М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет98/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   149
kulgildinov-kolik

Жөндеуге жарамдылық
дегеніміз – техникалық қызмет көрсету 
мен жөндеу жұмыстарын өткізу арқылы машинаның тоқтап қалуы 
мен ақауларын байқауға немесе ескеруге бейімделу қасиеті. Жөндеуге 
жарамдылық – сапа көрсеткіштерінің бірі. Оның сандық көрсеткіште-
ріне техникалық күту мен жөндеуді орындауға арналған құралдар мен 
еңбек шығындарының орташа мәндері жатады.
1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
Машиналардың физикалық (материалдық) тозуы
– машинаның 
детальдар ақауы мен тораптар және агрегаттар бұзылуларының жина-
лып қалуы нәтижесінде өзіне қойылған талапқа сәйкес болмай қалу 
жағдайы. Физикалық тозудың түрлері: бірінші қатарлы және екінші 
қатарлы. Бірінші қатарлы тозу машинаны пайдалану барысында туын-
даса, ал екінші қатарлы тозу жұмыс істемей тұрған машинада да пайда 
бола береді.
Бірінші қатарлы тозудың пайда болуының негізгі себептері 
детальдардың жұмыс беттерінің үйкелуі нәтижесінде олардың тозу 
процесінде жатыр. Ал екінші қатарлы тозу машина детальдарына 
үйкеліспен байланысты емес басқа да көптеген факторлардан туын-
дайды: атмосфералық тат басу, материалдар мен химиялық заттардың 
қажуы, деталь қабаттарында кернеулердің қайта таралуы және т.б.
Машинаның физикалық тозуы өскен сайын, оның құны да 
төмендейді, себебі оны қалпына келтіруге көп шығын жұмсауға тура 
келеді. Бұл экономикалық критерийді қолдана отырып, физикалық 
тозудың сандық өлшеуіштерін табуға мүмкіндік береді. 
Машинаның физикалық тозуы оның элементтерінің (деталь, торап 
және агрегат) тозуынан құралады. 
Детальдің физикалық тозуының сандық мәнін анықтау үшін 
төмендегі коэффициенттер пайдаланылады:
a
d
d
g
H
1
100
=


a
t
g
g
H
T
2
100
=

; (1.2)
мұндағы, 
a
g

– бірінші қатарлы тозуға түскен детальдің физикалық тозу 
дәрежесі, %; 
d
н
– жұмыстық беттің нақты тозуы, мм; 
d
ш.т 

 
жұмыстық 
беттің мүмкін болар шектік тозуы, мм; 
a
g

– екінші қатарлы тозуға 
түскен (мысалы, қажуға түскен) физикалық тозу дәрежесі, %; 
t
н
– 
детальдің жұмыс істеуінің нақты мерзімі, сағ (немесе жүктеме циклі); 
ш.т


160
t
g
– детальдің бұзылуына немесе оның тіптен істен шығуына дейінгі 
жұмыс істеу мерзімі, сағ (жұмыс циклі).
Бірнеше жұмыстық беттер үйкелген кезде олардың тозу дәрежесі 
ең көп тозған бет негізінде жүргізіледі. Детальдар тозуының сандық 
өлшегіштерін, сондай-ақ, машинаны жөндеуге жіберу мерзімін
күнтізбелік периодтар бойынша детальдарды жіберу жоспарын, 
жіберілетін детальдардың атаутізімі мен санын және т.б. анықтауда 
пайдаланады.
Агрегат пен машинаның физикалық тозу дәрежесінің толыққанды 
мәні экономикалық көрсеткіштің көмегімен анықталуы мүмкін. Ал 
физикалық тозудың экономикалық өлшемі ретінде тозуды жою үшін 
жасалатын жөндеуге кеткен шығындар алынады.
Агрегаттың немесе машинаның физикалық тозуының экономика-
лық көрсеткіші төмендегі формуламен анықталады:
a
ф

R
· 100 / 
K
1

D
T
; (1.3)
мұндағы, 
a
н 
– машинаның физикалық тозуының экономикалық 
көрсеткіші, қайта өндіру құнынан %; 
R
– агрегатты немесе маши-
наны жөндеудің сметалық құны, теңге; 
K

– машиналардың жаңа 
конструкцияларының пайда болуына байланысты құнсыздануды 
ескергендегі физикалық тозуды анықтаудағы агрегатты немесе ма-
шинаны толық жаңғыртудың құны, теңге; 
D
T
– ұқсас машиналарды 
жөндеу тәжірибесінен алынған қалдық тозудың салыстырмалы ша-
масы, %.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау