5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу базалық құндылықтар болып айқындалған.
28. Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген
білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау
болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және
шығармашылықпен қолдана білу;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.
29. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;
2) сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;
3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;
4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
30. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру
саясаты шеңберінде іске
асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген,
қызметтің алуан түрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз елінің мәдениетін бағалайтын
, басқа елдердің мәдениетін түсінетін және сыйлайтын Қазақстанның азаматын қалыптастыруға
негізделеді.
31. Үштілді білім беру іс жүзінде мынадай жолдармен іске асырылады:
1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейлік
меңгерілуін қамтамасыз ету;
2) сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру.
32. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны білім беру саласы бойынша бастауыш білім
берудің басты миссиясына сәйкес айқындалады, оған сәйкес білім алушыны тек оқытып қана қоймай,
сонымен бірге оның рухани дамуының және әлеуметтік маңызды дағдыларының іргетасын қалау керек.
33. "Тіл мен әдебиет" білім беру саласындағы пәндердің мазмұнында
сөйлеу әрекетінің төрт
түрі бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған коммуникативтік тәсілді қолдану көзделеді. Тілдік
пәндердің мазмұны ойын және танымдық іс-әрекеттер арқылы білім алушылардың бойында тілдерді
үйренуге деген қызығушылығы мен оң қатынасын дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу, тілдік
материал ретінде мәтінмен жұмыс істей білу, фразалар мен сөз орамдарының мәнін түсіну және
оларды нақты жағдайлар кезінде қолдану үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған.
34. Екінші тіл шеңберінде қазақ тілі мен әдебиетін, орыс тілі мен әдебиетін оқыту білім
алушылардың
тілдік дағдыларын дамыту, мәтіннің әртүрлі түрлері және типтерімен өз бетінше жұмыс
істеуге машықтандыру үшін әдеби мәтіндерді пайдалануға негізделген.
35. Екінші тілді (оқыту тіліне байланысты орыс тілін/қазақ тілін) және үшінші тілді (
ағылшын тілін) оқыту тілді деңгейлік үйрену жүйесіне бағдарланған.
36. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәндерінде іске асырылады.
37. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған
болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді
қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы
амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын
дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын,
ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен,
графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде
ең қарапайым әдістерді қолдану,
интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
38. "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану" оқу пәнінде іске
асырылады.
39. "Жаратылыстану" пәнінің мазмұны "Адам – Табиғат" жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің
қарапайым деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл оқу пәні білім алушылардың табиғатты
тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан
түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны "қарапайымнан күрделіге қарай,
таныстан таныс емеске қарай" қағидаты бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың
құбылыстары мен процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну, қоршаған ортаның
көптүрлілігі мен күрделілігін саналы аңғару білім алушылардың ой-өрісін кеңейтеді. "
Жаратылыстану" оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын "
Биология", "Физика", "Химия" оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын,
сондай-ақ білімнің
барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды.
40. "Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны "Дүниетану", "Өзін-өзі тану" оқу
пәндерінде іске асырылады.
41. "Адам және қоғам" білім беру саласы пәндерінің мазмұны "Адам –Қоғам" жүйесі
шеңберінде кіріспе білімді қамтамасыз етуге бағытталған. Пәндердің мазмұны қоғамдық
қатынастардың өткені мен бүгінін, олардың өзара байланысын, адамдардың отбасындағы, қоғамдағы
өзара қарым-қатынастарын танып-білуге; өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға,
отбасындағы, жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғуға;
қазақстандық қоғамның құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге; әр білім алушының
өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық
әлеуетінің көзін ашуына; өз халқының және басқа да
халықтардың мәдениетіне деген құрмет сезімін дамытуға, өз қылығы үшін жеке басы жауапкершілігін
ұғынуына, басқа адамдардың сезімдерін түсінуге және бірге бөлісуге, адам мен қоршаған ортаға
деген ізгілік қатынасын тәрбиелеуге бағытталған.
42. "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Бейнелеу өнері", "Еңбекке баулу"
және "Музыка" пәндері арқылы жүзеге асырылады.
43. "Технология және өнер" білім беру саласы пәндерінің мазмұны бейнелеу өнері мен
музыканың адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруға,
қазақтың ұлттық
өнеріне, салты мен дәстүріне және әлемдегі басқа халықтардың өнеріне де құрметпен қарауға
тәрбиелеуге;
бейнелеу өнерінен, көркем және техникалық еңбектен көркем іс-әрекеттің алуан түрін
жасап шығаратын машық пен дағдыларды дамытуға; бастапқы вокалдық және аспаптық дағдыларды
дамытуға; дүниені түрлі көру-тактильдік және музыкалық құралдар көмегімен тану тәсілдерін
игертуге бағытталған.
44. "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде іске
асырылады.
45. "Дене шынықтыру" пәнінің мазмұны физикалық қасиеттерді, жалпы дамыту жаттығуларын өз
бетімен орындауға деген қызығушылықты дамытуға; саламатты өмір салты мәдениетін дарытуға; дене
шынықтырудың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерді қалыптастыруға, спорт, қазақтың ұлттық
спорт түрлері туралы ақпаратты өз бетімен таба білу және оны өзінің денсаулығын нығайту үшін
пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға; оқу, ойын және жарыс қызметі жағдайында
құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау мәдениетінің машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
46. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру мерзімі – төрт
жыл.
Достарыңызбен бөлісу: