44. Тұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелілігі, әлеуметтенуі, рухани-адамгершілік,
шығармашылық және дене дамуы деңгейінің психологиялық-педагогикалық мониторингісі түрінде
бағаланып, оның портфолиосына жинақталады.
45. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:
1) адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым
негіздері бойынша жүйелі білімін меңгеруінен;
2)
ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;
3) таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруінен;
4) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;
5) жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен көрініс
табады.
46. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар,
таңдау курстары,
шығармашылық оқу жобалары, сондай-ақ зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері бойынша қол
жеткізген жетістіктерімен анықталады, оның портфолиосына жинақталады.
47. Пәндік нәтижелер білім алушылардың білімнің базалық мазмұнын меңгеруі барысында
білімдік және іс-әрекеттік дайындығынан көрінеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
48-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016
(01.09.2017
бастап
№ 292
енгізіледі) қаулысымен.
қолданысқа
48. Пәндік нәтижелер 2-4-сыныптарда базалық
деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде:
базалық (міндетті) деңгейде, жетік мүмкіндік деңгейінде 5-11-сыныптарда (белгілі бір пәнді
таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті игеру үшін) және жетік бейіналды
деңгейде 8-9-сыныптарда/жетік бейіндік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы орта білім беретін
ұйымдар таңдаған пәндерді тереңдетіп оқуға арналған үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын игеру
үшін) белгіленеді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015
(01.09.2016 бастап
№ 327
қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
49. Білім алушылардың оқу пәндерін игеруінің базалық деңгейі білімнің міндетті төменгі
шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдыларын қамтиды.
РҚАО-ның ескертпесі!
50-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016
(01.09.2017 бастап
№ 292
енгізіледі) қаулысымен.
қолданысқа
50. Оқу пәндерін меңгертудің жетік (жетік мүмкіндік және жетік бейіналды/жетік бейіндік)
деңгейлері білім алушылардың білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың
шеберлігі мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін меңгертудің мүмкін деңгейі 5-11 сыныптар үшін
вариативтік оқу бағдарламасы негізінде жалпы білім беретін ұйымдардың таңдауы бойынша жүзеге
асырылады. Оқу пәндерін меңгертудің жетік бейіналды (8-9 сыныптар) және бейіндік (10-11
сыныптар) деңгейлері тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге
асырылады.
51. Орта білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың базалық (міндетті) деңгейді
меңгеруін және оқу жүктемесінің көлемін білім саласындағы уәкілетті орган бақылайды.
52. Жалпы орта білім беретін ұйым ұсынатын білім мазмұнын (тереңдетілген, кеңейтілген)
меңгеруін жергілікті білім беру органдары бақылайды.
53. Орта білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен
бағаланады.
54. Бақылау нысандары ауызша, жазбаша және шығармашылық емтихандар, тест тапсырмаларының
ашық
және жабық нысандары, бақылау жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: