М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


нормативті құжаттамалар бекіткен талаптардан рұқсат етілмеген ауытқу  болып табылады.  Кез келген  техниканың сенімділігі



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет97/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149
kulgildinov-kolik

 
нормативті құжаттамалар бекіткен талаптардан рұқсат етілмеген ауытқу 
болып табылады. 
Кез келген 
техниканың сенімділігі
дегеніміз – берілген ре-
жимдер мен пайдалану жағдайына, техникалық қызмет көрсету 
және жөндеу жұмыстарына, сонымен бірге сақтау мен тасымалдау 
жұмыстарына сәйкес келетін берілген шамадағы бекітілген пайдалану 
көрсеткіштерінің мәнін уақтылы сақтай отырып, берілген міндеттерді 
орындаудағы машинаның қасиеті. Машинаның (оның жиналмалы 
бөлшектері мен бірліктерінің) сенімділігі олардың ұзақ уақыт қызмет 
етуімен, тоқтаусыз жұмыс істейтіндігімен, жөндеуге жарамдылығымен 
және сақталатындығымен ерекшеленеді.
Машинаның сенімділігі жоғары болған сайын оның өнімділігі де 
өседі.
Сан жағынан сенімділік төмендегі формуламен анықталатын 
сенімділік коэффициентімен 
h
c
өрнектеледі:
h
c
A
A B
= ⋅
+
100
/(
)
, (1.1)
мұндағы, А 

машина жұмысының толық жоспарланған көлемі, сағ; В 

жоспарланған жұмыс көлемін А-ны орындау барысында машинаның 
техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалуы, сағ.
Сонымен бірге сенімділік сан жағынан ақау салдарынан тоқтап 
қалған екі мерзім арасындағы қалыпты жұмыстың орташа уақытымен 
де сипатталады. Машина сенімділігі оның детальдарының, тораптары 
мен агрегаттарының сенімділігіне тығыз байланысты.
Әртүрлі маркадағы машиналардың сенімділігін анықтау барысында 
оларды пайдаланудағы белгілі бір период аралығындағы тоқтап қалу 
мерзімінің барлығын есепке алу қажет. Алайда сенімділік маңызды 
сапаларды анықтағанымен, машинаны пайдаланудың экономикалық 
тиімділігіне толық баға бере алмайды. Сондықтан машина сапасына 
толық баға беру үшін сенімділікпен бірге машинаның ұзақмерзімділігін 
анықтау қажет болады.
Сонымен 
ұзақмерзімділік
дегеніміз – машинаны пайдаланудан бас-
тап оны тізімнен шығарып тастағанға дейінгі сағатпен немесе километр 
жүріспен көрсетілген машинаның жалпы жұмыс істеу мерзімі, бұл мерзім 
сонымен бірге машинаның сенімділігі мен жұмысқабілеттілігін қалпына 
келтіру үшін экономикалық тұрғыдан алғанда қажет болуы тиіс.
Машинаның ұзақмерзімділігі оның детальдарының ұзақмерзім-
ділігіне тікелей байланысты.


159
Машина жағдайына баға беру үшін оның жөндеуге жарамдылығы 
мен физикалық және моральді тозуын да анықтау қажет болады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау