РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
11
Өлшемдер талаптардың әртүрлі деңгейлерін орнатады:
•
«міндетті», «тиісті» - бағдарламаны аккредиттеуден өткізу үшін орындауға
міндетті
талаптарды білдіреді;
•
«маңызды фактор» - аккредиттеу туралы шешім қабылдау кезінде
артықшылық беретін, орындауға басымды, бірақ міндетті емес талаптарды
білдіреді;
•
«мүмкін» - өлшемді орындаудың ықтималды нұсқау мысалдары бар
жерде қолданылады.
8. Стандарт «Көрініс, миссия және стратегия»
ҚР жоғары оқу орындары білім беру ұйымдары ретінде ҚР қолданыстағы
заңнамасы талаптарына толық сәйкес келуі тиіс. Аккредиттеу еш уақытта да ЖОО-
ны ҚР заңдары және басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер бой-
ынша жауапкершіліктен босатпайды.
ЖОО-лар, кез келген ұйым сияқты, өз қызметінде ҚР білім беру кеңістігіндегі
ЖОО-ның орнын және ұйым қызметінің барлық түрлерінің мазмұнын айқындайтын
өзінің миссиясына сүйенуі тиіс. ЖОО өзінің миссиясы негізінде жақын келешектегі
ЖОО-ның жүзеге асыратын негізгі даму бағыттарын қамтып көрсететін жеке
көрінісін қалыптастырады. Миссия мен көрініс жалпы ЖОО-ның стратегиясын
және жекелеген бөлімшелер, деңгейлер мен бағыттар қызметінің стратегия-
ларын (қызметтік стратегиялар, мысалы, ЖОО-ның маркетингтік стратегиясы)
қалыптастыру үшін қызмет етеді. Стратегия ЖОО жақын уақытта жеткісі келетін
стратегиялық мақсаттар мен стратегияны жүзеге асыру жылдарында ЖОО-ның
өз стратегиялық мақсаттарына қаншалықты жақындағанын бағалайтын нысанды
индикаторлары негізінде қалыптасады. Содан кейін, стратегияны жүзеге асыру
жоспары шеңберінде ЖОО стратегиясының неғұрлым жалпылама ережелері жете
бейнеленеді: жекелеген стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті жау-
апты
тұлғаларды,
мерзімдерді, әдістер мен ресурстарды белгілеу арқылы.
Аккредиттеу шеңберінде көрініс, миссия, стратегия(лар) және іс-қимыл жо-
спарларында, яғни стратегиялық құжаттарда көрсетілген өз мақсаттарына жету
бойынша ұйым қызметінің нәтижелілігі ретінде анықталатын ұйымның тиімділігін
бағалау маңызды рөл ойнайды. Осы құжаттар ұйымды және оның барлық қызмет
түрлерін стратегиялық басқару үшін негіз болып табылатын кез келген ұйымның аса
маңызды және негізгі ережелер кешенін қалыптастырады. Сондықтан ЖОО-ның
барлық қызметтері аккредиттеу үдерісі мен өзін-өзі бағалау шеңберінде салалық
стандарттардан басқа ЖОО-ның стратегиялық құжаттарына сәйкестік тұрғысынан да
бағаланады: ЖОО кем дегенде өзінің барлық қызметінің стратегиялық құжаттарда
көрсетілген мақсаттар мен әдістерге қайшы келмейтінін дәлелдеуі тиіс, ал ең көп
дегенде ЖОО өзінің барлық қызметтері ЖОО-ның миссиясы, көрінісі, стратегиясы
және жоспарларына сүйене отырып басқарылатынын әрі әзірленгенін көрсетуі тиіс.
Стратегиялық құжаттарды қайта қарау, бекіту, талқылау, қалыптастыру, әзірлеу
үдерісі бұйрық, ереже немесе ЖОО-ның басқа басқарушылық құжаты ретінде
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
12
бекітілуі тиіс. Осы құжат әрқашан барлық мүдделі тұлғалар үшін, ең алдымен,
оқытушыларға, қызметкерлерге, білім алушыларға, сыртқы ортаның өкілдеріне
қол жетімді болуы тиіс.
Стратегиялық құжаттарды әзірлеу ЖОО-дағы қазіргі ішкі жағдайды талдау-
дан, білім беру кеңістігіндегі ЖОО-ның орнын талдаудан, білім беру қызметінің
нарығын талдаудан және ЖОО-дағы үдерістерге тікелей немесе жанама түрде
ықпал ете алатын талдаудың басқа да түрлерінен басталуы тиіс. Тиімді тал-
дау тек ЖОО-да ЖОО-ның ішіндегі және сыртындағы жағдайы туралы сапалы
және статистикалық ақпаратты жинаудың жүйесі, сондай-ақ, уақыт кеңістігінде,
яғни жылдар бойы, мәліметтерді талдауға мүмкіндік беретін және мәліметтер
сақталатын деректер қорынын жұмыс істеген жағдайында ғана мүмкін. Сараптау
комиссиясы ЖОО-да ақпаратты сақтау, талдау және жинау жүйесін күтіп, соны-
мен қатар олардың ауқымы мен тиімділігі комиссияның бағалауына әсер етеді.
Талдау нәтижелері негізінде ЖОО өз қызметінде болайын деп жатқан неме-
се жүргізіліп отырған бірқатар мәселелерді, және ЖОО-ға сыртқы ортадан келуі
мүмкін перспективаларды бөліп көрсетеді. Мәселелер мен перспективалар
негізінде
ЖОО-ның миссиясы, көрінісі және стратегиялық мақсаттары құрылады.
ЖОО-ның стратегиялық құжаттары ұйымның барлық бөлімдерінде және
оның қызметі аясындағы ұйымның сыртындағы жағдайды дәлме-дәл талдауға
негізделмесе оған сәйкес бола алмайды. Сондықтан, жекелеген жұмысшылар,
білім алушылар деңгейінде пайда болған мәселелер де стратегиялық құжаттарды
қалыптастыру үдерісінде есепке алынуы тиіс. Бұл өз кезегінде барлық мүдделі
тұлғалардың инновациалық ұсыныстары мен бастамаларын тыңдау және өкілеттік
қағидаты негізінде осы үдеріске барлық болуы мүмкін мүдделі тұлғаларды тарту
қажеттілігін алға тартады.
Стратегиялық құжаттарды жүзеге асыруда басшылық қана емес, сонымен бірге
ЖОО-мен тікелей байланыста болатын қызметкерлер, оқытушылар, білім алу-
шылар, сыртқы орта қатысады – дәл осы адамдар ұйымның күнделікті тіршілігін
қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес, ЖОО барлық мүдделі тұлғалар стратегиялық
құжаттардың мазмұны мен түріне қатысты барынша толық ақпаратты алғанын
қамтамасыз етуі тиіс, яғни стратегиялық құжаттарды қалыптастыру үдерісін ба-
рынша айқын болдыруы тиіс, әйтпесе орындаушылардың миссия, көрініс және
стратегияны білмеуі стартегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды сәтсіздікке
соқтыру әбден ықтимал.
Стратегия мен оны жүзеге асыру жоспарын бекітіп, оларды орындау туралы
бұйрықтарды шығару жеткіліксіз. Стратегияның кейбір ережелері нақты емес,
жұмыс істемейтін болып шығуы мүмкін, кейбір мақсаттар нақты қажеттілікке
сәйкес келмеуі мүмкін – стратегияны жүзеге асыру үдерісі барысында олқылық
немесе тосқауылдар пайда болған жағдайда бастапқы жоспарға өзгеріс енгізу
үшін ұдайы және назардан тыс қалдырмай байқап отыру керек.
Стратегиялық құжаттар ЖОО-ның барлық бөлімшелері мен қатысушылары
бағдар алатын ЖОО-ның бірыңғай бағытын қалыптастырады. Әйтпегенде мис-
сия, көрініс және стратегияны жүзеге асыру тосқауылдар мен шиеленістерге тап