Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



жүктеу 464,48 Kb.
Pdf просмотр
бет16/49
Дата09.01.2022
өлшемі464,48 Kb.
#32019
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
общеобязательных стандартов образования

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 
 (алғашқы ресми 
№ 292
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
      1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (
бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының 
 
Заңына
сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім беруге қойылатын жалпы талаптарды 
белгілейді.


      Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және 
кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде 
әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер 
қолданады.
      2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі 
ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
      2) біліктілік – алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға 
даярлық деңгейі;
      3) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі 
инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
      4) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі 
немесе оқыту кезеңі;
      5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін 
ұйымдастыру тәсілі;
      6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша 
білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі;
      7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (
мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі)
айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;
      8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру 
процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың
өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
      9) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын
шешу қабілеттілігі;
      10) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың 
түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен
құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
      11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің (
модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың 


негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын 
бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру 
ұйымы әзірлейтін құжат;
      12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу 
бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні (модулі) үшін техникалық және кәсіптік 
білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат, әскери, арнаулы оқу орындарында жұмыс оқу бағдарламасы 
силлабус деп аталады;
      13) үлгілік оқу жоспары – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандықтар мен
біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін 
белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
      14) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша 
меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
      15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің (модульдерінің) жиынтығы;
      16) кредиттік оқыту технологиясы – кредитті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының 
көлемін сәйкестендірілген өлшеу бірлігі ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді (
модульдерді) таңдауы және өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;
      17) дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең 
болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына 
отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен 
ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
      18) эксперименттік білім беру бағдарламалары – оқытудың жаңа технологияларын сынақтан 
өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған бағдарламалар;
      19) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне 
және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімді,
іскерлікті, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
      20) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы 
кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру 
бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;
      21) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты 
білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
      22) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін 
ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін 
процесс;


      23) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын 
мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
      24) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа 
мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымы;
      25) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді 
орындау процесінде теориялық білімді, іскерлікті бекітуге, практикалық дағдылар мен 
құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің
түрі;
      26) біліктілік сипаттамасы – маманның жеке басына және кәсіби біліктілігіне қойылатын 
жалпылама талаптарды айқындайтын құжат. Бұл модель кәсіптік даярлықты талап ететін белгілі бір 
еңбекті орындау бойынша қызметкердің тұлғалық әлеуетінің моделі.
      3. "Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде техникалық және
кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына, базалық, кәсіптік құзыреттерге және білім беру 
ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.
      4. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде техникалық және кәсіптік 
білімнің беру бағдарламаларының мақсаты, құндылығы, мазмұны, іске асырылуы мен құрылымы және 
оларды меңгерудің нормативтік мерзімдері айқындалған.
      5. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген 
бөлімде кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, 
бақылау нысандары, міндетті оқу уақытының көлемі көрсетілген.
      6. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ:
      1) оқу-бағдарламалық құжаттамаларға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс 
жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына, сондай-ақ оқу процесін оқу-әдістемелік 
сүйемелдеу кешеніне;
      2) білім беру бағдарламаларына;
      3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен басқа да 
нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге:
      4) ӘАОО ведомстволық бағынысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың басқа да 
нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

жүктеу 464,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау