Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4


АО РТ А Қ АҚ ПАҒЫН ЫҢ ЖАРАМ СЫЗД ЫҒЫ



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет364/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   772
tusipkaliev pediatria

9.2.4. АО РТ А Қ АҚ ПАҒЫН ЫҢ ЖАРАМ СЫЗД ЫҒЫ
Аорта қақпағының жарамсыздығы
ер балаларда жиі байқалады және тек 
қана ревматизм тектес болмайды. 
Гемодинамикасы:
аорта қақпақтары толық жабылмағандықтан диастола кезінде қан 
аорта арқылы сол қарыншаға қайта қҧйылады. Осының салдарынан сол қарынша 
қабырғасы гипертрофияланып, дилатацияланып, сол жҥрекше ҽлсіздігінің белгілері, кіші 
қан айналым шеңберінде қан тоқырау пайда болады. Содан кейін, оң қарынша 
декомпенсациясы қосылады. Аорта қақпақтарының жарамсыздығы жедел дамығанда сол 
қарынша гипертрофияланып ҥлгермейді де, оның қуысы дилатацияланып, қос жарма 
қақпақтарының салыстырмалы жарамсыздығы пайда болуына ҽсерін тигізеді. Осының 
ҽсерінен сол қарынша ҽлсіздігі дамиды. Созылмалы аорталық жарамсыздығында жҥрек 
шамасыздығы кеш қалыптасады: жҥрек шамасыздығының қалыптасуына миокардтың 
ревматикалық зақымдалуымен қатар, гипертрофиялық миокардпен жҥректің тамыр 
торларының сҽйкес келуіне байланысты пайда болатын коронарлық жарамсыздықтың 
жҽне диастола кезінде қан аортадан сол қарыншаға ағып кететін болғандықтан, жҥрек 
тамыр торына қан жеткілікті бармауының ҽсері тиеді. Аорталық жарамсыздықтың 
гемодинамикалық ерекшеліктерінің қалыптасуында жалпы шеткі қарсылық артуы 
керісінше ҽсер етеді. Бҧл ақауда шеткі тамырларды кеңейтетін дҽрілерді 
(вазодилататорларды) қолдану осыған негізделген. 


369 
Клиникалық белгілері
аорта қақпақтарының зақымдалу дҽрежелерімен 
анықталады. Шамалы зақымдалуларда шағымдары болмайды. Бҧл жағдайда тҿстің сол 
жақ қыры бойында қабырға аралықта жақсы естілетін 2-ші тонмен байланысты 
протодиастолалық шу жалғыз ғана белгісі болып келеді. Содан кейін (2-3 сатысында) 
ентікпе, жҥрек соғуы, жҥректің шалыс соғуы, жҥрек тҧсының ауыруы (қан 
жетіспеушілігінің ҽсері), басы айналуы пайда болады. Баланың дене дамуы (кҿбіне 
салмағы) қалыс қалады. Каротидтер (ҧйқы артерияларының биі) жҽне тез пульс, пульстік 
қысымның артуы (систолалық қысым артып, диастолалық қысым сынап бағасымен 20-40 
мм-ге дейін одан да тҿмен азаяды), капиллярлық пульс (тырнақ шетін сҽл басқанда қызыл 
жҽне ақ толқын тҽрізді артериялардың патологиялық соғысы) сияқты ҿзіне тҽн шеткі 
белгілер пайда болады. Мюсси белгісі (басының тербелуі), қарашықтың кеңеюі жҽне 
тарылуы (Ландольфия белгісі) балаларда сирек кездеседі. Жҥрек ҧшының серпінінің 
жайылып, биіктегені, жҥрек шекарасының негізінен солға, кеңейгені анықталады. 
Аускультация жасағанда, екінші қабырға аралықтағы протодиастолалық шумен қатар, оң 
жақта (кейде қатқыл болып келеді) қолқаның салыстырмалы тарылуының систолалық 
шуы, жҥрек ҧшында митральды қақпақтық салыстырмалы (сол қарыншаның дилатациясы) 
систолалық шуы, Флинттің ирисистолалық шуы (митральдық салыстырмалы тарылу) 
анықталады. Бҧның бҽрі қҧрама немесе қосақ ақаулар бар деген жалған болжам жасауға 
ҽсерін тигізуі мҥмкін. Ҥлкен тамырлар деңгейінде пистолеттің атылуы тҽрізді. Траубенің 
қос тоны (артерияның қабырғасының систола жҽне диатола кезендегі тербелісіне 
байланысты), артерияны фонендоскоппен басып, кішкене қысқанда ҽдеттегі систолық шу 
орнына, Дюрозье қос шуы (систолық жҽне диастолық), қолқа деңгейінде 2 тонның 
ҽлсірегені анықталады. 
Қолқа жарамсыздығында жҥрек шамасыздығы, жиі қайталамаларда жҽне қақпақтар 
айқын деформацияланғанда, кҿбіне сол қарынша ҽлсіздігі тҥрінде пайда болады. 
ЭКГ-да
сол қарынша гипертрофиясының белгілері болады. Қақпақтың кішкене 
ақауларында шу тыңдағанда жақсы естіледі, сол ФКГ-да ол ҿте айқын естіледі. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау