99
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
2. Дүлдүл
Р.
Демократиялық
мемлекеттің
негізгі
белгілері
туралы.
// Ақиқат. - 2010. - №3. -25-32 бб.
3. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқу құралы.
– Астана: Фолиант, 2001. – 220 б.
ӘОЖ 001
ҚОҒАМНЫҢ АДАМИ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН
ЖАҢАРТУ ҮДЕРІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Осы мақалада білім беру жүйесі арқылы адами капиталдың дамуының өзектілігі
қарастырылады. Білім берудің маңызы, жаһандану үдерістерінің талаптарына сәйкес білім
мазмұнын жаңарту қажеттілігі негізделген. Білім беру субъектілері арасында әлеуметтік
жауапты қатынас пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық және
жалпыға ортақ құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.
Кілттік сөздер: халықаралық ынтымақтастық, білім беру, инновациялық идеялар.
В данной статье рассматривается актуальность развития человеческого капитала
общества через систему образования. Обосновывается ценностный смысл образования,
необходимость обновления содержания образования в соответствии с требованиями
глобализационных
процессов.
Отмечаются
проблемы
формирования
социально
ответственного отношения и патриотических качеств у субъектов образования, а также
сохранения национальных и общечеловеческих ценностей.
Ключевые слова: международное сотрудничество, образование, инновационные идеи.
This article discusses the relevance of human capital development of society through the
education system. Substantiates value and meaning of education, the necessity for updating the content
of education in accordance with the requirements of globalization processes. There have been problems
in the formation of socially responsible attitudes and Patriotic qualities of the subjects of education, and
the saving of national and universal values.
Key words: international cooperation, education, innovative ideas.
Әлемдік жаһандану жағдайында халықаралық ынтымақтастықтың күшейуімен қатар әр
мемлекет өзінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуді көздеуі заман талабына айналуда.
Мемлекеттің қарқынды дамуы оның жер асты байлығымен, қарулық күшімен, экономикасының
дамуымен ғана өлшенбеуі керек, мемлекеттің дамуында негізгі факторлардың бірі –
адами
капиталдың даму деңгейі, адами құндылықтар сапасы.
Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып
қалыптасқан ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, көп ғасырлық мәдениетті сақтап,
оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізе отырып меңгертуде білім беру үрдісінің маңызы өте зор.
Сондықтан бүгінгі таңда өндірістік, әлеуметтік қатынастардың күрделенуіне байланысты
адами ресурс сапасын жақсарту мәселесі өзектеніп,
білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік
деңгейде өзгере бастады, себебі білім беру - мемлекеттің өркендеуінің негізгі қозғаушы күші,
оның бәсекелестігін сақтаудағы негізгі басымдықтарының бірі және қоғамның адами капиталын
дамытудың іргетасы.
Осыған орай атақты Абылай ханымыздың:
«Білекке сенген заманда - ешкімге есе
бермедік. Білімге сенер заманда - қапы қалып жүрмейік» - деп ескерткен сөздері бүгінгі күні де
білім беру жүйесінің алдында тұрған өте жауапты әлеуметтік міндетке айналуда. Сондықтан күні
бүгінге дейін педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі ретінде саналып келе
жатқан «
білім беру» ұғымын қазіргі таңда кең мағынада маңызды
әлеуметтік құбылыс ретінде
қарастырған дұрыс.