Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы « __ » _________
№ бұйрығына
3-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар
(ауыртпалықтар) және оның техникалық
сипаттамалары туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорация және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, Мемлекеттік корпорация белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады, бұл ретте құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын өткізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша; адвокаттар, уақытша банкроттық және оңалтушы басқарушылар үшін тарату комиссиялары, кондоминиум объектісінің қатысушысы, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде:
Мемлекеттік корпорация:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салу;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа беріледі).
Адвокаттар ордер табыс етеді.
Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар тиісті сот шешімдерін табыс етеді.
Тарату комиссиялары бұйрықты табыс етеді.
Кондоминиум объектісінің қатысушысы пәтерге меншік құқығын растауға негіз болатын құжаттарды не кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын табыс етеді.
Порталға:
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Мемлекеттік мәлімет жүйелеріндегі жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызмет көрсетушінің және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет алуға жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттарды қабылдау кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс мекенжайы, 8 (7172) 74-07-37 телефоны бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды кабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы Мемлекеттік корпорация кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпаратқа қолжетімділігі болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немес қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүру, бейімделу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұратын жеріне бара отырып 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен, жүргізеді.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорация – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысаны
_____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)
Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға
№ ________ сұрау салу
Мен, _____________________________________________________________________________
(тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________________
(паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және деректемелерi)
_____________________________________________________________________негізінде
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)
_________________________________________________________атынан әрекет етушi
(уәкiлеттi өкiл толтырады)
Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу
жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама;
жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiметтер қамтылған техникалық паспортқа қосымшаларды;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеуші орган растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi;
жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді.
Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi ________________________________
Объектiнiң орналасқан жерi __________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
__________________________________________________________________
Күнi_____/ __________________________________________________/_______________
(өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
_____________________________________________________________________________
(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Сұрау салуды орындау /қарау нәтижесi: ________________________________
тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________ ______________
_____________________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___»________
(қолы)
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысаны
Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
_________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының № ___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-бірден жасалды.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон ______________________
Алдым: ___________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының / Т.А.Ә. қолы
20___ жылғы «___» ____________
Достарыңызбен бөлісу: |