Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет40/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Алғашқы моғол хандарының ішкі-сыртқы саясатының басым бағыты қандай 
болды?
2. «Батпақ шайқасының» барысы мен оның салдарларын көрсетіңіз.
3. Моғолстандағы дулат және т.б. ру-тайпа әмірлерінің иеліктері мен олардың 
мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатына ықпалын талдаңыз.
§­3.­XIV­ғасырдың­үшінші­ширегі­және­XV­ғасырдың­басындағы­
­­­­­­­Әмір­Темірдің­шапқыншылығына­қарсы­күрес
Шағатай ұлысында орын алған алауыздық пен бытыраңқылық тұсында 
жергілікті ру-тайпа әмірлерінің ықпалдары артып, олар билікке ұмтыла 
бастады. Осындай жағдайда Моғолстанда іс жүзінде Дулат әмірлерінің 
билігі орнаса, Мәуереннахр өлкесінде барлас руынан шыққан Әмір Темірдің
саяси карьерасы басталады. Дулат әмірлерінің ықпалымен билікті иелен-
ген Тоғылық-Темір ханның тағайындауымен алғашқы билікке қол жеткізген 
Әмір Темір көп ұзамай Моғолстан халқын тонаушылық пен қырғынға 
ұшыратқан қаһарлы билеушілердің біріне айналады. 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
93
Жалпы Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары туралы 
В.В. Бартольдтың зерттеулерінде баяндалған. Ал келесі бір зерттеуші 
К.А. Пищулинаның еңбегінде бұл мәселе Әмір Темірдің Моғолстанға 
қарсы ұстанған саясаты, оның шапқыншылық жорықтарының Моғолстан 
мемлекетінің саяси-мемлекеттік және шаруашылықтық-мәдени өміріне 
тигізген салдары тұрғысынан қарастырылған. Ал біз бұл зерттеуімізде
Әмір Қамар ад-Дин бастаған дулаттардың Әмір Темір шапқыншылығына 
қарсы күресін ашып көрсетуді мақсат етіп қойып отырмыз.
Әмір­Темірдің­Моғолстанға­жорықтары
1365 жылы Ильяс қожа хан Самарқанд қаласын ала алмай кері қайт-
қаны жайлы алдыңғы бөлімде айтқан едік. Осы оқиғалар орын алған тұс-
та Әмір Темір Хусейнмен бірігіп, Самарқандты тағдыр тәлкегіне тастап 
қа шып кеткен еді. Моғол әскері кеткеннен кейін, Әмір Темір мен Хусейн 
Самарқандты қорғаушылардың алауыздығын тиімді пайдалана отырып, 
мұндағы билікке қол жеткізеді. Міне, осы кезден бастап Әмір Темір жеке 
дара билікке ұмтылып, 1370 жылы бүкіл Мәуереннахр өлкесін бағындыруға 
қол жеткізеді. Әмір Темір билікке келісімен сыртқы саясатын Моғолстанға 
жорық жасаудан бастайды. 1371 жылы солтүстік-батыс Тянь-Шяньда орна-
ласқан Қамар ад-Дин дулаттың иелігіне басып кіреді. Кенеттен тиген жауға 
қарсы тұруды әмір Қамар ад-Дин дулат көшпелілердің ежелден сыннан 
өткен тиімді тәсілін қолданады. Яғни бүкіл ел-жұрты мен мал-мүлкін алып 
жау атының тұяғы жетпейтін асуы қиын тау шатқалдарына қарай шегініп 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
94
кетеді. Өзен жұртынан үдере көшкен жұрт Іле-Ертіс өзендері аралығы 
мен таулы аймақтарға жасырынады. Әмір Қамар ад-Диннің көшкен 
жұртын Әмір Темір Мәуереннахрдың бір бөлігі деп алып, бұл өлкені би-
леуге Кебек-Темірді қалдырады. Бірақ Әмір Темірдің әскері қайтадан 
Мәуереннахр өлкесіне аттанысымен Кебек-Темір бағыныштылықтан бас 
тартады. Бахрам жалайыр, әмір Аббас, Хитай баһадүр бастаған әскерді 
Кебек-Темірдің бүлігін басуға қайта аттандырады. Бұл іс Әмір Темірдің 
әскербасыларының Кебек-Темірмен бейбіт келісімге келуімен аяқталады. 
Істің бұлай аяқталғанына риза болмаған Темір әскерімен Жетеге екінші 
жорығына аттанып, елді үлкен қырғынға ұшыратып қайта оралады. Осы 
оқиғалар Әмір Темірдің Жете аймағына қарсы жүргізген қырғын соғыстары 
халықтың басына зор ауыртпалықтар алып келді. Міне, осындай жағдайда 
Қамар ад-Дин білікті басшы ретінде Әмір Темірге қарсы күресте одақтастар 
қажет екендігін түсіне білді. Сондықтан Моғолстанның өзара жауласқан ру-
тайпалық иелік басшыларын біріктіруге күш салды. Мәселен, деректерге 
сүйенсек, Әмір Темірдің шапқыншылығының алдында «Жете әмірлерінің 
арасындағы жауластықтан кейін Қамар ад-Дин дулат Кебек-Темір, Широғұл 
сияқты әмірлермен Қажыбек аркинутқа қарсы бірігіп соғысқан еді». Ал 
ортағасырлық деректердің мәліметтеріне сүйенсек, Әмір Темірдің Жете 
өлкесіне жасаған алғашқы жорығынан кейін әмір Қамар ад-Дин бұрын 
өзімен жауласқан басқа ру-тайпа өкілдерін өз маңына топтастыра білді. 
Мәселен, Әмір Темірдің үшінші жорығы кезінде жоғарыда аталған Қажыбек 
аркинут әмір Қамар ад-Диннің Темірге қарсы одақтасы ретінде көрінеді.
1375 жылы желтоқсан айында Әмір Темір 
Моғолстанға қарсы үшінші жорығына аттанады. 
Бірақ деректердің хабарлауынша қар аралас жа-
уын жауып, қатты суық түсіп кеткендіктен, Те-
мір Самарқандқа қайта оралуға мәжбүр болған. 
Осы жолғы қатты суықтан адамдар мен малдар 
қырылып, 
зор шығынға ұшырайды.
Дегенмен арада екі ай уақыт өткенде 1376 жы - 
лы ақпан айының аяғында Әмір Темірдің ұлы Жа-
һангер, Шейх-Мұхаммед, Әділ-шах сияқты қол - 
басшылары басқарған әскерін Қамар ад-Динге 
қарсы қайта аттандырады. Қамар ад-Дин әскерінің 
қайда орналасқандығын, нақты әскер санын білу 
үшін жіберілген шолғыншы оның Көктөбе деген 
жерде әскер жиып, Қажыбекті күтіп жатқандығын 
хабарлайды, Сондай-ақ шолғыншы Қамар ад-Дин 
бұл әскердің жақындап келе жатқанынан да хабарсыз екендігін біліп келеді. 
Бірақ Әмір Темірдің Қамар ад-Дин әскері бейқам жатқан жерінен тарпа 
бас салу жоспары жүзеге аспай қалады. Себебі деректердің хабарлауынша 
ол Берке-и Гурйан атты өткелі қиын жерге жасырынып үлгереді. Шараф
ад-Дин Али Йезди «Бұл жер – өте терең әрі оларда үш үлкен өзен ағып жа-
татын үш шатқал. Қамар ад-Дин мен оның әскері екі шатқалдан өтіп үшінші-

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау