Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4


 БІ Р Ж АСТ АН АСҚАН БАЛ АЛ АРД Ы Т АМАҚТАНДЫРУ



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет136/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   772
tusipkaliev pediatria

 
1.9.2. БІ Р Ж АСТ АН АСҚАН БАЛ АЛ АРД Ы Т АМАҚТАНДЫРУ
Бала бір жастан асқанда қарқынды дамуы жҥре береді, жекелеген жҥйелер мен 
мҥшелер, орталық нерв жҥйесі басшылық ететін организмнің барлық ҿмірді қамтамасыз 
ететін іс-ҽрекеттері ҿсіп жетіледі. 
Организмнің бейімделу (адаптациялық) жҽне компенсаторлық механизмдері 2-3 
жастан кейін одан ҽрі дами бастайды. Баланың ҿсуіне, дамуына сыртқы орта ҽсер етеді. 
Организмнің сыртқы ортамен тығыз байланыстылғының педиатрияда маңызы ҥлкен. Бҧл 
тҧрғыда баланы тамақтандырудың маңызы ҥлкен болып келеді, ҥйткені тағамдық 
заттардың ҽсерінен организмнің ішкі ортасының қасиеті ҿзгеріп отырады. Солай бола 
тҧрса да жастан асқан баланың ас қорыту жҥйесінің қабылеті арыта тҥседі, тамақтың 
дҽмін ажырату мҥмкіндігі ҿсіп жетіледі. Жҥйке-жҥйесінің дамуына байланысты тамақтану 
кезіндегі қоршаған ортаға, дастарғанның ҧйымдастыру жағдайына, тамақтың тҥрлеріне 
баланың ҿзіндік жауабы болады. Қарынның механикалық тітіркенуі асқазанның сҿліністік 
ҽрекетіне ҽсер етеді. Осыған орай, берілетін тағам мҿлшері асқазан сиымдылығына сай 
келуі керек 
.
 
9-КЕСТЕ 
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘУЛІКТІК 
ТАҒАМНЫҢ ТИІСТІ МӚЛШЕРІ 
Жасы 
Тҽуліктік тағам 
мҿлшері, мл 
Жасы 
Тҽуліктік тағам 
мҿлшері, мл 
1 – 1,5 
1000 – 1100 
5 – 7 
1600 – 1800 
1,5 – 3 
1200 – 1500 
7 – 11 
2000 – 2200 
3 – 5 
1400 – 1500 
11 – 14 
2300 – 2500 
Балалардың негізгі тағамдық заттарға жасына байланысты тиісті мҧқтаждығы 
12 
кестеде
берілген. 
 
10- КЕСТЕ 
БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАРҒА ЖАСЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ МҦҚТАЖДЫҒЫ
Жасы 
Белок 
Май 
Кӛмірсулар 
Килокалориясы 
(Кг дене салмағына граммен есептегенде) 
1 – 1,5 
4 – 4,5 
4 -4,5 
15-16 
110 
1 .5 -3 
4-6 
7-11 
12-15 
4,0 
3,5 
3,0 
2,5 
4,0 
3,5 
3,0 
2,5 
14 -15 
14-15 
12-13 
10 
100 
90 
80-70 
70 – 60 


163 
Баланың ас мҽзірін қҧрағанда, тҿмендегі негізгі элементтерге кҿңіл аудару керек: 
баланың негізгі тағамдық заттарға мҧқтаждығы, ҽртҥрлі тағамдардың қҧрамы жҽне 
ҽртҥрлі тағамдық заттардың маңызы, тамақтың кҥн бойына бҿлінуі, дайындау тҽсілі жҽне 
тамақтың дҽмдік қасиеті. Жаңа клеткалар мен тканьдар ҥшін жҧмсалған белоктардың 
орнын толтыру, баланың ҿсіп жетілуі ҥшін белоктардың ҿте қажет екені белгілі. Оның 
азоттық балансы бір қалыпта тҧруы ҥшін де маңызы зор екені белгілі. 
Организмнің дҧрыс жетілуі ҥшін белоктың саны, мҿлшері ғана маңызды емес, оның 
биологиялық сапасы да ҥлкен орын алады. Белоктың биологиялық сапасы оның 
қҧрамындағы амин қышқылдарымен анықталады. Баланың тҽуліктік тағамындағы 
белоктың қҧрамында тҿменгі амин қышқылдары болуы керек (мг/кг): гистидин 32, 
изолейцин 90, лейцин 150, лизин 150, метионин 65-85, фенилаланин 90, треонин 60, валин 
93, триптофан 22. Жекелеген амин қышқылдарының мҿлшерімен қатар, кейбір амин 
қышқылдарының қарым-қатынасы да маңызды болып келеді. Амин қышқылдарға 
мҧқтаждыктың 40% жуығы ауыспайтын амин қышқылдарымен қанағаттандырылуы керек. 
Кейбір ҿмірге қажетті амин қышқылдарының (триптофан, лизин) жҽне қҧрамында бар 
амин қышқылдарына (метеонин, цистин) қатынасы 1:3:3 болуы керек. 
Организмге қажетті белоктың 1-3 жаста – 75%, 4-6 жаста – 65%, 7 жастан бастап
50% жануарлар белогімен қамтамасыз етілуі керек. 
Майлардың қҧрамында кҿптеген биологиялық қҧнды заттар бар: қаныққан жҽне 
қанықпаған май қышқылдары, фосфатидтер, стеариндер жҽне т.б. Организмде май 
энергия ғана болып қоймай, ол иммунитетті қамтамасыз етуші, А, Д, Е,U витаминдері 
сияқты майда еритін заттарды тасымалдаушы ретінде маңызды болып келеді. Кҿмірсулар 
мен белоктардан калорияны 2 есе артық беретін майлар тамақтың кҿлемін азайтып,
дҽмділігінің арттыруға мҥмкіндік береді. Сонымен қатар, майдың шамадан тыс болуы 
ҧйқы безінің инсулярлы аппаратының зорлануынан, аммиактың, кетондық денелердің, 
фосфаттардың жҽне т. б. мҿлшері кҿбейіп, ацидоздың пайда болуына ҽкеліп соқтырады. 
Баланың қалыпты тамақтануы ҥшін майдың сапасының маңызы ҥлкен. Соңғы 
мҽліметтер бойынша ҿсімдік майлар жалпы май мҿлшерінің 5-10%-ын қҧрауы керек. 
Белок пен майдын қатынасы 1:1 болуы керек. 
Кҿмірсулар организмде негізінен энергияның кҿзі ретінде қызмет атқарса, аздау 
мҿлшерде қҧрылыстық материал болып келеді. Кҿмірсулар белок алмасуына қатысады, 
майдың тотығуына ықпал етеді. Тамақ қҧрамында кҿмірсулар жеткілікті мҿлшерде 
болғанда белоктың ыдырауы азаяды. 
Кҿмірсулар жеткіліксіз болғанда, ҽсіресе, денеге салмақ тҥскенде, организмде 
жойылған ҽнергия алғашқыда жедел ыдырай бастайтын қордағы маймен қамтамасыз 
етіледі. Содан кейін ғана белок ыдырай бастайды. Сонымен қатар, кҿмірсулар жетіспей 
май жҽне белоктардың кҿп болуы ацидоздың пайда болуына ықпал етеді. 
Кҿмірсулар 98% жуығы сіңіріледі де, организмге қажетті энергияның 50% 
қамтамасыз етеді. Белок, май жҽне кҿмірсудың қатынасы 1:1:4 болу керек. 
1,5 жасқа дейін балалар кҥніне 5 рет (бірінші ертеңгі ас, екінші ертеңгі ас, тҥскі ас, 
бесін ас, кешкі ас), 1,5 жастан бастап кҥніне 4 рет тамақтану керек (ертеңгі ас, тҥскі ас, 
бесін ас, кешкі ас). 
11-КЕСТЕ 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау