Іс-тәжірибе диссиминациясының тиімді үлгілері



жүктеу 54,5 Kb.
Дата28.01.2020
өлшемі54,5 Kb.
#27543

Іс-тәжірибе диссиминациясының тиімді үлгілері

Озат іс-тәжірибе «идея» дегенді білдіреді. Яғни, К.Ушинскийдің пікіріне сүйенсек «Озат тәжірибені үйрену барысында бір адамнан екінші адамның алатыны – тек оның идеясы» деген екен. Диссиминация – идеяны жеткізудің, жүзеге асырудың әдістері, инновациялық қызметтің тәжірибе нәтижесіне бағытталған процесі.

Педагогикалық озат іс-тәжірибе – практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы.

Педагогикалық іс- тәжірибені мұғалімдердің өзіндік білім жетілдіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру мұғалім өзінің және өзгелердің құнды іс-тәжірибесін зерттеп, жалпылау арқылы өз білімін жетілдіре алатынын білдіреді.



Педагогикалық тәжірибені кеңейтілген мағынасында – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі, нақты мұғалімді, тәрбиешіні, жетекшіні кәсіби дамытудағы, білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызметкерлердің кәсіби-педагогикалық міндеттерін өзі бетінше жетілдіре білуіндегі тұрақты жоғары нәтижеге жеткізетін педагогтық шеберлік деңгейі деп түсіндіруге болады.

Педагогикалық іс- тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде қарастыру жақсы жолға қойылған озат тәжірибені зерттеу ісі арқылы мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін едәуір арттыруға болатынын көрсетеді.

Педагогикалық іс-тәжірибені мұғалім мен әдіскердің педагогикалық шығармашылығын дамыту құралы ретінде қарастыру педагогтың озат тәжірибеге жүйелі зерттеу жүргізуі өз шығармашылығын дамытуына ықпал ететінін байқатады.

Бұл қарастырулардың барлығы озат іс-тәжірибенің өзіндік мәнін аша отырып, оның өзге іс-тәжірибе түрлерінен ерекшелігін ажыратып көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибенің түрі көп екені белгілі: оң тәжірибе, эксперименттік тәжірибе, озат тәжірибе және жаңашылдық тәжірибе. Ұстаздан жоғары кәсіби және әдістемелік шеберлікті қажет ететін, жаңа нормативтік талаптарға негізделген тәжірибе оң тәжірибе, ал мектептегі мұғалімнің, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыратындай дәрежедегі, тиімді жолмен қол жеткізген керемет жетістігіне негізделген тәжірибе озат тәжірибе деп аталады. Эксперименттік, озат және жаңашылдық тәжірибе озық тәжірибелер қатарына жатады, тек оң тәжірибе ғана оған жатпайды. Осылардың ішінде тек озат тәжірибе ғана оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған күшті құрал бола алады. Қалған тәжірибелер озат тәжірибенің құрамдас бөліктері болып табылады.

Озат тәжірибе иесі деген кім?

Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру - әр мұғалімнің басты арманы екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұн, мақсат, әдіс–құрал, жағдай сияқты негізгі салалары бойынша көп тәжірибе жинақтау керек-ақ. Оның екі жолы бар: бірі-өзгелердің озат тәжірибесін зерттеп-үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану, екіншісі-эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибеңді жинақтау. Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі.

Жалпы алғанда, тәжірибелі мұғалім дегеніміз кез келген педагогикалық мәселені практикалық тұрғыдан шеше алатын, өз ісінің шеберіне айналған кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім. Осы уақытқа дейінгі кейбір түсініктер бойынша тек тәжірибелі мұғалім ғана шығармашылықпен жұмыс жасап, жаңашылдықпен айналыса алады делінетін. Мектеп өміріне педагогикалық инновациялардың тереңдей енуі бұл пікірдің негізсіздігін көрсетіп берді. Қазіргі жаңаша түсінік бойынша мұғалім оқыту барысында шығармашылық ізденіспен айналысу, өз тәжірибесінде әр түрлі жаңалықтар ашу арқылы ғана озат тәжірибе жинақтайды.

«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушының шығармашылығын арттыру жолдары» проблемалық тақырыпты басшылыққа ала отырып жұмыс істедім. Осы тақырыпты жүзеге асыру мақсатында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасы мен «Модульдік оқыту технологиялары» элементтерін кеңінен пайдалана отырып өзімнің жұмыс жүйемді қалыптастырдым . Оқушылардың зейінін шығармашылыққа баулу үшін логикалық тапсырмалар, зерттеу материалдарымен жұмыс жасалып, оқушы білімі сапасы 85 % артты. Шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін Білім және ғылым министрлігінің стандартын басшылыққа алып, оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптар бойынша жалпы білім беретін мектептің 5- сыныптың «Әдебиет» пәні оқулығына (оқулық авторы Ә.Дайыр,Қ.Айтқалиев,Ш.Беркімбаева, Ғ.Құрманбай) СТО жобасы стратегиялары негізінде мұғалімдерге «Әдебиет пәнінен күнтізбелік сабақ жоспары үлгілерін» және «Әдебиет пәнінен оқушының жұмыс дәптері», «Әдебиет» («Атамұра» баспасы, 2010) оқулығы негізінде дайындалған жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған электронды әдістемелік жинақтарын әдістемелік көмек ретінде ұсындым. Бұл әдістемелік жинақтар облыстық «инновациялық –педагогикалық идеялар» жәрмеңкесіне жіберіліп, сертификат алдым.

1. Өзімнің іс-тәжірибемді жинақтап, жетілдіру арқылы тәжірибемнің тиімді үлгісі ретінде сіздерге Білім және ғылым министрлігінің стандартын басшылыққа ала отырып, оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптар бойынша жалпы білім беретін мектептің 5-сыныптың «Әдебиет » пәні оқулығына (оқулық авторы Ә.Дайыр,Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Ғ.Құрманбай) СТО жобасы стратегиялары негізінде дайындалған «Әдебиет пәнінен оқушының жұмыс дәптерін» ұсынбақпын.

Жұмыс дәптері хронологиялық қағидат бойынша құрастырылып, белгіліден жаңаға, қарапайымнан күрделіге принципіне негізделген. Осы оқу құралында әдебиет сабағында оқушы білімін бақылаудың бірнеше түрі қарастырылады. Шығармашылық жұмыстары үшін ұсынылған тапсырмалар: «ассоциация» тәсілі, тестер, бес жолды өлең құру, екі жақты күнделік толтыру, Венн диаграммасы, эссе, кубизм стратегиясы, проблемалық ситуацияларды шешу басқа да жұмыс түрлері мұғалімге оқушы біліміндегі кемшіліктерді уақытында жоюға, көркем туындылардың мәтіндерімен байымды жұмысқа баулып, білім сапасын көтеруге септігін тигізеді.Берілген жұмыс дәптері оқу процесін қызықты, көрнекі қылып қана қоймай сонымен қатар оқушының ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен қатар оқушылардың сабақ үстінде не үй жұмысын орындау кезінде жұмыс дәптерін толтыруы конспектілеуге қарағанда аз күшті талап етіп, дербес шығармашылық жұмысқа жетелейді.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқушының білім деңгейін бақылаумен қатар, мұғалімге белгілі бір тақырыпты өткенде сол тақырыптың қай тұстарына баса көңіл бөлу керек екендігіне бағыт – бағдар береді

Құрастырылған материал баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық қабілетін шыңдауына үлкен септігін тигізеді



Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар өзімнің өз іс тәжірибесімде қолданылып, тиімділігі мен қажеттілігі дәлелденген.

ActivInspire-Studio бағдарламасы беттері слайдтары
Сөздік жұмысы. Оқушылардың көркем тілін дамытуда, тіл байлығын жетілдіруде сөздік жұмыстары, сондай-ақ сөз тіркестері, мақал-мәтелдермен жұмыстың маңызы зор. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда әр түрлі сөздіктермен жұмыстың пайдасы ерекше зор. Түсіндірме сөздіктер, әсіресе, көркем шығармаларды оқуда, соның ішінде тарихи тақырыпта жазылған шығармаларды оқуда оқушыға бірден-бір көмек болып табылады. Көркем шығарманы әдеби талдау алдында, мәтінмен жұмыс кезінде міндетті түрде сөздік жұмысы жүргізіледі. Сабақтан тыс уақыттарда да оқыған көркем шығармалары бойынша түсінбеген сөздерді белгілеп келуі тапсырылып, сол бойынша сыныптан тыс оқуларда, қосымша сабақтарда әр түрлі жұмыстар атқарылады.

Іздену жұмыстары.
Әдебиет сабағындағы көрнекіліктер. Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда көрнекіліктердің өзіндік маңызы, орны бар. Жалпы, таным процесі есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын ғалымдар өте ертеден-ақ айтқан. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор, сондықтан, білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары көкейтесті мәселелелердің бірі болып отыр. Өзімнің сынып бөлмемде орналасқан интерактивті тақтаның көмегі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану мақсатында орыс сыныптарына арнап «Елтану» модуліне арналған мультимедиялық әдістемелік жинағын дайындадым. 5-сыныптың «Әдебиет» пәні оқулығына электронды әдістемелік жинағын құрастырдым. Солардың кейбіреуіне тоқталып өтейін.

«Бәрін білгім келеді». Сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады. Оны өткізген кезде де Microsoft Power Point бағдарламасының біз қолданып жүрген қарапайым түрін күрделендіріп, өзім үшін Power Point бағдарламасының «Триггер » атты жаңа функциясымен таныстым. Триггер көмегімен презентацияңыз бұрынғыдан да белсенді, баяндамашы ролінен басқаруға икемді тыңдаушыға айналады, белсенділене түседі. Сонымен, бұл функция Триггер деп аталады. Әзірше, бұл функция көмегімен жасалған презентацияны аз кездестірдім. Триггер – анимацияның тышқанды шерту арқылы іске қосылатын түрі.

Интерактивті плакат. «Жай сөйлемнің түрлері» интерактивті плакатқа әдістемелік түсінік хат. Аталған интерактивті плакат8-сыныптағы «Қазақ тілі» пәнінен «Жай сөйлемнің түрлері» тақырыбы бойынша өткізілген сабақтарға арналған.

Интерактивті плакат бір слайдтан тұрады. Қажетті ақпаратты шығару үшін «Жай сөйлем» тақырыбын қаламмен басамыз. Плакатта тұрлаулы мүшелер деген сызба пайда болады, соны басу арқылы тұрлаулы мүшелер қатысқан жай сөйлемнің түрі – «Жақты сөйлем» пайда болады. Жақты сөйлемді бассаңыз, оған арналған сөйлем пайда болады. Енді ол қажет болмаса, сөйлемді басу арқылы плакаттан жоғалта аласыз. Тағы да тұрлаулы мүшелерді басыңыз, жай сөйлемнің кейінгі түрі – «Жалаң сөйлем» және оны мысалмен дәлелдейміз. Тұрлаулы мүшелер қатыса отырып «Толымды сөйлем» жасалады, енді оған тұрлаусыз мүшелер де қажет, «Толымды сөйлем» сызбасын бассаңыз, тұрлаусыз мүшелер пайда болады. Содан соң «Толымды сөйлем» сызбасын басу арқылы толымды сөйлемге арналған мысалды оқи аласыз. Тұрлаусыз мүшелер деген сызбаны бассаңыз, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер қатысқан «Жайылма сөйлем» және оның мысалы шығады. Сол сызбаны қайтадан бассаңыз, «Жақсыз сөйлем» пайда болады.

Жай сөйлемнің екі түрі қалды. Олар: «Толымсыз сөйлем» және «Атаулы сөйлем». Бұлар «Жай сөйлем» тақырыбын басу нәтижесінде пайда болады.

Интерактивті плакат қызықты, әрі әрбір жай сөйлемнің түрінен терең білім береді. Плакатты пайдалану нәтижесінде оқушылардың жай сөйлемнің түрлері туралы білімі тағы да толыға түседі.

Плакат слайдтарға гиперсілтеме көмегімен орындалған, демонстрация тәртібінде сақталған. Әрбір презентацияда келесі слайдтарға сілтеме орнатылған, немесе орталық слайд-плакатқа қайтып келуге болады. Демонстрация тәртібіндегі презентациялар триггер көмегімен орындалған.

Қандай көрнекілік болмасын, ең бастысы, мұғалім оны тиімді пайдалана білу керек. Көрнекілік сабақ мазмұнымен тонның ішкі бауындай қауышып, оны байытып, әрі оқушы сезімін дамытып, уақыт үнемдеуге көп көмек жасайды. (Лексика, зат есім тақырыптары)



Әдеби-сазды кеш. Әдеби-сазды кешті барлық дерлік мұғалімдер ұйымдастырады. Ал кездесу кеш ұйымдастырудың сәті көбіне түсе бермейді. Жерлес жазушы Естай Мырзахметовтың туғанына 85 жыл толуына орай Ұлы-Алтай, қызы- Зәмзәгүл, жерлесі әрі құрдасы Балғожа атайлармен кездесу кеш ұйымдастырылды.
2010-2011 оқу жылы кабинетіме интерактивті тақта қойылды. Сонда өзімнің алдыма мынадай мақсаттар қойған едім:

  1. Интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін игеру және оны сабақтарымда тиімді пайдалану

  2. Электрондық оқулық құруды үйреніп, электрондық оқулықтың авторы болу

Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында мектептің оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге  ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін  пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында мұғалім - ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет.

Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі түрде және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Сондықтан, әр мұғалім, әсіресе, ауылдық жерде тұратын мұғалім қазір мектептерге әкелініп жатқан құралдармен жұмыс жасауды үйренуіне осы үлгілердің септігі тиер деген сенімдемін.

Менің іс-тәжірибемнің тиімді үлгілері осылар деп таптым, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.



Мұғалімнің сапалы жұмыс істеуіне оқу кабинетінің де атқарар қызметі зор. Кабинет сабаққа керекті жабдықтармен, көрнекі құралдармен толық қамтылып, 2010-2011 оқу жылы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Үздік қазақ тілі кабинеті» байқауында шығармашылық танытқаны үшін І орын дипломымен марапатталып, былтырғы оқу жылы кабинет паспортталды. «Сабақтағы оқушының танымдық және шығармашылық қызметтерін басқару» тақырыбы аясында аудандық семинар-практикум өткізіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» тақырыбы бойынша ғылыми-сараптамалық мәжіліс сабағын бердім. Сыныптан тыс жерлес жазушы Е.Мырзахметовтың туғанына 85 жыл толуына орай ұлы Алтай, қызы Зәмзәгүлмен әдеби-сазды кездесу кешін ұйымдастырды. Көркем шығарманы мәнерлеп оқуымен, өтілетін іс-шараның қайсысына болсын сценарий жазуымен айналысамын, «Өркен» драмалық үйірмесін жүргіземін. Былтырғы оқу жылынан бастап ҰБТ аппиляциялық комиссия мүшесі құрамында. Мектепте «Шұғыла» гуманитарлық пәндер бірлестігін басқарамын.
жүктеу 54,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау