V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында
95
сінде тоқтап, жолдарға тас үйіп, бекітіп тастады», – деп нақтылай түседі.
В.В.
Бартольд бұл шатқалдың Шарын өзенінің сағасында орналасқанын
көрсете кетеді. Әмір Темірдің ұлы Жаһангер бастаған әскер Қамар ад-Динге
қарсы бірінші болып аттанады. Күндізгі шайқастан кейін Қамар ад-Дин
түнді пайдаланып шегініп кетеді. Ортағасырлық дерек авторлары (әсіресе
Темірдің тарихын нақты қалдырған авторлар) Қамар ад-Диннің жеңілісін
Жаһангер бастаған жеңімпаз әскердің екпінімен байланыстырды. Әрине,
Әмір Темір әскерінің саны жағынан көптігі мен тәртіпке бағынған, жақсы
қаруланған әскер екендігін ескерсек, бұл түсінікті қадам. Мұны Қамар ад-
Дин де түсіне білді. Сондықтан қалған күшін сақтап қалу үшін осындай
тактикаға көшкен. Себебі осы шайқастың алдында ғана Жете әмірлерінің
бір бөлігі Мәуереннахрға жорыққа аттанып кеткен болатын. Бұл дегеніміз
– әлі де болса Қамар ад-Диннің жоғарғы билігін мойындағысы келмеген
әмірлердің оған бағынбай, өз беттерінше көрші мемлекет халқын тонап,
оңай олжаны иеленуді ғана көздегендерін көрсетеді. Таң атысымен Әмір
Темір Дауд, Хүйсейін, Үшқара баһадүр әмірлер бастаған әскерін Қамар ад-
Дин әскерінің соңынан аттандырады. Олар Қамар ад-Дин әскерін Іле өзенін
бойлай қуады. Сонда өзеннен өтерде Хусейін әмір суға ағып кетеді. Ал,
қалған әмірлер әскерлерімен Қамар ад-Диннің иелігін тонап, мал-мүлкін
тонап, қолға түскен мыңдықты бөліп алып қайтады. Дегенмен бұл жолы да
Қамар ад-Дин әскерінің негізгі бөлігімен жау қолына түсуден аман қалады.
Әмір Темір Самарқандқа қайтар жолында Байтақта тоқтап, баласы
Жаһангерді Қамар ад-Динді қолға түсіру тапсырмасымен арнайы аттанды-
рады.
Жаһангер Уч-фирман деген жерде (Шығыс Түркістанда –
авт.
) Қамар
ад-Диннің біраз әскерін талқандап, Қамар ад-Диннің тауда екендігін біліп,
артынан түседі. Осы жолы Жаһангер бастаған
Мәуереннахр әскерлері Қамар ад-Диннің ұлысын
талқандап, оны тонауға ұшыратады. Қамар ад-
Диннің ағасы Шамс ад-Дин дулаттың әйелі Туйан-
аға мен қызы Дилшад аға жау қолына тұтқынға
түседі. Байтақта 53 күн аялдаған Әмір Темір Қара
Қастекке келіп, осы арада Дилшад ағамен үйлену
тойын өткізеді.
Әмір Темір шығысындағы күшті қарсыласы
әмір Қамар ад-Диннің көзін жоюға қол жеткіз-
генімен, оның елін тонап, әскерін қырып, мал-
мүлкін талан-таражға салып, оның күш-қуатының әлсіреуіне қол жеткізеді.
Сондықтан Қамар ад-Динге қарсы жасаған үшінші жорығынан кейін, келесі
жылы, яғни 1376 жылдың наурыз-көкек айында Хорезмге жорыққа аттана-
ды. Ал, әмір Сары Бұға, Әділ шах жалайыр, Жетай баһадүр, Илчи Бұға мен
және т.б. әмірлеріне қалың әскермен Моғолстанға аттанып, «қалай болғанда
да, қайда жүрсе де Қамар ад-Динді іздеп тауып, көзін жоюға бұйрық берді».
Бірақ осы кезде, Әмір Темірдің жоқтығын пайдаланған Әділ шах жалайыр
мен Сары Бұға қыпшақ Хитай баһадүр мен Енші Бұғыны тұтқынға алып,
Достарыңызбен бөлісу: