Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет38/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. М.Х. Дулати дерегі бойынша Моғолстан мемлекетінің құрылған аймағы 
қандай болды?
2. «Моғол» этносаяси қауымдастығының қалыптасуы мен этникалық құрамын 
көрсетіңіз.
3. Мұхаммед Хайдар Дулатидың Моғолстан тарихындағы дулат әмірлерінің 
рөлі мен қызметі туралы мәліметтерін талдаңыз.
§­2.­Алғашқы­моғол­билеушілері­және­олардың­ішкі-сыртқы­саясаты­
Моғолстан аумағындағы ең ықпалды тайпалардың бірі болған дулат 
әмірлері әлі де болса Шыңғыс ұрпақтарынан ғана хан сайлау дәстүрінен 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
87
аттап өте алмады. Сондықтан әмір Болатшы басқарған дулаттар 1348 жылы 
17 жасар Тоғылық Темірді хан көтереді. Бұл кезеңде ортағасырлық тарих-
шы Махмуд бен Уәлидің жазуынша «Әрбір моғол әмірі тәуелсіздік пен 
жеке билікке ұмтылып, қарсыласу мен бүліншілік туын көтеріп» жатқан 
еді. Сондықтан дулат әмірлері Шағатай ұрпақтарынан хан сайлау арқылы өз 
биліктері мен дербестіктерін сақтап қалуға ұмтылды. Әмірлердің таңдауы 
Тува ханның немересі Тоғылық Темір ханға тоқтайды. Бұл оқиғалар тура-
лы Мұхаммед Хайдар Дулати «Моғол тағы хансыз қалды. Ұлыс күйреп, 
бүліншілікке түседі. Осы хәлді көрген әмір Болатшы дулат, менің ұлы атам, 
ханға екі атадан қосылатын туыс болғандықтан, хан сайлауға бел буып, елде 
тәртіп орнату жұмысына кіріседі». Дерек авторының жазуынша Тоғылық 
Темір Есенбұға ханның Меңлік атты тоқалынан туылған. Ал оның бәйбішесі 
Сатилмиш Хатун бала көтермеген. Сондықтан ханда бала болмаған. Хан 
бірде жорыққа кетеді. Моғолдардың ескі әдет-ғұрпы бойынша тоқалдар 
билігі бәйбішенің қолында болады. Егер қажет деп тапса, ол тоқалды басқа 
күйеуге беруге құқылы еді. Сатилмиш Хатун Меңліктің ханнан жүкті екенін 
біліп қояды. Қызғаныштан оны Ширәввәл Духтуи (Дохтой) атты сарайдағы 
мәртебелі әмірлердің біріне сыйға тартты. Хан жорықтан оралып, Меңлік 
Хатун жәйін сұрайды. Сатилмиш Хатун оған: «Мен оны басқаға сыйла-
дым», – деп жауап береді. Хан: «Ол менен жүкті еді ғой», – деп наразылық 
білдіргенімен, моғол дәстүрі солай болған соң үнсіз қалады». 
Әмір Болатшы арнайы адам жіберіп, осы Меңлік тоқалдан туылған 
хан ұлының хабарын біліп, оны тауып әкеліп, хан тағына отырғызады. 
Белгілі зерттеуші В.В. Бартольд Тоғылық Темірдің хан ұрпағы екендігіне 
күмән келтіреді. Тоғылық Темірдің әкесіне байланысты келіспеушіліктерді 
(мәселен бір деректерде оның әкесі Тува ханның келесі бір ұлы Емілқожа деп 
көрсетілген) келтіре отырып, Тоғылық Темірдің шығу тегі жайлы әңгімені 
дулат әмірінің өзі ойдан шығаруының әбден мүмкін екендігін алға тартады. 
Қалай дегенменде бұл фактілер осы кезеңдегі Дулат әмірлерінің Моғолстан 
мемлекетінің саяси өмірінде атқарған рөлінің қаншалықты зор екендігін 
көрсетеді. Әмір Болатшы іс жүзінде хандық биліктің бірқатар функцияларын 
өз қолына шоғырландырып, іс жүзінде тәуелсіз билеуші есебінде болды. Ол 
өзінің мұндай артықшылықтарын заңдық тұрғыдан негіздеп алды. Дулаттардың 
өзге ру-тайпа өкілдерінен артықшылықтарын сонау Шыңғыс хан заманымен 
байланыстырып, негіздеді. Мәселен, Мұхаммед Хайдар Дулатидың хабарла- 
уынша, әмір Хұдайдад, оның әкесі Болатшының арғы аталары Өртөбе Шыңғыс 
хан заманында оның жарлығы бойынша жеті артықшылық (мансап) алған.
Міне, осы артықшылықтарды Тоғылық Темір хан мойындап қана қой - 
май, Болатшы әмірге тағы екі артықшылық беріп, оның жалпы санын то-
ғызға жеткізген. Бірі – қосынның әмірін, яғни мың нөкері бар әмірді ханға 
айтпай-ақ басшылыққа тағайындауға, не жұмыстан босатуға еркі бар және 
ол үшін хан үкімі қажет емес; екіншісі – әмір Болатшының ұрпақтары тоғыз 
қылмыс жасағанға дейін жауапқа тартылмайтындығы. 
Осылайша, әмір Болатшы, шын мәнінде, хан билігіне ғана тән көп те - 
ген артықшылықтарды иеленіп, іс жүзінде дәрежесі ханнан асып түсер-


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
88
ліктей билікті өз қолдарына шоғырландырды. Дулат әмірлерінің мұндай 
артықшылықтары ұлысбегі деген мансапты иеленуімен бекітілді. Ұлысбегі 
армиясының тікелей қолбасшысы болып табылады және ішкі-сыртқы сая-
сатына қатысты түйінді мәселелерді тікелей шешетін. Сондай-ақ ұлыс - 
бегі мемлекеттің басқару аппаратындағы түрлі шендегі лауазымды тұл ға - 
ларды басқарып, алым-салықтар жинау, мемлекет қаржысын қайда жұмсау 
қажеттілігі туралы маңызды мәселелерге жауап беретін. Моғолстан мем-
лекетінде Тоғылық Темір хан тұсында әмір Болатшы дулат ұлысбегі бол-
ғаны белгілі. Мұхаммед Мырза Хайдар Дулатиге сүйенсек, ұлысбегілік 
қызметі дулат әмірлеріне мұрагерлік жолмен өтіп отырған. Дулат әмірі 
«бүкіл моғол ұлысының әмірі» деп аталып, құжаттарда барлық әскердің 
бас қолбасшысы ретінде аталды. К.А. Пищулина «Бахр ал-асрар» шығар-
масының мәліметтеріне сүйене отырып, ұлысбегінің мыңдықтардың (әске-
ри бірлік – авт.) басшысы немесе мыңбасын ханның рұқсатын сұрамай-ақ 
өзі тағайындай беретіндігін алға тартады. 
Моғолстан тарихы бойынша іргелі зерттеудің авторы, белгілі қазақ-
стандық зерттеуші К.А. Пищулина өз зерттеуінде түркі және түркіленген 
моңғол ақсүйектерінің Мәуереннахрдан бөлініп, өздерінің жеке хандық та-
рын құру үшін күресін неліктен нақ дулат тайпасының әмірлері басқарды
деген сұрақ қоя отырып, оған былай деп жауап береді: «Себебі осы кезде
дулаттар Жетісудағы ең ірі әрі үлкен аумақты иеленіп отырған түркі тайпа-
ларының бірі болды. Олар сондай-ақ дулаттардан шыққан ірі ақсүйектер 
ХІV ғасыр-да Шығыс Түркістандағы отырықшы-егіншілік жазиралардың 
иелері болып табылады». Бұдан әрі зерттеуші дулаттардың Шыңғыс хан 
дәуірінен бергі мұраға алған иелігі болып табылатын Маңғылай-Сүбе ай-
мағы туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәліметтерін алға тартады.
Әрине, ХІV ғасырдан бастап Моғолстанның саяси өмірінде маңызды 
рөл атқарған дулаттардың М.Х. Дулати дерегі бойынша сонау Шыңғыс хан 
дәуірінен бастап көтерілгендігі туралы мәліметтерін өз ата-бабаларының 
билігінің «заңдылығын» негіздеу әрекетінен туындаған деп болжауға бо-
лады. Себебі біз қарастырып отырған кезеңдегі саяси идеология бойынша 
Шыңғыс ұрпақтарынан таралғандар ғана хан билігін иеленуге құқылы. Ал 
дулаттар іс жүзінде хан билігінің көптеген артықшылықтарын өз қолдарына 
шоғырландырып, дербес билеушілерге айналғаны белгілі. Тек сол кезеңде 
қоғамдық-саяси ұстанымдарға байланысты өз биліктерін Шыңғыс ұр пақ-
тарынан сайланған қуыршақ хандардың билігімен бүркемелеуге тиіс бол-
ды. Деректерде әмір Болатшының інісі әмір Қамар ад-Диннің қуыршақ хан-
дар билігінен бас тартып, өзінің жеке билігін орнатудағы сәтсіздігін тікелей 
«халықтың қарадан шыққан қарашаның билігін мойындағысы келмеуімен» 
байланыстырады.
Мәселен, белгілі шығыстанушы ғалым В.В. Бартольд Рашид ад-Дин 
мен ХІV ғасырдағы түркістандық шығармалардың ХІІІ ғасырдағы саяси 
оқиғалар туралы мәліметтерін өзара салыстыра келе, алғашқы авторлардың 
өз ата-бабаларының Шыңғыс хан заманында-ақ бедел мен абырой-атаққа 
ие болғандығы туралы хабарламалары кейінгі авторлардың өз кезеңдерінде 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
89
қалыптасқан саяси жағдайды түсіндіру мен ақтап алу үшін ғана ойдан 
шығарылған деп жазады. Мәселен, бұрынғы Шағатай ұлысының батыс 
бөлігінде саяси билікті иеленіп, үлкен империя құруға қол жеткізген барлас 
руынан шыққан Әмір Темір өз билігінің заңдылығын дәлелдеу үшін арғы 
атасы Қарачардың атасы Качули мен Шыңғыс ханның атасы Қабыл ханмен 
жасалған жазбаша келісімді алға тартады. Ал бұл құжат, ХІV ғасырда орын 
алған дүрбелең жылдары жоғалып кетсе керек-мыс». 
Міне, дәл осындай жағдайды Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде іс 
жүзінде хандық билікке қол жеткізген дулат әмірлерінің тарихын баяндайтын, 
әрі осылардың тікелей ұрпағы Мұхаммед Хайдар Дулатидың шығармасынан 
да байқаймыз. Рашид ад-Дин дулат әмірлерінің тоғыз артықшылығын дәлел-
дейтін жарлығына доңыз жылы, көктем мезгілінде Құндызда қол қойғанын 
айтады. Автор моғол тілінде әрі моғол графикасымен жазылған жарлықты 
да көргенге де ұқсайды. Дегенмен бұл жарлықтың да түп нұсқасы Шаһибек 
(Шайбани хан) бүлігі тұсында жоғалып кеткен болса керек.
Алғашқы моғол хандары тұсында дулат әмірлері ханның Шағатай хан 
ұрпағы ретінде бұрынғы Шағатай ұлысы аумағына толық билік жүргізуге 
деген құлшынысын барынша қолдады. Тіпті олар өздері ханның сыртқы
саясатын Мәуереннахр өлкесін жаулап алуға бағыттады десек те болады.
Сондықтан Тоғылық Темір хан сыртқы саясаттағы алғашқы қадамын 
бұрынғы Шағатай ұлысының батыс бөлігі Мәуереннахр өлкесіне жаулап алу 
жорықтарын жүргізуден бастады. Себебі осы кезеңде Мәуереннахр өлкесі де 
бір-біріне тәуелсіз, бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кеткен еді. Мәселен
ХІV ғасырдың 50-60 жылдарында Ходжент және оның аймағы жалайырлар-
дың, Шахрисябз (Кеш) аймағы барластардың, Бұхара садрлардың діни ие-
ліктері болып саналды. Ал әмір Қазағанның (1346-1347 – 1358 ж.) иелігі 
негізінен Балх аймағын ғана қамтыған. Ал оның 1358 жылы өлтірілуі дулат 
әмірлеріне өз хандары Тоғылық Темір билігін Мәуереннахр аймағына да 
орнатуға мүм кіндік туғызды.
Осылайша 1360 жылы Тоғылық Темір жоғарыда аталған Моғолстан өл-
кесіндегі ірі дербес иеліктердің билеушілері Қамар ад-Дин дулат, Қажы бек 
аркинут және т.б. басын қосып, Мәуереннахрға жорыққа аттанады. Тоғылық 
Темір хан Мәуереннахр өлкесінде алғашқы табыстарға да қол жеткізеді. 
Өзара қырқысып, жеке дара билікке ұмтылған Мәуереннахрдағы феодалдық 
иеліктердің басшыларының көпшілігі моғол ханының билігін мойындауға 
асықты. Солардың ішінде болашақ ұлы Әмір Темір барлас та бар болатын.
Бірақ Тоғылық-Темір бұдан әрі Мәуереннахр өлкесіне тереңдеп ене 
алған жоқ. Себебі Мәуреннахр өлкесінде моғол ханының өз армиясының 
ішінде бүлік шығады. Бүліктің басында алғы шепке жіберілген армиясының 
қолбасшыларының бірі болып тағайындалған Қажыбек арғын тұрды. Дәл 
осы кезеңде Тянь-Шяньда бүлік басталады. Себебі осы кезеңде Моғолстан 
әмірі Болатшы қайтыс болған еді. Әмір Болатшыдан кейін ұлысбегілік 
қызметін иеленуге оның інісі Қамар ад-Дин дулат ұмтылды. Ал дулат 
әмірлерінің бір тобы әмір Болатшының ұлы 7 жасар Хұдайдадты қолдап, 
әкесінің орнына ұлысбегілікке Хұдайдад бекітіледі. 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
90
Ішкі жағдай біраз тұрақталған соң Тоғылық-Темір арада бір жыл 
өткенде, яғни 1361 жылы екінші рет Мәуереннахр өлкесіне жорыққа атта-
нады. Бұл жолы Тоғылық-Темір уақытша болса да Мәуереннахрды толық 
бағындыруға қол жеткізеді. Бұл туралы деректерде былай деп жазылады: 
«Күз түсісімен хан (Тоғылық-Темір – 
авт
.) Самарқанға бет алады. Жол-
жөнекей әмір Байан Сулдузды өлтіруге жарлық береді. Самарқандқа кел-
генде Мәуереннахрдың билігі толығымен оның қолына көшкен еді. Барлық 
әмірлер мен нояндар шарасыздықтан оны мойындады. Хан сенімсіздік 
білдірген адамдарды өлтірді, ал сеніміне кіргендерге ілтипат көрсетті». 
Бұдан әрі хан Мәуереннахр өлкесіне ұлы Ильяс қожаны билеуші етіп 
қалдырып, өзі Моғолстанға оралады. Дәл осы кезде Мәуереннахрда Ильяс 
қожамен бірге қалған әмірлер бүлік шығарып, Ильяс қожаның билігін амал-
сыз мойындаған Темір ыңғайлы сәтті пайдаланып, әмір Хүсейін жағына 
өтіп кетеді. Осы кезде Жетеден (Моғолстаннан) Тоғылық Темір ханның 
қайтыс болғандығы туралы хабар жетеді. Ильяс қожа әке тағын иелену 
үшін жолға жиналады. Ал бұл кезде әмір Хүсейінмен біріккен Әмір Темір 
Ильяс қожаның өзіне қарсы жіберген 20 мыңдық әскерін талқандайды. 
Әскер санының басымдығына қарамастан моғол әскерлерінің жеңіліп 
қалуы әрқайсысы ру-тайпасынан құралған әскери отрядтарды басқарған 
Моғолстан әмірлерінің әрқайсысы өзінің жеке мүддесіне сәйкес әрекет жа-
сап, өзара іс-қимылдарын біріктіре алмауынан болған еді.
Жеңілген Жете әскерін одан әрі қудалауға ұшыратқан Әмір Темір мен 
Хүсейннің қолы Моғолстанға аттанып бара жатқан Ильяс қожаның Қаба-
Матан деген жерде амалсыз шайқасты қабылдауға мәжбүрлейді. Осы шайқас 
нәтижесінде хан мұрагері Ильяс қожаның өзі де тұтқынға түседі. Түркі елінің 
табиғатында ханға құрмет көрсету салты берік қалыптасқандықтан, Ильяс 
қожа және онымен бірге Бектас әмірді босатып жібереді. Ал, Моғолстанда 
Ширамун әмір, Қажы әмір, Тунам әмір, Қамар ад-Дин әмір, Шамс ад-Дин 
әмір және т.б. жиналып, Тоғылық Темір ханның орнына Ильяс қожаны 
хан сайлау жөнінде шешімге келеді. 1365 жылы Тоғылық Темір бастаған 
моғол әскері Сырдария жағасында Чинас пен Ташкент аралығындағы жерде 
Темір мен Хүсейін әскерімен шайқасқа түседі. Бұл шайқас тарихта «Батпақ 
шайқасы» деген атпен белгілі. Себебі шайқас кезінде қатты жауын баста-
лып, жер майланып, аттар тайып құлап, адамдар бәрі балшыққа батады. 
Бұл шайқаста Моғолстанның қатал табиғатына шыққан Ильяс қожа әскері 
басымдылыққа жетеді. Темір мен Хусейін кері шегініп, қашуға бет алады. 
Олар Мәуереннахрдың бас қаласы Самарқандты тағдырдың қолына тапсы-
рып, өздері бас сауғалап кетеді. Бірақ моғол әскері Самарқандты ала алмай-
ды. Оның бірінші себебі қала халқының қала қорғанысын ұйымдастырып, 
жауға күшті тойтарыс беруі болса, екіншіден, осы кезеңде Жете әскері ара-
сында «жамандатқыр» ауруы тарап, аттардың қырылғанынан, әр төрт әскер 
бір атқа міңгесіп қалады. Міне, Ильяс қожа ханның Мәуереннахр өлкесін 
жаулап алу үшін жүргізген бұл соғыстың жеңіліске ұшырауымен оның билігі 
әлсіреп кетеді. Муин ад-Дин Натанзи Ильяс Қожа билікке келгеннен кейін 
бір жыл өтер-өтпес уақытта барлық билік бүлікшіл әмірлердің қолына өтіп, 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
91
әркім біріне-бірі күдіктене қарай бастағаны» туралы жазады. Хан билігіне 
қарсы басталған әмірлер бүлігінің басында әмір Қамар ад-Дин Дулат тұрды. 
Әмір Қамар ад-Диннің Шағатай ұрпақтарынан сайланған моғол хандары-
на деген наразылығы Тоғылық Темір хан тұсында-ақ байқалған еді. Себебі 
Тоғылық Темір хан әмір Болатшы қайтыс болғаннан кейін ұлысбегілікке 
әмір Қамар ад-Динді немесе Болатшының басқа да бауырларын емес, жеті 
жасар ұлы Хұдайдадты бекіткенін айтқан едік. Хан бұл әрекетімен өзінің 
билікке келуіне ықпал жасаған әрі мемлекетті басқару ісіндегі беделі мен 
алар орны жағынан көп жағдайда өзінен асып түскен құдіретті ұлысбегінің 
ықпалынан құтылуды да көздеген болса керек деп ойлаймыз. Ал жеті жа-
сар баланы бүкіл мемлекеттің ұлысбегі ретінде сайлай отырып, әлі де бол-
са қалыптасқан дулат әмірлерінен ұлысбегін сайлау дәстүрінен толық қол 
үзуге батылы бармағанын көреміз. 
Дегенмен деректерде Қамар ад-Дин дулаттың жеке дара билікке ұм-
тылған уақыты туралы ортақ пікір жоқ. Келесі бір дерек мәліметтері 
бойын ша Қамар ад-Дин Ильяс қожаның билікке келуін қолдаған әмірлер 
қатарында болып, оған қарсы бүлікті тек хан Самарқандтан жеңіліспен 
оралғаннан кейін ғана бастаған. Бұл оқиғалар туралы Мұхаммед Хайдар 
Дулати былай деп жазады: «Әмір Қамараддин ер жүрек болған әрі оның 
етігінің қонышына жеті жасар бала сиып кетеді екен деген аңыз тараған. 
Қорыта айтқанда ол қатты ренжіді, бірақ бірдеңе істеуге дәрменсіз еді. Хан 
дүние салған соң, ол қарсы шықты. Бірақ «Зафар намеде» былай айтыла-
ды: «Ильяс қожа хан өлген соң ол қарсы шыққан, деп айтылады, мұның 
өзі аңыз-әңгімеден алшақтау. Қалайда сол кезде 
мықты, тәуелсіз хан қалмағандықтан, ол ішінде 
қайнаған ашу-ызасын сыртқа шығармай тұра ал - 
маған. Моғолдардың айтуына қарағанда, бір күн-
нің ішінде он сегіз ханды өлтіріп, өзі хан атанған. 
Сөйтіп, Моғолстанның бей-берекеті қаш ты деген 
аңыз қалған кейінге».
Ал келесі бір деректің авторы Муин ад-Дин 
Натанзи Қамар ад-Дин үлкенге деген құрметпен 
ағасы Шамс ад-Дин дулатты басшы деп жари-
ялайды. Осылайша, іс жүзінде Моғолстандағы 
билік Қамар ад-Диннің қолына өтеді. Ол Тоғы-
лық Темір хан отбасын түгел қырып салады. 
Тек «Тоғылық Темір ханның емшектегі бір ұлы 
қалған еді. Оны әмір Хұдайдад Мир аға деген ше-
шесімен бірге жасырды. Әмір Қамар ад-Дин оған
сұрау салып бірнеше рет адамдарын жіберді. Бірақ олар дер кезінде айласын 
асырып жасырып отырды. Сонымен әмір Қамар ад-Диннің іздеуші адамда-
ры оларды таба алмай қалады».
Осылайша, Моғолстандағы дулаттардың өзі әмір Қамар ад-Дин мен әмір 
Хұдайдад арасындағы саяси ұстанымға байланысты екі лагерге бөлінеді. 
Қамар ад-Дин ұзақ уақыт бойы Моғолстандағы алауыздықты жою үшін 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау