Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



жүктеу 8,63 Mb.
Pdf просмотр
бет14/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#39438
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96
ГЕНЕТИКА

БУДАНДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Гибридологиялық 
талдау 
жасағанда 
және 
практикалық 
селекцияда 
реципрокты, 
талдау 
жасаушы 
жэне 
қайыра 
будандастырулар қолданылады.
Жоғарыда айтылған қызыл гүлді бұршақты ақ гүлді бүршақпен 
будандастырғанда алдыңғысын аналық, ал соңғысын аталық ретінде 
алуға болады. Ол үшін қызыл гүлді өсімдіктердің аталықтары 
алынып 
тасталған 
гүлдерін 
ақ 
гүлді 
өсімдіктің 
тозаңымен 
тозаңдандырады. Сонымен қатар олардың орнын* ауыстыруға да 
болады. Онда керісінше ақ гүлді өсімдік қызыл гүлдің тозаңымен 
тозаңдандырылады. Мұны тура жэне кері немесе реципрокты 
будандастыру дейді. Осы реципрокты будандастырудың формуласын 
былайша жазуға болады:
9 АА х 
S
аа және 9 аа х 
8
АА
Бүл екі жағдайдың екеуінде де Ғг де алынған будан үрпақ гүлдерінің 
түсі біркелкі қызыл болады.
Талдаушы будандастыру деп будан организмнен тараған 
ұрпақты рецессивті гомозиготамен будандастыруды айтады. Мысалы 
генотиптері екі түрлі АА жэне Аа болып келетін қызыл гүлді бұршақ 
өсімдігін ақ гүлді өсімдікпен будандастырғанда нәтижелері эр түрлі 
болып шығады. Будандастырудың жолы АА х аа болып келсе, 
алынатын ұрпақ тек қана қызыл түсті болады, ал егер Аа х аа болса. 
үрпақтың жартысы қызыл, жартысы ақ гүлділер болып шығады, яғни
46


1:1 қатынасындай. Сонда ұрпақтың белгі - қасиеттерінің сипатына 
қарай 
ата-аналық 
формалардың 
біреуінің 
генотипіне 
талдау 
жасалады. Айталық, егер алынған генотиптің құрылымы АА болса, 
бэрі қызыл, ал егер жартысы қызыл, жартысы ақ болып келсе, 
генотипінің Аа болғаны.
Будан дарақты (особьты) бастапқы ата-аналық формалардың 
бірімен будандастыруды қайыра будандастыру немесе бекросс деп 
атайды.Мысалы АА х аа будандастыруынан алынган будан дарақ Аа- 
ны ата-аналық формалармен будандастырса, АахАА немесе Аахаа 
қайыра будандастыру болып шығады. Мұндай будандастыру тәсілі 
будан үрпақта ата-аналық формалардың бэрінің тиімді белгі- 
қасиеттерін 
тұрақтандыруды 
көздеген 
жағдайда қолданылады. 
Әсіресе селекцияда өсімдіктердің ауруға, қуаңшылыққа төзімді 
сорттарын, малдың мол өнімді тұқымдарын шығаруда кеңінен 
қолданылады.
Т О Л Ы М С Ы З Д О М И Н А Н ТТЫ Л Ы Қ
Мендельдің бұршақпен жүргізген тәжірибелеріндегі байқалған 
доминанттылық құбылысы толық доминанттылық болып есептеледі. 
Бірақ кейде Fj -дегі гетерозиготалы ұрпақтан доминантты белгі толық 
байқалмай, аралық сипатта болады. Мұндай құбылысты толымсыз 
доминанттылық дейді. Мысалы, түн аруы өсімдігінің қызыл және ақ 
гүлді 
формаларын 
алып 
будандастырғанда 
Ғ г дегі 
будандар 
гүлдерінің түстері қызғылт болып шығады, яғни ата-анасының 
ешқайсысына толық үқсамай, аралық сипат алады. Мүндай заңдылық
47


тек өсімдіктерден 
ғана емес, жануарлардан да байқалады. Сонда 
толымсыз доминанттылық жағдайында генотип (ІАА:2Аа:Іаа) пен 
фенотиптің (I қызыл : 2 қызғылт : I ақ) ара қатынасы бір-біріне сәйкес 
келеді. Ал толық доминанттылықта гетерозигота мен доминантты 
гомозиготаның белгілері бірдей болады. Соған байланысты фенотипі 
бойынша 3:1 қатынасындай болады.

жүктеу 8,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау