Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
48
әкелуі мүмкін. Сөйлеуші өз мақсатына жету үшін белгілі стиль түрін таңдайды. Өйткені ұтымды
талданған стиль түрі өзара ықпалды арттырады. Сондай стиль мен сөйлеу қағидалары арасындағы
байланыс соңғысының алғашқының түрін айқындайтындығын көрсетеді» деген пікірді ұстанамыз.
Сұраулы сөйлемдердің прагматикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлерге бөледі. Мысалы,
Е.В. Падучева орыс тіліндегі сұраулы сөйлемдерді мынадай топтарға бөліп қарастырады: –
риторикалық сұрақтар (Подите прочь – Какое дело поэту мирному до вас!);
– тілек сұрақтар (Вы не могли бы открыть форточку?);
– сөйлем сұрақтар (Ты не хочешь пойти прогуляться?);
– келіспеушілік сұрақтар (Зачем красить крышу в зеленый цвет?);
– қарсы сұрақтар (Знаю ли я Петю? Да я с ним...);
– рефлексивті сұрақтар, адамның өз-өзіне қойып, жауап беретін сұрақтар (Недостаток молодости в
чем состоит? В том, что она с годами проходит), либо такие, на которые он не знает ответа (Куда же я
дел очки?);
– таң қалу сұрақтары (Неужели это ты придумал?) и др. [11, 39-40].
Ағылшындық ғалымдар Деидры Уилсон және Дана Спербер ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдердің түрлерін:
1. Риторикалық сұрақтар (rhetorical questions): Did you want to give up smoking? (сенің темекі
тастағың келе ме? [ары қарай аудармасы өзіміздікі].
2. Емтихан сұрақтары (exam questions): What are the constituencies of a solar panel? Күн батареясы
неден тұрады?
3. Уәж сұрақтар (guess questions): Which hand is it in? Қайсысы қолымда?
4. Таңқалу сұрақтары (surprise-questions): The president has resigned. Has he? Президент отставкаға
кетті. Шынымен кетті ме?
5. Түсіндіру сұрақтары (expository questions): How are non-declarative sentences understood?
6. Рефлексивті сұрақтар, адамның өз-өзіне қойып, жауап беретін сұрақтар (self-addressed ques-
tions): Now why did I say that? Мен неге соны айттым?
7. Қосымша сұрақтар (speculative questions): What is the best analysis of interrogative sentences? Қай
сұрақ ұтымды шықты?
8. Одағай сұрақтар (echoic question): John sighed, Would she never speak?
Джон күрсінді. Ол одан басқа дыбыс шығармай ма? [12, 31-32].
Е.Н. Линдстрем: «Настоящие вопросы; вопросы дознания; экзаменационные вопросы;
дидактические вопросы; этикетные вопросы; предварительные вопросы; вопросы-предложения;
вопросы-сомнения; игровые вопросы» [12, 26].
Айтылғандардың бәрін есепке ала келе директивті айтылымдарды сұраулық мағына көрсеткішінің
сипат ерекшелігіне қарай классификациялауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: