Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


тарау ХІІІ-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ РУХАНИ



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет46/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

тарау
ХІІІ-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ РУХАНИ 
ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ


VI тарау. XIII-XV ғасырлардағы рухани және материалдық мәдениет
115
ды. Мұндай біріктіретін процестер жаңа саяси элита – шыңғыс ұрпақтары 
арқасында жүзеге асты.
Моңғол ұлыстарында XIII ғасырдың екінші жартысынан-XIV ғасырдың 
ортасы аралығында конфессия аралық күресте күрделі оқиғалар орын алды, 
бұл кезде билеуші династия өкілдері түрлі позицияларды ұстанған болатын. 
Ислам дінін қабылдаған шағатайлық хандар ішінде Тармашырын (1326-
1334 ж.) ерекшеленді. Моғолстан исламдануы жағынан Мәуереннахрдан 
көп артта қалған болатын. Алайда XІV ғасырдың ортасына қарай Жетісу 
мен Қашқарда моңғолдар арасында мұсылмандық бағытты ұстанушылық 
күшейеді. Жетісу территориясында мұсылман болған Үгедей ұлысының 
ханзадасы Әли Сұлтан кезінде, 1339 жылы христиандарды қудалау да орын 
алғаны белгілі.
Исламға түбегейлі бет бұрыс 1348 жылы Моғолстан ханы болып сай-
ланған шағатайлық Тоғлұқ Темір есімімен байланысты болды. Мұхаммед 
Хайдар Дулати Тоғылұқ Темірдің ислам дінін қабылдауын егжей-тегжейлі 
сипаттайды. Ханның тұсында ислам позициясын нығайтуға қатысты нақты 
әрекеттер жасалды. XIV ғасырдан Моғолстан өмірінде ислам діні маңызды 
рөлге ие еді. Мұхаммад хан кезінде (1408-1416 ж.) моғол тайпаларының 
көпшілігі мұсылмандарға айналды. «Моңғол шапқыншылығынан кейінгі 
кезеңде (XIII-XV ғ.) бүкіл Орталық Азия көлемінде Сырдарияның орта және 
төменгі ағысындағы қалалар ханафиттік фикх, араб философиясы, басқа да 
ғылымдар жөнінен алдыңғы орынға шықты. Бұл аймақ Бұқара, Самарқанд, 
Хорезм сияқты мойындалған орталықтармен сәтті бәсекелесетін болған».
Жошы ұлысы территориясында билеуші моңғол ақсүйектері арасын-
да рухани өзгерістер Берке хан (1255-1266 ж.) және Өзбек хан (1312-1342 
ж.) есімдерімен байланысты болды. Бұл жөнінде Л. Гумилев былай жа-
зады: «Үздік ислам мәдениеті көптеген моңғол хандары мен батырларын 
қызықтырды, ол өз кезінде Жошы ұлысының саясатына ықпалын тигізді». 
М.А. Усманов Жошы ұлысының исламдануы кезіндегі хандардың мыса-
лында бұл үдерістің ішкі және сыртқы факторларын бөліп көрсетеді. Ішкі 
факторы бұл Жошы ұрпақтарының жаңа дінді іздеуіне итермелейтін себеп-
тер комплексі, оған ой-сананың дағдарысқа ұшырап, тығырыққа тірелуі, 
идеялар күресі алып келді. Сыртқы фактор Хулагу ұрпақтарымен болған 
қарсыласу еді.
Бату хан билігі кезінде-ақ Берке 1253 ж. мұсылман болды. «Шыңғыс-
нама» авторы Өтеміс қажының сөзінше «Дешті Қыпшақ уәлаяты Берке 
ханға бағынған кезден бастап, дінсіздердің басым көпшілігіне ол ислам 
дінін қабылдатқызды». Билеушілермен бірге карамағындағы руларымен 
ақсүйектердің үлкен топтары ислам дінін қабылдады. Мысалы, 1262-1263 ж.
ислам дінін қабылдау акциясы туралы айтылады, онда бүкіл отбасымен,
қызметшілері және әскерімен ислам дінін қабылдаған нойондардың есімде-
рі аталады.
Алтын Орда көшпелілері арасында исламның таралуы оңай өткен жоқ; 
шаманистер, христиандар, буддистер тарапынан қарсыласу фактілері орын 
алған болатын. Қол жеткен жетістіктерге қарамастан Берке хан Алтын 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
116
Орданың біржолата исламдануы мәселесін 
шеше алмады. Исламдану процесі бары-
сында орын алған идеялық қарама-қайшы-
лықтарды, бұқараның енжарлығын, көшпе-
лілердің ақсүйектер тобының сепаратизмін 
нумизматикалық материалдар дәлелдейді.
Берке хан ислам мәдениетін қолдады, 
ол «өнер мен ғылымды жақсы көріп, ға-
лым дар мен суретшілерге жағдай жасады,
өзінің қыпшақ астанасын жаңа ғимарат-
тармен безендірді». Мұсылман авторлары-
ның жазбаларына қарағанда «(Берке) үне - 
мі Құранды талдайтын, хадистерді түсін дір-
етін, құқықтанушылар мен ұлы ғалым дар 
оның жанында болатын. Оның діни кітаптары өте көп еді және мәжілістері 
мен кеңестерінің басым көпшілігі ғалымдармен өтетін. Сарайында шариғат 
туралы үнемі пікір таластар болып тұрды. Мұсылмандық ісіне ол аса
жауапты әрі бар көңілімен кірісті».
Сонымен қатар алдында айтылғандар саяси есеп пен пайданы жоққа 
шығаруды білдірмейді. Жошы ұрпақтарының өзінің территорияларын Кав - 
казға қарай кеңейтуге құлшынысы мұсылман мемлекеттерімен жақында-
суының негізгі себебі болды. Берке хан Каирде тұрған халифпен хат жа-
зысып, одан сыйлы киімдер алып отырды. Берке хан мен Өзбек хандар 
тұсында Алтын Орда мен Мысыр арасындағы дипломатилық байланыстар 
Қыпшақ мемлекетінің мәдени дамуына, оның діни негіздерінің бекуіне оң 
ықпал етті. Каһирамен (Каирмен) және басқа да мұсылман орталықтары-
мен байланыстардың үдей түсуі Қазақстан халқының интеллектуалды
және рухани өмірін одан ары жандандырды. 
Жошы ұлысының исламдануының аяқталуы Алтын Орда тағында отыз 
жыл саяси үстем орнатқан, мемлекетті гүлденген шегіне қол жеткізген 
белгілі Өзбек хан кезіне сәйкес келді. Мұхаммед Өзбек хан (1312-1342 ж.) 
өзі шынайы мұсылман болумен, исламға қатысты протекциялық саясат 
жүргізумен шығыстың ең белгілі билеушісі атағын иеленді. Ортағасырлық 
шығармаларда жазылғандай «ол исламның әсемдігімен безендірілді ...оның 
таза жүрегі діни сенім маржандарымен көмкерілді». Өзбек ханның ислам 
дінін қабылдауы туралы «Шыңғыснамада» айтылады. Халық аңыздарына 
қарағанда ханды ислам дініне қаратуда шешуші рөлді сопылық әулие Баба 
Түклас атқарған (кейінгі қазақ эпикалық дәстүрінде оны батырлар пірі Баба 
Түкті Шәшті Әзиз деп атайды) болатын.
Жазба деректер мен сакральдық аңыздарды зерттеу XIV ғасырда ислам-
дану үдерісі белгілі қиындықтармен өтіп, дискретті сипатта болғандығын 
көрсетеді. Өзбек хан мен оның қарамағындағылардың исламды қабылдауы 
конфессия аралық сипаттағы қақтығыстарға алып келді. Алтын Ордада 
буддизмді, христиандықты, шаманизмді ұстанушылар әлі де болды; ка-
толик миссиялары жұмыс істеді. Дешті Қыпшақ саяси өмірінде маңызды 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау