Айша - ғылымның қайнар бұлағы
375
көркем сөзді терең меңгерген әртүрлі басқосуларда
Ислам дұшпандарының үнін өшіретіндей сөздер
айтқан. Оның осыншалықты терең мазмұны бар
өлеңдер айтқанына куә болған құрайыштар іркіліп:
«Бұл өлеңдер тек Ибн Әбу Кухафа айтатын
өлеңдермен мәндес екен немесе бұлар дәл Ибн Әбу
Кухафаның өлеңдері
626
, – деп таңданыстарын жасыра
алмай Әбу Бәкірдің осы салада өте шебер екендігін
білдірген.
Бүгінге дейін оны зерттегендер айша анамыздың
тіл тұрғысынан өз дәуірінде өте таза сөйлеген жан
екенін дәлелдеген
627
. Өз дәуірінде осы қырымен
де ерекшеленген. Пайғамбарлар мырзасы секілді
болашаққа да сөзі жететін жаннан парасатты тәлім
алуы, Әбу Бәкірдей сөзге жүйрік әкенің қолында
өсуі шешендікте таптырмас мүмкіндік болатын. Осы
мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана білген анамыз
шешендік жағынан да басқа әйелдердің арасын-
да дараланып тұрды. сол кезде болсын, болашақ
кезеңдерде болсын оның басқа аналарымыздан
ерекше қырлары қарастырылғанда «Әйелдерінің ара-
сында тіл жағынан ең шешені айша болатын» деген
сөздер осының айғағы
628
.
Бұл жайында табиғин әрі анамыздың шәкірті
мұса ибн Талха:
626
Ибн абдулбәрр, Истиғаб1\342
627
Зәркәши, әл-Ижәбә 57, Бути, айша Үммүл муминин 79
628
Зәркәши, әл-Ижәбә 35, 36
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
376
– шешендікте
айшадан
асқан
ешкімді
көрмедім
629
, – десе, тағы бір табиғин имамы ахнаф
ибн Қайс былай дейді:
– мен Әбу Бәкір, Омар ибн Хаттаб, Осман
ибн аффан, Әли ибн Әбу Тәліптің және басқа да
халифалардың құтбасын тыңдадым, алайда олардың
ешқайсысынан дәл айшаның аузынан естігендей
шешен сөз естімедім!
630
Табииндердің ұлы имамы Әбу мүләйканың
да таңданғаны бар. анамыздың өлеңіне деген
таңданысын әкесі хазірет Әбу Бәкірге қатыстырып
былай деген:
– Өлеңге жүйріктігіңе тәнті еттің, қанша деген-
мен сыддық Әкбардың қызы емеспісің?!
631
анамыздың жағдайын сұрап барған хазірет
мұғауия кететін уақыт болып рұқсат сұрағанда,
қасындағы хазірет Зәкуанға сүйеніп:
– Уаллаһи, мен (расулалланы қоспағанда) айша-
дан асатын сөзге шешен адам көрмедім!
632
– деген.
Хазірет мұғауияның анамыз туралы айтқаны
әрине бір бұл емес. Бір күні кездесіп қалған сәлим
ибн Әбихтен «адамдардың ең шешені кім?» деп
сұрағанда, «Егер қадалып сұрасаң айша!» деген
жауап алады. сонда оған қарап айша анамызды
меңзеп, былай дейді:
629
Тирмизи, мәнәқиб 62 (3884), Хаким, мүстадрак 4\12 (6735),
Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 9\243, Табарани, әл-мұғжамул кәбир
23\182 (292)
630
Хаким, мүстадрак 4\12 (6732), Зәркәши, әл-Ижәбә 57
631
Хаким, мүстадрак, 4\12 (6737)
632
Зәһәби, сияр 2\183
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
377
– Жапқан есігін ашқысы келсе, міндетті түрде
оны ашады және ашқан есігін жапқысы келсе, оны да
міндетті түрде жасайтын
633
.
Өйткені, ол сол кезде айналасында айша анамыз-
дан асқан сөзге шешен адамның жоқ екенін білетін.
сондай-ақ, хазірет мұғауия:
– Уаллаһи, мен айшадан асқан шешен адам
тыңдаған емеспін
634
, – деу арқылы мұны баршаға жа-
риялауды өзіне міндет деп санайды.
Жахилия дәуірінің ақындарынан ләбидке тән
мың өлеңді бір сәтте оқығанын естігенде, ұлы
имам шағби анамыздың қабілетіне таңданып
айналасындағыларға:
– сендер пайғамбарлық әдепті басқа қалай ойлап
едіңдер? – дейтін
635
.
Әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) мен айша анамыздың
әдебиетке жүйріктігінің астарында Құран мәдениетін
білуі, алла расулының құтбаларын тыңдаудағы
мұқияттылығы, пайғамбардың сөзін жаттап, түсінуге
құштарлығы, мұсылман ақындардың шеберлігіне
куәгерлігі және сырттан келіп жинақтарын ұсынған
ақын-жазушылардың өнерін көруі сияқты әрекеттер
жатыр.
сөйлеген кезде сөзді таңдап қолдануға аса
мән беретін, айналасындағыларға Құран таңдаған
сөздерді қолдануды ұсынатын. Өзіне келген язид ибн
Бабнус пен жолдасы перденің артынан оған:
633
Ибн Әсакир, Тариху Димашқ 19\196, ләләкаи, Иттиқаду Әхлис
сүннә 8\1436, Ибнул Жәузи, сыфатус сафуа 2\36, Исфәхани, әл-
Әғани 20\331
634
Зәһәби, сияр, 2\183
635
Зәһәби, сияр 2\197
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
378
– Уа, мүминдердің анасы, – деп, хайыз жағдайы
жалғасқан кезде жұбайларымен арақатынасты
сұрайды. мақсаттарын білдірген кезде қолданған
сөздері арасында Құранның таңдамаған сөздері де
кездескендіктен бұған жатырқай қараған анамыз
оларға:
– алланың таңдаған сөздерін қолданыңдар, –
деп ескерту жасаған
636
. негізінде ол Құраннан бас
тартқандарға ескерту жасап, алла сөзінен басқа іспен
шұғылдануды жөн санамайды және орынсыз сөздерге
куә болған кезде адамдарды оянуға шақыратын. Бір
күні жанына Ибн Әби саиб келеді. Оны көргенде:
–Үш нәрсе бар, бұл мәселеде сен маған бағынасың
немесе мен бұл мәселеде сенімен соңына дейін
күресемін, – дейді. мұны естіген ибн Әби саиб:
– Уа, мүминдердің анасы! Олардың не екенін
айтсаң мен саған әрине бағынамын, – дейді.
– Дұға еткен кезде алланың алдында тұрғандай
байсалды бол, өйткені мен расулалланың да,
сахабалардың да солай жасағанына куә болдым. Күн
сайын емес, тек жұма күні ғана жұртқа насихат айт!
Одан көп айтқың келсе, екі, ол жетпесе үш рет болсын!
адамдарды Құраннан суытпа! Барған мәжілістеріңде
ешкімнің сөзін бөлме. Егер мұндай жағдайға кезіксең,
оларды өз жайына қалдыр. Егер саған көңіл бөліп,
насихат айтуыңды сұраса, онда отырып сөйлесуден
тартынба!
637
анамыз нақты әрі түсінікті етіп сөйлегенді
ұнататын. Өйткені, расулалладан көргені сол.
636
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\219
637
Зәркәши, Ижәбә 176
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
379
Көпшілікке қарата сөйлеуде мұның маңызы зор.
Әсіресе, адамдардың ойы шашыраңқы және түрліше
мәліметтерге ие кезде бәрінің назарын еріксіз өзіне
аударып, естігендер түсінбей қалмауы үшін сөзін
қайталап айту қажет болатын. сөзін ұғынықсыз
етіп тез сөйлейтіндерді ұнатпайтын. расулалланың
сөйлеу мәнерін назарға ұсынып, сөзді жүрекке
жеткізе нақтылап айту керектігіне тоқталатын. Әбу
Хұрайраның (р.а.) да асыға сөйлеп хадис риуаят
еткенін көргенде:
– расулалла сөйлегенде арасында кідіретін. Әр
сөзі нақтылап айтатын
638
, – деп қарсылық танытты.
намаз оқыған кезде сыртта біреудің хадис риуаят
еткенін естіді. расулалланың сөзін жеткізуде, бірақ өте
тез сөйлегендіктен, сөздері ұғынықсыз еді. анығында
тағы бір жолы анамыз өзінен расулалланың сөйлеу
мәнерін сұраған кісіге:
Естіген жан әр сөзін талдап санайтындай ол баяу
әрі нық сөйлейтін
639
, – деп жауап бергені бар.
Есігінің алдында хадисті тез айтқан әлгі кісіге
әрине көңілі толмады. сөйтті де былай деді:
– Әлдекім есігімнің аузына келіп, маған да
естірте хадис риуаят етті де дереу ұшты-күйлі жоқ
болды. Ол кезде тәсбих тартып отыр едім. мен
тәсбихымды бітіргенше ол хадисті айтып үлгерді.
Егер артынан жете алсам, оған «расулалла дәл сіз
айтқандай етіп хадис айтпас еді» дер едім
640
.
638
Ибн Хажар, фәтхул бари 6\578
639
Бұхари, мәнәқиб 20 (3374), мүслим, Зүхд 71 (2493), Әбу яғла,
мүснад 8\136
640
Бұхари, мәнәқиб 20 (3375), Әбу Дәуіт, Илим 7 (3655), ахмад ибн
Ханбал, мүснад 6\118
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
380
айтпағын теңеу сөздермен білдіретін. мәселен,
расулалланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әсіресе
рамазан айындағы ғибадатын сөз еткенде, ол кісіні
әбігерлене етек-жеңін түріп, діттегеніне шапшаң
адымдап кетіп бара жатқан адамға ұқсатқан
641
. ал
намазға деген мұқияттылығын сипаттағанда:
намазының көркемдігі мен ұзақтығын сен сұрама,
мен айтпайын, – деген
642
.
Жомарттығын тілге тиек еткенде, не кезіксе бәрін
үйіріп алып кететін желге ұқсатқан
643
, алланың
бұйрығын қалтқысыз орындауын айтқанда, әйел са-
хабаларды меңзеп:
– алла хижрет жасауда алғашқы қатарда тұрған
әйелдерге рақым етсін!
Достарыңызбен бөлісу: |