ол тұқым қуалаушылықтың дискреттілігін, бөлшектене алатындығын
жэне генотиптің организмдегі белгі - қасиеттерді анықтайтын
бірліктерден, яғни гендердің жиынтығынан тұратындығын көрсетті.
ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900
жылдан
кейін өсімдіктер мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің
түқым қуалауына жүргізілген көптеген зерттеулердің негізінде
дәлелденеді және Мендель анықтаған будан үрпақтағы белгілер
ажырауының ара қатынасы эрбір ген тек бір ғана белгінің тұқым
қуалауын қуаттаган жағдайда ғана дүрыс болып есептеледі. Мысалы,
бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын,
екіншісі - бұдырлығын
анықтайды.
Сонымен қатар гендер мен олар анықтайтын белгілердің ара
қатынасының күрделірек және әртүрлі сипатта болатындығын
аңғартатын біраз деректер жинақталды. Біріншіден, бір геннің өзі
қатарынан бірнеше белгіге эсер ете алатындыгы,
екіншіден бір
белгіні кейде бірнеше ген бірігіп
анықтайтындыгы, ягни бүл
жағдайда гендердің өзара әрекеттесетіндігі белгілі болды. Сөйтіп,
организмнің көптеген белгілері мен қасиеттерінің фенотиптік көрінісі
онтогенез кезінде гендердің өзара эрекеттесуімен айқындалады.
Гендердің өзара эрекеттесу қүбылысының ашылуы генетиканың
әрі қарай дамуында маңызды орын алады. Осы заңдылықтың
негізінде организмнің түқым қуалайтын факторлардың мозайкасы
екендігі туралы XIX- ғасырдың
аягында неміс биологы А.Вейсман
53
ұсынған ұғым теріске шығарылды. Оның
орнына организмнің кез-
келген белгісінің дамуы барысында генотип жүйесіндегі гендердің
күрделі байланыстары мен өзара әрекеттесуі туралы мәселе көтерілді.
Кейде бір геннің өзі екі немесе бірнеше белгілердің дамуына
эсер
етеді.
Мүндай
құбылысты
геннің
жан-жақты
немесе
плейотропты әсері деп атайды. Гендердің плейотропты әсерінің
биохимиялық
негізі
біршама
жақсы
зерттелген.
Бір
геннің
бақылауымен түзілетін бір белок фермент тек жалғыз ғана белгінің
дамуын анықтап қоймайды, сонымен
қатар басқа да белгілер мен
қасиеттердің дамуына қатысты биосинтез реакцияларына эсер етеді.
Плейотропия көптеген организмдерде кездеседі. Мұны алғаш рет
Мендель байқаған. Ол гүлдердің түсі қара қошқыл өсімдіктер
жапырақтарының қынабында қызыл дақтардың болатындығын, ал
түқымының қабығы сүр немесе қоңыр түсті болып келетіндігін
байқайды. Осы үш белгіні бір ғана ген анықтайды.
Гендердің өзара әрекеттесуінің аллельді және аллельді емес екі
түрі бар. Аллельді түріне толымсыз
доминанттылықты жатқызуға
болады. Мысалы, қызыл жэне ақ түсті намазшам гүлдерін өзара
будандастырганда F j -д е қызғылт түсті будан ұрпақ алынады. Бүл екі
аллельді гендер А мен а-ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп
қарастыруға болады. Бүл жағдайда доминантты ген рецессивті генге
басымдылық көрсетеді. Аллельді емес гендердің өзара әрекет-
тесуінің комплементарлы, эпистаз,
полимерия жэне модификация
деген 4 типі бар.
54