360
Негізгі шектер
Қосымша шектер
Стрептококктік инфекция
белгілері
1. Кардит
2. Полиатрит
3. Хорея
4.
Теріасты
тҥйіндер
5. Анулярлы
эритема
1. Артралгиялар
2. Қызба
3. Шежіресінде ревматикалық
шабуылдың немесе жҥрек
ақауының болуы
4. Лейкоцитоз, ЭТЖ, сиал
қышқылдарының,
С-реактивті
белок деңгейінің артуы
5. ЭКГ-де Р-R аралығының ҧзаруы
6. Басқа белгілері: іштің ауыруы,
мҧрнынан қан кету, ревматикалық
пневмония жҽне т.б.
1. Жақында стрепткокктік
инфекциямен ауруы;
2. Тамағынан алынған
себіндіден А тобындағы
стрептококктің анықталуы;
3. АСЛ-О немесе басқа
антистрептококктық
антиденелердің титраның
артуы.
Жҥрек шамасыздығы Стражеско-Василенко жіктелісі бойынша анықталады, болмаса
– сол жҽне оң қарынша декомпенсациясы болып бҿлінеді.
Ревматизмнің анықтау (диагностикалау) шектерін (критерияларын)
балалар
ревматизмі ғылымының негізін қалаушы А.А. Кисель (1930-1938 жылдарда) қҧрастырған.
Анықтау (диагностикалық) шектерін негізгі (ҥлкен, арнайы) жҽне қосымша (кішкене,
бейарнамалық) болып, екіге бҿлінеді.
Кейбір ғалымдардың кҿзқарасы бойынша, ауруға ревматизм қою ҥшін екі немесе бір
негізгі жҽне екіден артық қосымша кҿрсеткіштер анықталу керек.
Негізінен тҧрақты, ҿте маңызды клиникалық белгілері болып кардит, хорея, содан
кейін полиартрит есептелінеді. Лабораториялық кҿрсеткіштер, кез-келген инфекциялық
процесстің ауырлық дҽрежесін анықтайтын бейарнамалық белгілер болып есептеледі.
Алғашқы ревматизм
Алғашқы ревматизмге жедел немесе жеделдеу даму тҽн болып келеді. Жоғарғы
тыныс жолдарының инфекциясынан (ЖРВИ, баспа, фарингит) 2-3 аптадан кейін
ревматизмнің алғашқы белгілері пайда бола бастайды: қызуының кҥрт кҿтерілуі,
интоксикация (уыттану)
белгілері, артралгия немесе полиатрия. Буындардың ҿзгеруі
науқастардың 1/3 бҿлігінде байқалады. Ревматизмдік полиатрит негізінен ҥлкен жҽне
орташа буындардың (тізе, шынтақ, балтыр-табан, иық, білезік буындары) симметриялық
зақымдалумен, онын ҧшпалығымен жҽне кҿшіп-қонғыштығымен (миграциялығымен)
сипатталады. Бҧл зақымдалулар 1-7 кҥндерде бірнеше буындарда байқалады. Буындар
ісініп, нҧсқасы тегістеліп, енжар жҽне белсенді қимылдар қатты шектеледі де,
терісі
қызарады, қолымен сипалағанда ыссылығы байқалады.
Патологиялық процесс қанша жедел дамыған болса да, тиімді емнің буындарадғы
ҿзгерістер салдарсыз жойылып кетеді. Дегенмен, жиі қайталанған жағдайларда, жҥрек
ақаулары пайда болған науқастарда, ҿте сирек кездесетін ерекше (казуистикалық) жағдай
ретінде созылмалы постревматикалық Жаку артриті байқалуы мҥмкін. Бҧл артрит қол
жҽне аяқ бастарының ҧсақ
буындарының, қол басының ілгері майысып, алақан-саусақ,
буындарының бҥгілуімен жҽне дистальдық (шеткі) буындардың кейін жазылуының
қосарлануымен сипатталады. 3-кҥн бойы дене қызуы кҿтеріледі де, буын синдромы
басыла бастағанда қалыптасады.
Буындардың зақымдалумен қатар, ревмокардит
белгілері пайда болып,
клиникасында басым бола бастайды. Ревматикалық кардитке патологиялық процесске
жҥректін ҥш қабатының да ҧшырауы тҽн болып келеді. Дегенмен, миокардит
ревматизмнің ерте пайда болатын жҽне міндетті тҥрде байқалатын белгісі болып
саналады. Миокардитпен қатар дамыған вальвулитті, қабырғалық
немесе хордиальдық
эндокардитті жҽне (немесе) клиникалық нашар білінетін перикардитті анықтап, диагноз
қою ҿте қиын болғандықтан, клиникадан жалпы тҥсінік беретін ―ревмокардит‖ деген ҧғым
қолданады. А.И. Нестеров кардиттерді айқын, орташа, шамалы білінген деп ҥшке бҿледі.