия2\46,
Хатиб әл-Бағдади, Тарихи Бағдад 13\253
658
Ибн Хиббан, сахих 5\498 (7028), Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 6\137,
Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 7\373 (36796)