96
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Демократия – құбылмалы болғандықтан және бірауызды еместігінен, ол көпшіліктің
тұрақты өкіметі емес, әдетте әр түрлі жеке адамдардан, топтардан және біріккен пәтуә
негізінде құрылады. Бір де бір топ қазіргі батыс қоғамындағы басқа қоғамдық қауымдастың
қолдауына сүйенбей өкіметті жеке-дара иемдене алмайды және шешім қабылдауға
қабілеттері жоқ. Құрамдас, наразылық топтар өкіметі жеке-дара иемдену тенденциясын
тоқтатып, қажетті әлеуметтік қарама-қарсы тойтарыс беріп, жағымсыз шешімді қоршап
алулары мүмкін.
Демократияның дәлелдеуіндегі кең таралған басқа да құндылықтары өздерінің
нанымдылығымен ерекшеленбейді, мәселен оның теңдікпен теңдестіруі және әлеуметтік
әділеттілік. Бұл түсініктердің өзі жеткілікті бір мағынада емес әр түрлі адамдармен, сондай-
ақ ғалымдармен түсіндіріліп жүр.
Демократияның негізгі қағидасы - әділдік. Әділдікті – адамдардың көріп, есту
түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінуімен байқайды.
Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамды әділетсіздік
жайлайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер
адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге аспаған
жағдайда «халық билігі» құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның
табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының
өмір сүріп, бұзылмауына елдің Конституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы
тиіс.
Қазірге өмірде көпшілік азаматтардың құрметі бойынша теңдіктің құндылықтары әр
адамға бірдей өмірлік мүмкіндік беруінде, жеке адамның өзіндік даму мүмкіндіктері немесе
әр адамның еңбегіне, істеген қылығына қарай алулары. Осындай теңдік әлеуметтік тепе-
теңдікке және әділетсіз теңсіздікке қарама-қарсы әділеттік болып саналады.
Демократия теңдік мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету және істеген еңбегіне қарай
құрметтеу істерімен әлсіз байланыста. Ол тек барлық азаматтардың формальдық теңдігін
білдіреді, яғни, олардың тепе-теңдігі заңды түрде ғана. Оның қамтамасыз етілген саяси
теңдігі адам өміріндегі мүмкіндіктер теңдігінің шындығынан өте алыста және әлеуметтік
теңсіздікті жтығып тұратын перде ретінде қолданылады.
Демократияның бостандықпен, теңдікпен және тұтастай гуманизммен әлсіз
байланысын есепке ала отырып, оны адамзат құндылығының ең бір негізін қалаушы болып
табылатын әлеуметтік әділдікпен теңестіретін ешқандай негіз жоқ [1, 118].
Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы – демократиялық мәдениетті
меңгеру. Бұл бізде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір-біріңді тыңдай
білу, барлық адамды қызметі мен лауазымына қарамай, теңдей көру, т.с.
Түрлі көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай демократия
болмайды. Көзқарас, пікір ашық айтылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды.
Егер ел демократиялық деп сыртқа айтылып, ал іс жүзінде оның негізгі принциптері
орындалмайтын болса, онда оны демократиялық қоғам, құрылым деп айта алмаймыз. Яғни,
демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оның өзгеріп, алға жылжуына
септігін тигізеді. Осы кезге дейін демократиялық жүйенің өз артықшылықтары мен кемшіліктері
болып келді. Бұл құрылым - әр елде өзінің жағдайына қарай бұдан кейін де дамып, өз
табиғатына байланысты өзгеретін, алға жылжып, өзін - өзі толықтырып отыратын
демократиялық қоғам.
Мемлекеттің барлық түрі заң арқылы өмір сүреді. Шексіз билік иелері-патшалар мен
диктаторлар да императорлар мен корольдар да заң арқылы билік құрады, өздерінің әділетсіз
істерін де жарлықың қалқасында жүргізеді. Сондықтанда заңның бәріне бас иіп, соның
айтқанымен жүру барлық уақытта жақсылық бере бермейді. Мемлекет жариялаған заңның бәрі
халық шығарған заң болып табылмайды. Тек қана халықтың қатысуымен өмірге келген заңдар
ғана демократиялық жүйенің кепілдігі болып саналады. Кейбір жағдайларда билік иелері
халықтың
талқасына
түспеген,
қолдау
алмаған
заңдарды
да
97
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
өмірге ендіріп, азаматтардан сол заңды толық ұстануды талап етеді. Ондай заңдарды
орындамауға, оны өзгертуге күш салуға азаматтардың толық құқығы бар.
Халық өзінің билігін өздері сайлаған өкілдері арқылы жүргізеді. Халықтың өкіметті
басқаруы-аса күрделі мәселе. Мемлекеттің барлық азаматтарының топырлап үкімет орындарына
немесе заң шығару орындарында отыруын көз алдымызға елестете де алмаймыз. Және
мойындауымыз керек, мемлекетті басқару оңай жұмыс емес, кез келген адамның қолынан келе
бермейді. Олардың міндеті-халықтың ұсынған мәселесін, көрсеткен жобасын жүзеге асыру.
Халықтық мемлекет билігіне араласуын қолдамайтындар «Машинаны бірнеше адамның бір
мезгілде басқарғанын көз алдарыңызға елестеп көріңдерші,-деп дау айтады,- біреуі рільді бұрып,
енді біреуі жылдамдықты басып, үшіншісі- тежегішті жібермей келе жатса, не болады?. Одан да
басқаруды бір адамға тапсырайық, қайда баратынымызды, қалай жүретінімізді соның өзі білсе
жетіп жатыр. Ал басқаларымыз сол машинаның ішіндегі жолаушылар боламыз….»
Бір қарағанда, бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, сол жүргізушілерге басқару өкілдігін халық
қана бере алатынын есімізден шығармайық. Үкіметті басқаратын жандар мен қоғамның өмір
сүру заңдарын дайындайтын, оны бақылайтын адамдардың тобы сайлау арқылы бекітіледі,
оларға нақты жауапкершілікті жүктеу арқылы ғана жүзеге асады. Сонда ғана олар халық
өкілдері болып саналады. Талай билік иелері мен көсемдер халықты бақытты өмірге жеткіземіз
деп «рульді» қолдан жібермей, мықтап ұстағанын тарихтан жақсы білеміз. Сол бағыттың
дұрыстығына күмән келтірген немесе қателік көрсеткен жандарды басқаларға сабақ болсын деп,
машинадан лақтырып кеткендері де белгілі.
Халық өздеріне берілген құқықтарды пайдалана отырып, өздері сайлаған жандардың
билігін бақылай алады. Халық бақылауының жолдары көп. Бірақ ең негізгі жол-қоғамдағы
жариялылықтың сақталуы. Мемлекетте қандай жаңалықтардың болып жатқанын білу-әр
адамның табиғи құқығы, ал сол ақпараттарды үзбей жариялап отыру-үкіметтің халық алдындағы
міндеті болып табылады.
Демократия барлық адамдарды теңдестіреді. Стихиялық шешім қабылдатады, қызмет
адамдарын қабілетіне біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп, Платон да жақтырмады,
сондықтан ол демократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп қарады.
Дегенмен антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар. Фалсафатшылар ғасырлар бойы
зейін қойып зерттеп, сүйеніп, жүгініп келеді. Ежелгі Грек, рим демократиясының нышандары
жаңа тарихқа енді. Мысалы, қәзір ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси
жүйенің принциптері жаңа деңгейде қайталанғандай: президенттік билік-патшалық билігі, сенат-
аристократы, өкілдер палатасы-халық трибунатын бейнелеп тұрғандай Заңның үстемдігі, Заң
алдындағы барлық азаматтардың теңдігі, саяси құқықтардың теңдігі және т.б. сияқты антикалық
дәуірде бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас бөліктеріне
айналады.
Жаңа дәуірдегі демократияның дәстүрлі сорабы да сонау көнезамандық ой сүрлеуінен
бастау алады. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі, ең алдымен, барлық
адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысу керек деген тазиске байланысты. Оны
«қоғамдық келісім» деген еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси
прцеске өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда
болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады [2, 25].
Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер қайрат негізінде
қалыптасады адамдар не жақсы не жаман екенін бірігіп анықтайды. Бәрі бір бас қосқан пікір
сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі.
Сөйтіп, жалпы жұрттың иқтиярын көзқарастарын жинап топтастырып, ортақ игілікке жетудің
шешімін қабылдайды.
Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, келе әр
түрлі топтардың жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірлестіктері түрінде жүргізілетін болады.
Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін
күресуге айналады. Мұндай жағдайда халыққа екі-ақ қызмет атқаруға тура келді:
1) Саяси серкелерді, басшыларды сайлау;
Достарыңызбен бөлісу: |