Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


тарау ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ МОҒОЛСТАН



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет37/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

тарау
ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ МОҒОЛСТАН
ҚҰРАМЫНДА


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
83
Ендігі жерде мемлекеттің атауы,
тарихи-географиялық термин ре-
тінде қолданылатын Моғолстан 
атауына тоқтала кетсек. Моғолстан – 
моғол этнониміне байланысты шық - 
қан. Себебі сол кезеңде Орта Азия-
да моңғол сөзін сәл бұрмалап, моғол 
деп атау орын алған. Сондықтан 
ХІV ғасырдағы парсы-түркі тілдес 
шығармаларда да «моңғол» сөзі мо-
ғол деп жазылған. 
Белгілі ресейлік зерттеушілер 
С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов 
Моғолстанның Шағатай мемлекеті 
күйреген соң оның орнында пайда
болған көптеген иеліктердің бірі 
екенін айта келе былай деп жаза-
ды: «Шағатай мемлекеті екі бөлік - 
ке – батысқа және шығысқа бөлін - 
ді. Батыстағы иеліктерде – Мәуерен-
нахрда Шағатай тұқымы өзінің билігін жоғалтты және нақты билік түрік-
моңғол әмірлері қолында болды. Олардың арасында түріктенген моңғол 
тайпасы барластан шыққан Әмір Темір (1370-
1405 ж.) ерекшеленді. Шығыс бөлігінде Шағатай 
руынан шыққан жалған және шын хандар үстем-
дік етті. Шағатай мемлекетінің осы, шығыс бө-
лігіндегі көшпелілер өздерін моғолдармыз деп 
атады. Моңғолдардың аты Орта Азияда осылай, 
«н» әрпінсіз айтылатын және жазылатын. Сол 
тұста осы терминнен парсыша географиялық атау 
Моғолстан келіп шықты». 
Бірақ моғолдарды моңғолдармен шатастыр-
мауымыз керек. Себебі Моғолстан мемлекеті 
құрылған тұста ХІІІ ғасырдан моңғол шапқыншылығынан кейін Жетісу мен 
Оңтүстік Қазақстан жерін басып алып, үстемдікке қол жеткізген моңғолдар 
уақыт өте келе жергілікті ру-тайпалармен араласып, түркіленіп кеткен 
еді. Бірақ ХІV ғасырдағы авторлар оларды жалпы моғолдар (моңғолдар) 
деп атағандарымен, олардың жергілікті түркі ру-тайпалары екендігін 
жоққа шығармайды. Сондықтан моғолдар, моғолдар елі (Моғолстан) деп 
отырғанымыз жергілікті түркі және түркіленген моңғол ру-тайпалары. Атап 
айтсақ, олар дулаттар, керейттер, аркинуттар, қаңлылар, баарындар, булга-
шылар, жалайырлар, үйсіндер және т.б.
Белгілі шығыстанушы ғалым В.П. Юдин Мұхаммед Хайдар Дулати-
дың «Тарих-и Рашиди», Шах Махмуд бен Мырза Фазыл Шорастың «Та-
рих», авторы белгісіз «Тарих-и Кашгар» атты негізгі деректерді құрайтын 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
84
ортағасырлық шығармалардың, сондай-ақ Хафиз-и Абру, Шараф ад Дин 
Али Йезди, Низам ад-Дин Шами, Абд ар-Раззаки Самарканди сияқты ор-
тағасырлық авторлардың да шығармаларына сүйене отырып, моғолдардың 
ру-тайпалық құрамын талдайды.
Осылайша, автор моғолдардың рулық-тайпалық құрамының керейт, 
қаңлы, арканут (бұл атауды белгілі зерттеуші Н.А. Аристов арғындармен 
байланыстырады. Дегенмен бұл мәселе әлі күнге дейін басы ашық күйінде 
қалып отырғандықтан біз бұдан әрі қарай да алғашқы деректерде кездесетін 
атауын қалдыруды жөн көрдік – 
авт
.), сұлдыз, дулат, шорас, құрлауыт, 
қарлұқ, итаршы, қоншы, құсшы, байрын, қалушы, бұлғашы, арлат, барлас, 
дохтуй, йарки, ордабегі, меркіт, шунқаршы, нарын, долан, балықшы, татар 
тайпаларынан құралғандығын анықтайды.
Әрине, Моғолстанның негізгі халқын құраған ру-тайпалардың толық 
құрамы туралы нақты мәліметтер сақталмаған. Дегенмен әр түрлідеректерде 
кездесетін мәліметтерді талдай отырып, Моғолстан аумағын мекендеген 
бірқатар ру-тайпаларды нақты анықтауға болады. Көптеген зерттеушілер 
мәліметтерді талдай келе, Моғолстан халқын негізінен дулаттар, керейіттер, 
шорастар, құрлауыттар, барластар, барындар, қаңлылар, қалушылар, бұл-
ғашылар, арлаттар, құсшылар, аргинуттар, қазшылар, атаршылар, меркіттер 
құрағаны туралы қорытындыға келген.
Моғолстанның этникалық құрамына тарих ғылымдарының докторы
С. Жолдасбайұлы да «негізінен жергілікті түркі тілдес дулат, қаңлы, жа-
лайыр, керей, найман, үйсін, т.б. және толық түріктеніп болған моңғол тай-
палары бұлғашы, шурас, баарин, арлат және т.б.» кіргізеді.
Қазақстандық шығыстанушы В.П. Юдин: «Моғол этнонимін кезінде 
Шағатай және Үгедей ұлыстарына бөлінген моңғолдар Жетісу жеріне 
алып келді. Бірақ олар аз еді және олардың тағдыры Дешті Қыпшақтағы 
моңғолдар тағдыры тәріздес болды: олар түркітілдес тайпалармен жедел 
араласып кетті. Моғол этнонимін сақтауға моңғолдардың көшпелі тұрмысы 
үлгі болған көшпелілік дәстүрлерін және хандар-шағатайлар билігінің 
мұрагерлігін алғашқы кездері сақтауға моғол феодалдарының ұмтылулары 
ықпал еткен тәрізді», – дейді.
В.П. Юдин сонымен қатар бұл мәселеде зерттеушілер арасында әр түрлі 
пікірлер орын алғанына назар аударады. Мысалы, академик В.В. Бартольд 
могулдарды моңғолдар деп атап көрсетсе, профессор С.Аманжолов олар-
ды түріктер, Н.А. Аристов оларды шағатайлық хандарға қызмет жасайтын 
сословияға жатқызады.
Сонымен бірге Н.А. Аристовтың төмендегідей пікіріне назар аударған 
жөн. Ол моғол және Моғолстан атауын белгілі бір тайпаның немесе
халықтың атауы деп қабылдауға қарсы болды және мұның саяси атау еке-
нін атап көрсетіп былай дап жазды: «Әрине, шағатайлықтар Шыңғыс хан 
ұрпақтары ретінде, өздерін және өздерінің иеліктеріндегі халықтарды мо-
ғолдар, ал өздерінің мемлекеттерін Моғолстан деп атай алатын еді. Бірақ 
халықтың басым көпшілігі түрік көшпелілерінен тұрды. Нағыз моңғолдар 
тіптен де көп емес еді: бұлар Шағатайдың байырғы 4 мың ғана әскерінің 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
85
ұрпақтары еді. Оның үстіне Моғолстанда олардың бір бөлігі ғана қалуы 
тиіс еді...».
Мұның өзі Моғолстанның этникалық негізде емес, Шағатай тұқым-
дарының таққа таласуы негізінде жоғарыдан құрылғанын дәлелдей түседі. 
Сондықтан да бұл мемлекеттің өмірі ұзақ болмай, кейіннен оның орасан зор 
бөлігі этникалық негізде құрылған Қазақ хандығы құрамына қосылып кетті.
Ал енді Моғолстан қандай тілде сөйледі? – деген сауалға жауап берер 
болсақ, ол әрине, түрік тілінде сөйледі дейміз. 
Дулаттан шыққан М.Х. Дулатидың және оның бөлесі түркіленген моң-
ғолдан шыққан Захираддин Бабур түрік және сол кездегі халықаралық тіл 
– парсы тілінде сөйлеген және жазған. 
Моғолдардың тілдік ерекшеліктері 
М.Х. Дулатидың еңбегінде әңгіме бол - 
майды. Алайда оның еңбегіндегі пі - 
кірлері олардың түркі тілдес болға-
нын айқындай түседі. Осыған байла-
нысты арнайы зерттеу жүргізген қа - 
зақ стандық шығыстанушы В.П. Юдин - 
нің мына пікірі М.Х. Дулатидың ең- 
бегін толықтыра түседі:«Моғолдар-
дың моңғолтілдестігіне келер болсақ, оған қарсы алғашқы дәлел деректер-
де қандай да бір болмасын олардың моңғолтілділігінің үлгілерінің кездес- 
пеуі болып табылады. Ал енді олардың түркітілділігіне фактор аз емес. 
Бәрінен бұрын моғолдардың тайпалық құрамы осыны мақұлдайды. Мо-
ғолдар құрамында қаңлылар болды. Ал олардың түркі халықтарына жата-
тындығы даусыз. Егер моғолдар халық болып табылса, онда олар ортақ тілде 
сөйлеулері тиіс болды. Ал егер халықтың бір бөлігі түрік тілінде сөйлеген 
болса, онда барлық халық сол тілде сөйлеуі тиіс еді». 
XIV ғасырда бұрынғы Шағатай ұлысында жергілікті түркі және түр-
кіленген моңғол тайпаларының ықпалы өсе түсті. Әсіресе жекелеген тай-
па көсемдері саяси билікте үлкен табыстарға жетті. Шағатай ұлысының 
шығыс бөлігінде ХІV ғасырдың ортасына қарай дулат тайпасының ықпалы 
өте жоғары болды. Шағатай ұлысының ыдырауы мен жергілікті ру-тайпа 
әмірлерінің билігінің күшеюінің бірнеше себептері болды. Солардың бірі 
Шағатай мемлекетіндегі көшпелі және отырықшы өмір салтын жақтаушылар 
арасындағы күрестен туындады десек те болады. ХІV ғасырдың басынан 
бастап Шағатай мемлекетінің хандары отырықшылық өмір салтын, қала 
мәдениетін көркейту бағытын ұстанды. Міне, осы тұста бұрыннан келе 
жатқан көшпелі өмір салтын сақтауды жақтаған ру-тайпалар мен олардың 
қарсыластары арасында күрес өрши түседі. 1346 жылы Шағатай ұлысының 
ханы Қазан хан өлтіріліп, оның орнына билікті әмір Қазаған иеленеді. 
Осындай кезде Шағатай ұлысы аумағында Қазағанның билігін мойында-
удан бас тартқан бірнеше дербес жеке иеліктер құрылады. Нәтижесінде 
Шағатай ұлысы екіге бөлініп, ыдырап кетеді. Мәселен, Ходжент және оның 
аймағы жалайырлар иелігі болып саналды. Осы оқиғалар барысында Дулат 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
86
әмірлерінің қолдауымен, Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде шағатайлық 
Тоғылық Темір хан билікке келеді. Осылайша, 1348 жылдың күзінде іс 
жүзінде дулат әмірлері билік жүргізген Моғолстан мемлекеті құрылады.
Моғолстан мемлекеті де өз ішінде бірнеше дербес иеліктерден тұрды. 
Бұлардың ішінде әмір Болатшының иелігі Маңғылай-Сүбе деп аталған 
ең ірі аумақты қамтыды. Маңғылай-Сүбе деп аталған дулаттар иелігі 
оңтүстік Тянь-Шяньнан Кучиден Ферғана мен Ташкентке дейінгі жерлерді 
қамтыды. Бұл жерлерде Ақсу, Қашқар, Хотан, Жаркент, Ахсикент, Әндіжан 
қалалары орналасқан еді. Солтүстігінде Маңғылай Сүбеге Атбасы аймағы 
мен Ыстықкөлге дейінгі аумақ, яғни қазіргі Қырғызстанның елеулі бөлігін 
қамтыды.
Ал Маңғылай Сүбеден солтүстікке қарай Сырдариядан Ілеге дейінгі 
аймақ әмір Болатшының інісі әмір Қамар ад-Дин дулаттың тәуелсіз иелігі 
болды. Ол өз иелігінің дербес билеушісі болды, әрі көп ұзамай әмір Болатшы 
билікке әкелген Тоғылық Темір ханның билігін мойындаудан бас тартты.
Моғолстан аумағында дәл осы кезеңде дулат әмірлерінің жоғарыда 
аталған иеліктерімен қатар, тағы бірнеше дербес иеліктер өмір сүрді. Олар-
дың бірі Іле өзенінің арғы бетінде, солтүстік-шығыс Тянь-Шань аумағында 
аркинут тайпасының билеушісі Қажы бектің, Еміл-Тарбағатай ауданын-
да Енке төренің иеліктері болды. Темірдің тарихшылары еңбектерінен 
Енке төренің Моғолстандағы дербес, ірі феодалдық иеліктердің билеушісі 
болғандығын байқаймыз. 
Моғолстан мемлекетіндегі жағдайды сараптай отырып, біз оның негізгі 
халқын жалпы «моғолдар» деген атпен құраған ру-тайпалардың аталған 
мемлкеттің өз ішінде табиғи-географиялық орналасуы мен шаруашылық 
жүргізу ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінгенін байқаймыз. 
Бірінші топты негізінен көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұста-
натын Жетісу аумағындағы жетісулық ру-тайпалар құраса, екіншісін өмір 
салттарында негізінен отырықшы-егіншілік, қала мәдениеті басым Шығыс 
Түркістандық (Маңғылай-Сүбе) ру-тайпалар, үшінші топты кейінірек 
негізінен қырғыз халқының негізін қалаған Тянь-Шяньдық ру-тайпалар 
құраған. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау