3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім
негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін бастауыш білім
берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі
мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңмен
толықтырып отыруға
;
5) күнделікті білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің
құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара
шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше
білімге деген қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында бастауыш
білім берудің
баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға;
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті
бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
4. Стандарт:
1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін бастауыш білім берудің үлгілік
оқу жоспарын;
2) бастауыш білім берудің пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
3) пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
4) пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін;
5) білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді
қамтамасыз ететін басқару жүйесін;
6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;
7) білім беру ұйымдарының білім беру процесін материалдық-техникалық,
ақпараттық
қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды;
8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау
параметрлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі әдістерін, нысандарын
және педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың Стандартта айқындалған
оқытудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуі үшін денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.
6. Стандартта
сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай
Заңға
терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) бастауыш білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне
және меншік нысанына,
сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті бастауыш білім
беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
2) оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген
қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
3) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы
бөлігі, үлгілік оқу жоспарында айқындалған оқу жүктемесінен тыс іске асырылатын білім
алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысандарының бірі;
4) сыртқы жиынтық бағалау – негізгі орта және жалпы орта білім
беру аяқталғаннан кейін
меңгерген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындау;
5) ішкі жиынтық бағалау – оқу тоқсанының соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін оқып
аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін
айқындайтын бағалау;
6) білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын бастауыш білім берудің
базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
7) ерекше білім беру қажеттіліктері (мұқтаждықтар) – дене бітімінде және ақыл-есінде
кемістігі бар балаларды қоса алғанда, білім алуда қандай да бір себептермен тұрақты немесе
уақытша қиындықтарға тап болатын
балалардың қажеттіліктері;
8) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында типіне, түріне және
меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылардың оқып білу үшін
міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
9) инклюзивті білім беру – білім беру бағдарламаларына сәйкес басқа да санаттардағы білім
алушылардың тең қолжетімділігін көздейтін даму мүмкіндіктері шектеулі адамдарды бірге оқыту мен
тәрбиелеу, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдау
;
10) бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға формативті бағалау кезінде оқытудың
мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым (табыс критерийі) және ішкі жиынтық
бағалау кезінде білім алушының жұмысты қаншалықты орындағанын бағалауға мүмкіндік
беретін
тұжырымдар (балдарды қою критерийлері);
11) білім беру процесін мониторингтеу – білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге
асырудың нәтижелері мен жағдайларындағы өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау
, талдау, бағалау және жай-күйін болжау;
12) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін регламенттейтін және тиісті
білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін
айқындайтын құжат;
13) формативті бағалау – сабақта және/немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында білім
алушылардың меңгерген білімдері мен қалыптасқан дағдыларының ағымдағы деңгейін айқындайтын және
ол оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын
, білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын
және оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау.
7. "Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде бастауыш білім
берудің белгілі бір білім беру саласына енетін пәндер бойынша ұзақ
мерзімді сипаттағы мақсаттар
жүйесі түріндегі оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген.
8. "Бастауыш білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде типіне, түріне және
меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті
бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі көрсетілген.
9. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген
бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, бастауыш білім берудің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын меңгеру мерзімі, топтарға бөлу үшін сыныптардың толымдылығы көрсетілген.
10. Стандарт кезеңмен-кезеңмен:
1) 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда;
2)
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 25.04.2015
№ 327
қаулысымен.
3)
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша 01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 25.04.2015
№ 327
қаулысымен.
4)
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 25.04.2015
№ 327
қаулысымен.
Достарыңызбен бөлісу: