М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет96/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   149
kulgildinov-kolik

БАқылАу СҰРАқТАРы
1. Өнеркәсіптік роботқа сипаттама беріңіз. 
2. Өнеркәсіптік роботтың құрылымдық сұлбасын түсіндіріңіз.
3. Өнеркәсіптік роботтың негізгі техникалық көрсеткіштері 
қандай?
4. Өнеркәсіптік робот, қолмен басқарудағы манипулятор және ав-
тооператор арасында қандай айырмашылықтар бар?
5. Орындайтын функцияларына қарай өнеркәсіптік роботтар қалай 
бөлінеді?
6. Роботтарды аспаптармен қамтамасыз ету үлгілерін келтіріңіз 
және олардың қоланылуы жайлы айтыңыз.
7. ММТУ-да ойлап табылған роботтардың негізгі көрсеткіштерін 
келтіріңіз.
8. СМ-100 машинасында қандай жұмыс жабдықтары 
қолданылады?
9. Мобильді роботталған кешеннің техникалық сипаттамалары 
қандай? 
10. Аспалы жабдықты мобильді роботтың құрылысы қандай? 
11. Механикалық қолдың негізгі артықшылықтарын атаңыз. 
12. Робот қармауының қандай негізгі үш типі өндірісте қолда-
нылады?


157
2 - Б ө л І М . КөлІК ТЕхниКАСын ЖөндЕу 
ТЕхнОлОГияСы нЕГІздЕРІ
1-тарау. МАшинАлАРды ЖөндЕудІҢ ТЕОРиялық
нЕГІздЕРІ
1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
Кез келген көлік техникасында пайдаланудың нақты жағдайларында 
оларды тиімді қолданудың мүмкіндігін анықтайтын сапалар жиынтығы 
мен пайдалану сипаттамалары болады. Машиналардың пайдалану 
сапасының саны өте көп, алайда оларды іс жүзінде қолдану үшін жал-
пылама үш сипаттамасын ерекше бөліп алуға болады: машиналардың 
жұмысқабілеттілігі, сенімділігі және ұзақмерзімділігі.
Жұмысқабілеттілік
терминіне машинаның төмендегідей негізгі 
техникалық көрсеткіштері кіреді: қозғалтқыш қуаты, тартым күші, 
жүккөтерімділік немесе сыйымдылық, қозғалыс жылдамдығы, отын 
үнемділігі, пайдалы әсер коэффициенті және т.б.
Машинаның жұмысқабілеттілігі сан жағынан оның орындаған 
жұмысының тиімділігі, яғни белгіленген сапаны сақтай отырып, сол 
жұмыстың өнімділігі және өзіндік құны арқылы бағаланады.
Сонымен, егер машинаның өнімділігі белгіленген нормаларға сәйкес 
болса, машинаны күтуге жұмсалған шығын шекті шамадан аспаса, ал 
жұмыс сапасы бекітілген талаптарды қанағаттандыра алса, онда машина 
жұмысқа қабілетті деп есептеледі. Осыған сәйкес «жұмысқабілеттілік» 
түсінігі машина қандай техникалық көрсеткіштерге ие бола алады, пай-
далану барысында бұл көрсеткіштерде қандай ауытқулар болуы мүмкін 
деген сұрақтарға жауап беруі тиіс, яғни машинаны пайдалануға берген-
нен соң қандай да бір уақыт өткеннен кейінгі оның сапалық жағдайын 
көрсетеді. Белгіленген талаптарға сәйкес анықталатын қажеттіліктерді 
қанағаттандыру үшін жұмысқа жарамдылығын білдіретін машинаның 
қасиеттері жиынтығы оның сапасы болып табылады.
Машина қолданыста болған сайын бұл сапа сипаттамалары 
өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Машина конструкциясы және өндірілуі 
бойынша қаншама жетілдірілген болса да, уақыт өтуімен ол алғашқы 
сапаларын жоғалтады, бірқатар техникалық көрсеткіштері төмендейді: 
қозғалтқыш қуаты азаяды, отын мен майлау материалдарының шығыны 
өседі, жұмыс сапасы да нашарлайды. Мұның бәрі машинада ақаулар 
пайда болуымен түсіндіріледі.
Егер машинаның тоқтаусыз және бұзылмай жұмыс істеу барысында 
жұмыс сапасы мен үнемділігінің өзгеруі рұқсат етілген аралықта бол-


158
са, онда мұны қалыпты жағдай деп атайды. Осы қалыпты жағдайдағы 
жұмыстың бұзылуы машинаның ақаулығы болып саналады.
Машинаның торабы немесе агрегаты жұмысының бұзылуы оның де-
тальдарында ақаудың пайда болуына септігін тигізеді. Ал ақау дегеніміз

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау