Руководство по проведению самооценки для институциональной аккредитации высших учебных заведений



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет5/58
Дата01.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2587
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
13
болып, абыройын түсіруі мүмкін. Тиісінше, ЖОО өзінің барлық қызметі, әртүрлі 
деңгейдегі барлық шешімдері ЖОО-ның миссиясы, көрінісі және стартегиясымен 
келісілгендігін қамтамасыз етуі тиіс.  
Стратегияны жүзеге асыру барысында әруақытта өзгеріске ұшыраған, алдын 
ала ойластырылмаған жағдайлар, ғаламдық өзгерістер және т.б. негізінде пай-
да болатын ілеспелі тәуекелдер болып тұрады. Ішкі және сыртқы жағдайды тал-
дау негізінде кейбір тәуекелдерді айтарлықтай дәлдікпен есептеп шығаруға бо-
лады  және  стратегияны  жүзеге  асыру  қаупі  мен  өзгерістер  жағдайында  жүзеге 
асырудың балама жоспарлары әзірленуі мүмкін.
8.2 Бағалау өлшемдері
«8.2.1 ЖОО мүдделі тұлғалар, білім алушылар мен мемлекеттің қажеттілігін 
қанағаттандыруға бағытталғанын және ЖОО-ның нақты орнын талдау негізінде 
көрінісін, миссиясын және стратегиясын әзірлеуін көрсетеді».
•  ЖОО-да  оның  нақты  орнын  талдау  жүргізіледі  ме?  Талдау  қалай 
жүргізіледі,  кіммен  және  қандай  мақсатпен?  Талдау  нәтижелері  қандай  бол-
ды  және  анықталған  нәтижелер  стратегиялық  жоспарлау  мақсатында  қалайша 
қолданылды? 
•  ЖОО-ның  стратегиялық  құжаттары  мүдделі  тұлғалар,  білім  алушылар  мен 
мемлекеттің қажеттілігіне қалайша сәйкес келеді? ЖОО-ның стратегиялық құжаттары 
мүдделі тұлғалар, білім алушылар мен мемлекеттің нақты қандай қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  бағытталған?  ЖОО  мемлекеттің,  білім  алушылардың  және 
мүдделі  тұлғалардың  қажеттіліктерін  қалайша  анықтады,  белгіледі,  дәйектеді? 
ЖОО-ның мүдделі тұлғалар шеңберіне кімдер кіреді және неге? 
«8.2.2 ЖОО миссия мен стратегияның даралығын және бірегейлігін, олардың 
дамудың ұлттық басымдығымен сәйкестігін көрсетуі керек».
• Стратегиялық құжаттар қалай әзірленді – қаншалықты олар ЖОО-ның бол-
мысы мен даралығына, оның қызметіне сәйкес келеді және оны қалай тексеруге 
болады? 
• Стратегиялық құжаттардың ұлттық даму басымдықтарына сәйкестігін талдау 
қалай жүргізілді? Стратегиялық құжаттар қандай ұлттық басымдықтарға сәйкес 
келеді және қалайша? Неліктен дәл осы басымдықтарға?  
«8.2.3  ЖОО  көріністің,  миссияның  және  стратегияның  ЖОО-да  бар 
ресурстарға  (осының  ішінде  қаржылық,  ақпараттық,  кадрлық  құрамына, 
материалдық-техникалық базаға), нарықтың қажеттілігіне және ҚР білім беру 
саясатына адекваттығын қамтамасыз етуі қажет».
•  Қолда  бар  ресурстарды  (қаржылық,  ақпараттық,  кадрлық  құрамы, 
материалдық-техникалық  база)  талдау  қалай  жүргізілді  және  осы  талдаудың 
нәтижелері қандай түрде келтірілді? Мысалы, ЖОО оқу жылының басында жаңа 
білім  алушылар  контингентіне  арналған  компьютерлер,  дәрісханалар  және  т.б. 
жеткілікті екенін қалай есептейді? 
• Стратегиялық құжаттарды әзірлеген кезде ресурстарды талдау нәтижелері 


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
14
қалайша қолданылды? 
• Білім беру қызметтері нарығының қажеттіліктері қалайша және қандай пер-
спективаларда  талданды?  ЖОО-ның  көзқарасы  бойынша  нарық  қажеттіліктері 
деген не және неге дәл солай? Нарық қажеттіліктерін түсінуге жұмыс берушілер 
тартылды  ма  –  тартылса,  қалай,  кімдер,  неге  дәл  осы  жұмыс  берушілер  және 
ЖОО  қалайша  олардың  пікірлерін  жинады?  ЖОО  осы  талдаудың  дәлдігіне, 
адекваттылығына  және  растығына  қалайша  кепілдік  берді?  Стратегиялық 
құжаттарды  әзірлеген  кезде  нарық  қажеттілігін  талдау  нәтижелері  қалай 
қолданылды?  
• ЖОО өзінің стратегиялық құжаттарын Қазақстан Республикасының білім беру 
саясатына  қалайша  сәйкестендірді  –  нақты  қандай  аспектілерде  ұстанымдары 
үйлесімді, қай жерінде үйлесімсіз және неге? 
«8.2.4  ЖОО  көріністі,  миссия  мен  стратегияны  қалыптастыруға  мүдделі 
топтардың  өкілдерін,  студенттерді,  профессорлық-оқытушы  құрамын  және 
жұмыс берушілерді тартуы қажет».
• ЖОО-ның көрінісін, миссиясы мен стратегиясын қалыптастыру мен әзірлеу 
барысында мүдделі тұлғалар қандай рөл ойнады? 
•  Стратегиялық  құжаттарды  қалыптастыруға  қатысу  үшін  мүдделі  тұлғалар 
қалайша таңдалды? ЖОО таңдалған мүдделі топ өкілдерінің көрнектілігіне (жеке 
топ өкілінің жалпы топ мүддесіне сәйкестігі) қалай кепілдік берді? 
• ЖОО стратегиялық құжаттардың мазмұнына барлық мүдделі тұлғалардың 
ықпал ету мүмкіндігі бар екендігіне қалайша кепіл берді? 
• Стратегиялық құжаттарды бекіткен кезде мүдделі тұлғалардың дауыс беру 
құқығы болды ма? Қандай да бір стратегиялық құжаттарды бекітуге қарсы дауыс 
бергендердің болуын куәландыратын құжаттар бар ма?
«8.2.5  ЖОО  көріністі,  миссияны,  стратегияны  қалыптастыру  үдерістерінің 
айқындығын көрсетеді. ЖОО мүдделі тұлғалардың миссия мен стратегияның 
мазмұны  және  оны  қалыптастыру  үдерістері  жөнінде  хабардар  болуын 
қамтамасыз етеді».
• ЖОО-ның стратегиясын әзірлеу, қалыптастыру, бекіту және жүзеге асырудың 
(соның ішінде жүзеге асырудың нәтижелері) барлық аспектілері туралы ақпаратты 
ЖОО қалай таратады? 
• ЖОО оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар жалпы алғанда мис-
сияны,  көріністі  және  стратегияның  негізгі  ережелерін  білетіндігіне  кепіл  бере 
алады ма және қалайша? ЖОО білім алушылар, қызметкерлер, оқытушылар мен 
ЖОО-ның  әріптестері,  соның  ішінде  жұмыс  берушілер  стратегиялық  құжаттар 
мен жоспарлардың соңғы өзгерістері туралы хабардар етілгенін растай алады ма 
және қалайша?
• ЖОО-да оның стратегиясын, миссиясы мен көрінісін қалыптастыру мен жүзеге 
асыру жөніндегі ақпарат (соның ішінде өзекті) тарататын арнайы ақпараттық ре-
сурс (веб сайт, стенд және т.б.) бар ма? 
• ЖОО-ның стратегиясы, миссиясы мен көрінісін қалыптастыру және жүзеге 
асыру үдерістері  туралы  ақпаратқа мүдделі  тұлғалар  қалай қол жеткізе алады? 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау