95
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
Казақстан Республикасының Конституциясының нормаларын, қағидаларын, принциптерін
шетелдік мемлекеттер, ұйымдар мен азаматтар бұзбауға тиіс. Казақстан Республикасы оның
Конституциясына кайшы келмейтін халықаралық актілерге ерікті түрде қосылады.
Казақстан Республикасының катысуымен жасалатын халыкаралық шарттар оның
Конституциясына қайшы келмеуге тиіс. Аталған мән-жайлардың себебінен Казақстан
Республикасында оның Конституциясын Казақстанның ішіндегі, сондай-ақ оның шектерінен
тыс барлық субъектілердің қатаң сақтау қажеттілігін талап ететін біртұтас конституциялык
зандылық мойындалады. Конституциялық зандылык әрекетінің сыртқы қырына әдебиетте
жеткілікті назар аударылмайтынын айта кету керек.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. - Алматы:
Жеті Жарғы, 2004. – 25 б.2. Сапаргалиев Г., Мухамеджанов Б., Жанузакова Л., Сакиева Р.
Правовые проблемы унитаризма в РК. – Алматы: Жеті Жарғы, 2000. – 250 б.
2. Нурпейсов Е., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти к президентской
Республике. – Алматы: Жеті Жарғы, 2001. – 69 с.
3. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқу құралы.
– Астана: Фолиант, 2001. – 220 б.
ӘОЖ 342
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕГІ САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯ
Иманбаев Г.Б., Сериев Б.А.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
seriev_bolat@mail.ru
Бұл мақалада қазіргі кездегі жаһандану дәуірінде мемлекеттің жетілуінде
құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің
мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысы
қарастырылады.
Кілттік сөздер: жаһандану дәуірі, демократия, демократияның мақсаты, құқықтық
демократия, саяси өмір, саяси орган.
В данной статье одной из основных предпосылок развития государства в эпоху
глобализации является тесная связь с тем, какие методы и подходы имеют официальные
власти в решении проблем государства.
Ключевые слова: эпоха глобализации, демократия, цель демократии, правовая
демократия, политическая жизнь, политическая власть.
In this article, one of the main prerequisites for the development of the state in the era of
globalization is the close connection with what methods and approaches have official authorities in
solving the problems of the state.
Key words: the era of globalization, democracy, the goal of democracy, legal democracy,
political life, political power.
Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің жетілуінде құқықтық дамуының ен
негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай
әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.
Халықты алатын болсақ, онда ол саясаттың басты субъектісі ретінде әрекет етеді,
билік үшін күресуші әртүрлі бәсекелес топтардан тұратын күрделі, іштей қарама-қайшы
түзілімді білдіреді. Демократияның мақсаты – қоғамдағы әралуандылықты, плюриализмді
ынталандыру, барлық азаматқа бірігу, өз мүдделерін ашық білдіру мүмкіндігін беру.