ЖАСАНДЫ ЖӘНЕ АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУ
Тҽуліктік тағам мҿлшерінің 1/3 бҿлігі жасанды тағамдардан тҧратын болса – аралас
тамақтандыру болып есептелінеді. Берілетін тамақ – ҥстеме тамақ деп аталады.
Аралас тамақтандыру табиғи тамақтанатын дені сау балалардың дене салмағының
арытуы тоқтап қалғанда қолданылады. Бҧны қадағалау ҥшін апта сайын тіптен одан да жиі
салмағын объективті тексеру ҽдісі қолданылады. Оның басқа себептері табылмаған кезде
ғана ҥстеме тамақ беріледі. Тексеру 1-2 аптадан кем жҥргізілмеуі керек. Кейде анасы
жҧмыс істеп, мерзімінде емізуге немесе сауылған сҥтті сақтай алмайтын жағдайда ҥстеме
тамақ мҿлшері ана сҥтінің кҿлеміне сҽйкес болып келеді. Кейде бір немесе барлық
тамақтандырудан кейін ҥстеме тамақ беріледі. Кейде толық емшекпен тамақтандыруды
сҥт қоспаларын берумен алмастырып отырады.
Шамамен ана сҥтінің кҿлемі белгілі болғаннан соң, жетіспеген жерін сҥт
қоспаларымен толықтырады. Ҥстеме тамақ біртіндеп беріледі. Басында кҥніне бір
160
(мҥмкіндігінше кешке 18.00–19.00 сағатта) рет, кешке беріледі. Сҽбиді 5-10 минут
емізгеннен кейін, шай қасықпен ҥстеме тамақ беріледі.
Аралас тамақтандыруда тамақтандыру жиілігі табиғи тамақтандырудағыдай болып
қала береді.
Жасанды тамақтандыру деп емшек сҥті тіптен болмайтын немесе оның мҿлшері
тҽуліктік тамақтың 1/5 бҿлігінен аз болатын жағдайларды айтады.
Дҥние жҥзінде алғашқы айдан бастап сҽбиді жасанды тамақтандыру, ол ҥшін эколо-
гиялық зардап болып есептеледі деген пікір қалыптасқан. Себебі, ана сҥтімен жасанды сҥт
қоспаларының айырмашылығы, ҽсіресе биологиялық қасиеттері бойынша, ҿте ҥлкен.
Аралас немесе жасанды тамақтандыруға аударуға себеп болатын негізгі кҿрсеткіш
гипо- немесе а- галактия. Ҿкінішке орай олардың саны соңғы кезде ҿсіп келе жатыр.
Дҧрысы емшекпен тамақтандыруды бейімделген ҿнеркҽсіптік жасанды сҥт
қоспаларымен ауыстыру. Себебі, олардың химиялық қҧрамы ана сҥтіне жақын болып
келеді де, емшек жасындағы балалардың ас қорыту жҽне зат алмасу ерекшеліктеріне
сҽйкес болып келеді.
Бейімделмеген қоспалар қолданғанда ащы қоспалар берген жҿн.
Себебі, олардың
тҧщы қоспаларға қарағанда артықшылығы бар: белок ҧйыған кҥйінде болады, сҥт қыш-
қылды бактериялар казеиннің ыдырап, амин қышқылдары мен пептин тҥзуіне ықпалын
тигізеді. Сҥт қышқылды бактериялар ортаның РН 5,0-7,0 болғанда жақсы ҽсер етеді.
Ащы сҥт қоспалары асқазаннан тҧщы сҥтке қарағанда, баяу жҽне біркелкі ығысады.
Ҧйыған кезде тҥзілген сҥт қышқылы асқазанның сҿліністік қызметінің артуына ықпалын
тигізеді. Бҧл қоспалар оңайлау қорытылады. Бактериялық ферменттік ыдырауда қант
мҿлшері азайып, оның жеңілдеу қабылдануына, ҽсіресе лактоздық жетіспеушілікке ықпал
етеді. Сонымен қатар, ащы сҥт қоспалары ішек микрофлорасының қалыптасуына ықпал
етеді.
Қосымша тамақ, табиғи тамақтандырылатын балаларға қарағанда, ертерек беріледі.
Себебі, олар жасында сҥт қоспаларының қҧрамында кҿптеген жаңа тағамдық заттармен
(белок, полисахаридтер, липидтер жҽне тағы басқалар) ерте танысып, бейімделеді. Осыған
орай жаңадан қосылған 1-2 тағамдық заттарға (жеміс шырыны, пюресі, ботқа жҽне т.б.)
тез ҥйреніп кетеді.
Сонымен, жасанды тамақтанатын сҽбилердің тамақтануы арнайы, жекеленген бақы-
лауды талап етеді. Осыған орай, қосымша тағам оларға тҿмендегі мерзімдерде беріледі.
Бірінші қосымша тамақ (кҿк-ҿніс пюресі) 4,5-5 айдан, екінші қосымша тамақ (дҽнді
негізде) 5,5-6 айдан бастап беріледі. Дегенмен, сҽбидің жеке ерекшеліктерін ескере оты-
рып, бірінші қосымша тамақ ретінде дҽнді тағамдар беруге болады. Жеміс шырындары
мен пюрелерін 3 жҽне 3,5 айдан бастап берген жҿн. Жекеленген жағдайларда оданда
ертерек (1,5 айдан бастап) беруге болады. Жҧмыртқа сарысын, етті 7 айдан бастап берген
жҿн. Айран жҽне басқа ащы сҥт тағамдары мен сиыр сҥтін қажет болса, табиғи тамақтан-
дырудан, ертерек 7 айдан бастап беруге болады. Дегенмен, бҧл балаларды тамақтандыру
ҥшін арнайы сиыр сҥті негізінде дайындалған ҿндірістік сҥт тағамдарын таңдаған жҿн.
Жасанды тамақтандыру тҽртібі:
1.
Тамақтың тҽуліктік мҿлшері белгілі кҿлемдік жҽне калориялық тҽсілдермен,
сҽбидің жасына жҽне дене салмағына сҽйкес анықталады.
2.
Тҽуліктік тамақтандыру санын 1 ретке азайту керек (5-тен аз болмауы керек).
3.
Қоспалар емізікпен беріледі.
4.
Жаңа туылған жҽне алғашқы 2-3 айда міндетті тҥрде бейімделген қоспалар
беру керек.
5.
Физиологиялық мҧқтаждылығы 1 кг дене салмағына бейімделген қоспаны
пайдаланғанда белок 2-2,5 г, бейімделмеген қоспада белок – 3-3,5 г. Май мен
кҿмірсуларға мҧқтаждығы табиғи тамақтанғандағыдай.
161
6.
Бейімделген қоспалармен тамақтанатын балалардың энергияға мҧқтаждығы табиғи
тамақтанатын балалармен бірдей болады. Бейімделмеген қоспалар пайдаланғанда
энергияға мҧқтаждығы 10% артылады.
7.
Қоспаларды сҽбиге емізік арқылы 35–40
о
дейін жылытып беру керек. Емізіктің тесігі
ҿте ҥлкен болмауы (шыныны тҿмен қаратып ҧстағанда қоспа тамшылап ағуы қажет)
керек
(83-а сурет).
Баланы тамақтандырған кезде шынының мойыны ҧдайы толып
тҧрып, ауа жҧтуға мҥмкіндік бермейтіндей болуы керек
(83-в сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |