3. Сұраулы сөйлемдердің тілдік қатынасқа айтушының алдына қойған мақсатына қарай.
а) Эксплекативті сұрақтар белгілі орын алған оқиға жөнінде екінші адамнан сұрау. Бұл топқа
сонымен қатар, біздің пайымдауымызша, директивті мағынасы модальді предикатив (қажет, керек) пе
еді бөлшегінің үйлесуімен сипатталған кейбір айтылымдарды жатқызуға болады. Осы кезде "керек
(қажет) пе еді" құрылымы бар айтылым объективті қажеттіліктің констатациясы болып табылмай ма
және ол ашық сұрақ емес пе деген орынды сұрақтар туындайды. Біздің түсінігімізше эксплекативті
сұрақтар жайлы тек егер коммуникативті мағынаны көрсету үшін қолданылған айтылым директивті
қолданыста тұтастай немесе жартылай редуцияланған өзінің тікелей коммуникативті прагматикалық
мағынасы болған жағдайда ғана айтуға болады.
ә) Экзистенциалды сұрақтар айтушының өзінің сөзін қостатуға арналған болады. Сұрақтардың бұл
тобына директивті мағынаның лексикалық немесе морфологиялық көрсеткіштері жоқ сұраулық
айтылымдар кіреді, алайда олардың синтаксистік құрылымы мен кейбір тұрақты тіркестік
компонентері оларды дәл осы сұраулық айтылымдар деп анықтауға септігін тигізеді.Мысалы,
Шарасыз күн кешеміз де? деген сөйлемде күн кешеміз сөзі айтушының ойын білдіріп отыр.
б) Диктальды
-
модальды білмей жатқан нәрсесін екінші адамнан сұрап алу, оған сенімсіздік
таныту, кекету, мұқату. Модалды мәліметтермен жұмыс көрсетіп тұрғандай диктальды
-
модальды
айтылымдардың әмбебап синтаксистік немесе морфологиялық типологиясын анықтау мүмкін емес
дерлік, өйткені әр жеке коммуникациялық жайдайда айтылымдардағы директивті мағынаны
көрсететін түрлі мүмкіндіктері бар. Біз тек қарастырылып жатқан грамматикалық субституцияның ең
жиі кездесетін түрлерін ғана көрсете аламыз. Мысалы:
Астанаға мен де талай барғанмын.
–
Қой, әй! Рас па?
Сөйттім де, сөйдеп пе әй, дәмесін қара, солай де сияқты директив түрлері
алдыңғы сөйлеуші сөзіне баға беру, қорытындылау мақсатында жұмсалады. са, болса, болар, әрине
сөйлесімдері мәртебесін көтереді.
Қорыта айтқанда, кез-келген адам cөйлеу арқылы, яғни коммуникация үстінде сөзбен ықпал етіп,
мақсатына жетуге ерекше көңіл бөледі. Адресат өз мақсатына жету үшін белгілі бір стиль түрін
таңдайды. Ол коммуникацияда прагматикалық салмаққа ие болады. Сұраулы мағына білдіретін
сөйлемдер қолданылу сипатына қарай эмоциональды-экспресивті жүйе болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Алтынбек М.Ж. Коммуникативтік құзыреттілікті дамытудың әдіснамалық негізі// Абай атындағы
ҚазҰПУ-нің Хабаршысы. – №4(58). – 2016. – Б.7-11.
Достарыңызбен бөлісу: |