V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында
93
Жалпы Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары туралы
В.В. Бартольдтың зерттеулерінде баяндалған. Ал келесі бір зерттеуші
К.А. Пищулинаның еңбегінде бұл мәселе
Әмір Темірдің Моғолстанға
қарсы ұстанған саясаты, оның шапқыншылық жорықтарының Моғолстан
мемлекетінің саяси-мемлекеттік және шаруашылықтық-мәдени өміріне
тигізген салдары тұрғысынан қарастырылған. Ал біз бұл зерттеуімізде
Әмір Қамар ад-Дин бастаған дулаттардың Әмір Темір шапқыншылығына
қарсы күресін ашып көрсетуді мақсат етіп қойып отырмыз.
ӘмірТемірдіңМоғолстанғажорықтары
1365 жылы Ильяс қожа хан Самарқанд қаласын ала алмай кері қайт-
қаны жайлы алдыңғы бөлімде айтқан едік. Осы оқиғалар орын алған тұс-
та Әмір Темір Хусейнмен бірігіп, Самарқандты
тағдыр тәлкегіне тастап
қа шып кеткен еді. Моғол әскері кеткеннен кейін, Әмір Темір мен Хусейн
Самарқандты қорғаушылардың алауыздығын тиімді пайдалана отырып,
мұндағы билікке қол жеткізеді. Міне, осы кезден бастап Әмір Темір жеке
дара билікке ұмтылып, 1370 жылы бүкіл Мәуереннахр өлкесін бағындыруға
қол жеткізеді. Әмір Темір билікке келісімен сыртқы саясатын Моғолстанға
жорық жасаудан бастайды. 1371 жылы солтүстік-батыс Тянь-Шяньда орна-
ласқан Қамар ад-Дин дулаттың иелігіне басып кіреді. Кенеттен тиген жауға
қарсы тұруды әмір Қамар ад-Дин дулат көшпелілердің ежелден сыннан
өткен тиімді тәсілін қолданады. Яғни бүкіл ел-жұрты мен мал-мүлкін алып
жау атының тұяғы жетпейтін асуы қиын тау шатқалдарына қарай шегініп
І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
94
кетеді. Өзен жұртынан үдере көшкен жұрт
Іле-Ертіс өзендері аралығы
мен таулы аймақтарға жасырынады. Әмір Қамар ад-Диннің көшкен
жұртын Әмір Темір Мәуереннахрдың бір бөлігі деп алып, бұл өлкені би-
леуге Кебек-Темірді қалдырады. Бірақ Әмір Темірдің әскері қайтадан
Мәуереннахр өлкесіне аттанысымен Кебек-Темір бағыныштылықтан бас
тартады. Бахрам жалайыр,
әмір Аббас, Хитай баһадүр бастаған әскерді
Кебек-Темірдің бүлігін басуға қайта аттандырады. Бұл іс Әмір Темірдің
әскербасыларының Кебек-Темірмен бейбіт келісімге келуімен аяқталады.
Істің бұлай аяқталғанына риза болмаған Темір әскерімен Жетеге екінші
жорығына аттанып, елді үлкен қырғынға ұшыратып қайта оралады. Осы
оқиғалар Әмір Темірдің Жете аймағына қарсы жүргізген қырғын соғыстары
халықтың басына зор ауыртпалықтар алып келді. Міне, осындай жағдайда
Қамар ад-Дин білікті басшы ретінде Әмір Темірге қарсы күресте одақтастар
қажет екендігін түсіне білді. Сондықтан Моғолстанның өзара жауласқан ру-
тайпалық иелік басшыларын біріктіруге күш салды. Мәселен,
деректерге
сүйенсек, Әмір Темірдің шапқыншылығының алдында «Жете әмірлерінің
арасындағы жауластықтан кейін Қамар ад-Дин дулат Кебек-Темір, Широғұл
сияқты әмірлермен Қажыбек аркинутқа қарсы бірігіп соғысқан еді». Ал
ортағасырлық деректердің мәліметтеріне сүйенсек, Әмір Темірдің Жете
өлкесіне жасаған алғашқы жорығынан кейін әмір Қамар ад-Дин бұрын
өзімен жауласқан басқа ру-тайпа өкілдерін өз маңына топтастыра білді.
Мәселен, Әмір Темірдің үшінші жорығы кезінде жоғарыда аталған Қажыбек
аркинут әмір Қамар ад-Диннің Темірге қарсы одақтасы ретінде көрінеді.
1375 жылы желтоқсан айында Әмір Темір
Моғолстанға қарсы үшінші жорығына аттанады.
Бірақ деректердің
хабарлауынша қар аралас жа-
уын жауып, қатты суық түсіп кеткендіктен, Те-
мір Самарқандқа қайта оралуға мәжбүр болған.
Осы жолғы қатты суықтан адамдар мен малдар
қырылып,
зор шығынға ұшырайды.
Дегенмен арада екі ай уақыт өткенде 1376 жы -
лы ақпан айының аяғында Әмір Темірдің ұлы Жа-
һангер, Шейх-Мұхаммед,
Әділ-шах сияқты қол -
басшылары басқарған әскерін Қамар ад-Динге
қарсы қайта аттандырады. Қамар ад-Дин әскерінің
қайда орналасқандығын, нақты әскер санын білу
үшін жіберілген шолғыншы оның Көктөбе деген
жерде әскер жиып, Қажыбекті күтіп жатқандығын
хабарлайды, Сондай-ақ шолғыншы Қамар ад-Дин
бұл әскердің жақындап келе жатқанынан да хабарсыз екендігін біліп келеді.
Бірақ Әмір Темірдің Қамар ад-Дин әскері бейқам жатқан жерінен тарпа
бас салу жоспары жүзеге аспай қалады. Себебі деректердің хабарлауынша
ол Берке-и Гурйан атты өткелі қиын жерге жасырынып үлгереді. Шараф
ад-Дин Али Йезди «Бұл жер – өте терең әрі оларда үш үлкен өзен ағып жа-
татын үш шатқал. Қамар ад-Дин мен оның әскері екі шатқалдан өтіп үшінші-
Достарыңызбен бөлісу: